Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет129/444
Дата03.10.2024
өлшемі3,59 Mb.
#146739
түріОқулық
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІІ БӨЛІМ.
 
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
М. Жұмабаев шығарған Шәңгерей дің 
шығармалар жинағы бүкіл халық тың 
рухани қазынасына ғана емес, жас 
талапкерлердің үлгі алар мектебіне, 
туып келе жатқан қазақ әдебиет тану 
ғылымының әдебиет тарихын жасау 
бағытындағы зерттеу жұмыстары-
ның нысанасына да айналды. Құ-
расты рып, алғысөз жазушылар сол 
ақынның өмірбаяндық деректерін 
келтіре отырып, оның өлеңдерін ақын 
өмір сүрген дәуірдегі тарихи оқи-
ғаларға немесе ақын өмірінде болған 
шындыққа назар аударып, жазылу 
себебін ашуға талпынған. Сонымен 
қатар, ақын шығармашылығын жи-
нап бастыру мен зерттеу жүргізу-
дің тарихнамасын баяндап отырған. 
Бұл 1920 жылдарының бас кезіндегі 
жинақтардағы алғы сөздерде жиі 
орын алды. Себебі, әдебиет туралы 
ғылымның туу процесінде әдеби-
тарихи білімдер системасының жи-
нақталуы мен шығармаға алғашқы 
теориялық талдау жасау – осы ғы-
лыми анықтамалық бағыттағы алғы-
сөздер мен түсіндірмелерден баста-
лады. Бұл тарихи-биографиялық 
си паттағы анықтамаларда ақын өмі-
рі, шығармалары туралы ғана емес, 
оның өмір сүрген дәуірі мен қазақ 
поэзиясындағы алатын орны жа-
йында да пікірлердің кездесуін қа-
зақ әдебиетінің тарихын жасау да-
ғы алғашқы ізденістер деп бағалау 
қажет. Мысалға С. Сейфуллиннің 
Ы. Алтынсарин жинағына жазған 
алғы сөзін алсақ та жеткілікті. Сә-
кен Ыбырайдың өнерпаздық тұл-
ғасын сөз еткенде педагогтік, ағар-
тушылық қызметін айта келіп, қа-
зақ прозасының негізін салудағы 
еңбегін ерекше атап, «ХІХ ғасырдағы 
қазақ әдебиетіндегі көрнекті тұлға» 
деп бағалайды. Қорыта айтқанда, 
20-жылдардың басында шыққан жи-
нақтардағы тарихи биографиялық, 
ғылыми анықтамалық сипаттағы 
ал ғысөздер мен түсініктемелер әде-
биетті ғылыми тұрғыдан тану мен 
әдебиет тарихы жасау бағытында 
жаңа жол ашты және оларда маркстік-
лениндік әдіснамаға сай еңбекші тап 
мүддесінен қарау орын ала қойған 
жоқ.
Салыстырмалы түрде көңіл ау-
да ратын болсақ, осы тарихи биог-
рафиялық, ғылыми-анықтама лық си-
пат 1920 жылдардың басындағы 
клас сикалық мұраны сөз еткен әдеби-
теориялық және әдеби-тарихи талдау, 
зерттеу бағытындағы ғылыми ой-
пікірге ортақ қасиет еді. Сол кезде 
шыққан С. Нұржановтың, М. Жұ -
мабаевтың, Б. Кенжебаевтың мақала-
ларындағы басты мақсат – сөз етіп 
отырған ақынның өмір жолын таныс-
тыру мен шығармашылығын наси-
хаттау болғаны байқалады. Әйтсе де 
сол ақынның өнерпаздық тұлғасын 
көрсететін, қазақ әдебиетінің тари-
хындағы орнын белгілейтін алғаш-
қы ғылыми бағалаулар мен пікірлер 
кездесіп қалып отырады.
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


146


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   444




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет