Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет130/444
Дата03.10.2024
өлшемі3,59 Mb.
#146739
түріОқулық
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІІ БӨЛІМ.
 
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
Мысалы, С. Нұржанов «Қазақ 
ақын дарының көш бастаушысы Абай 
Құнанбаев – данышпан адам. Қа-
зақтар оны айрықша қадірлейді және 
туған поэзиямыздың ұлы атасы, фи-
лософ, қазақ ақындарының ұстазы 
деп біледі», – деген ғылыми негізі 
бар пікір білдірсе, М. Жұмабаев Ақан 
өмірі мен өнерін ағылшынның атақты 
ақыны Оскар Уайльд тағдырымен са-
лыстыра отырып, кешегі зорлықшыл 
замандағы өмір жолы туралы ой 
қорытады. Ал Б. Кенжебаев Абайдың 
поэзиясындағы ағартушылық, әлеу-
меттік идеялардың жырлануы мен 
қазақ өлеңіне қосқан новаторлық 
еңбегін көрсете отырып, «Абай – 
халық ақыны» деп сол кезең үшін 
мәні зор ғылыми жаңа ой айтады. Бұл 
пікірлер, біріншіден, қазақтың өткен 
дәуіріндегі өнер иелерінің творче-
ствосына дәуір талабы тұрғысынан 
жаңаша көзқараспен бағалаудың 
белгісі болса, екінші жағынан, клас-
сикалық мұраны әдеби-тарихи тұр-
ғыда талдауға ұмтылған ғылыми-
зерттеушілік ой-пікірдің күрделене 
түскенінің де айғағы. Сонымен қа-
тар, революцияға дейінгі қазақ бас-
пасөзіндегі ғұмырнамалық мақала-
лардан басталған әдебиет пен 
көр кем творчество туралы әдеби-
тео риялық 
сипаттағы 
ғылыми-
сын шылдық ой-пікірдің 1920 жыл-
дар дың алғашқы жартысында-ақ 
өр кендеу, тереңдеуі арқылы әдеби 
бі лім жүйесі нақтылана, мазмұндана 
түсіп, әдебиеттің халықтығы де-
ген негізгі ұғымды ғылыми мәнде 
айта алатын дәрежеге көтерілгенін 
байқаймыз. Әсіресе С. Нұржанов 
пен Б. Кенжебаевтың тұжырымдары 
қазақ әдебиеттану ғылымының туу 
дәуірінде классикалық мұраның ха-
лықтық сипатын анықтау мақ са-
тында тұңғыш айтылуымен ғана 
емес, сол кезде пролеткультшыл-
дық бағыттың ықпалынан өріс алған 
нигилистік көзқарастағы және ке-
йі нірек басталған «тұрпайы соци-
ализм» әдісінің әсерінен Абай шы-
ғармашылығын ақтап алуға ұмты-
луымен де құнды.
Әдебиеттану ғылымының әдеби 
мұраны тарихи, ғылыми тұрғыда сөз 
етуден басталатын туу, қалыптасу 
процесі кезінде міндетті түрде шешіп 
алуға тиісті бірнеше проблема лық 
сұрақтар тұрады. Бұл сұрақтар ды 
анықтап алмай тұрып, жеке ғы лым 
саласы болып қалыптасуы мүм-
кін емес. Олардың ішіндегі ең ма-
ңыздылары – әдебиеттің ертедегі 
бастаулары қандай және ұлттық 
әде биет болып қашан қалыптасты, 
ең алғашқы ақындары кім деген сұ-
рақтар. Бұл сұрақтарды анықтап ал-
май тұрып, даму жолы мен басты 
ерекшеліктерін табу, даму дәуірле-
рін табу мүмкін емес. Біздің ойы-
мызша, осы мәселелердің ғылыми 
тұрғыда қарастырыла бастауынан 
сол әдебиеттің тарихын зерттеу проб-
ле масы көтеріледі де, әдебиеттану 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


147


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   444




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет