Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет164/444
Дата03.10.2024
өлшемі3,59 Mb.
#146739
түріОқулық
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІІ БӨЛІМ.
 
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
басталған әлеуметтік сарын Махам-
бет поэзиясында күрескерлік мән-
ге ауысты, одан кейін Шортанбай, 
Мұраттарда діншілдік, зарлана кү-
ңі ренумен 
толығып, 
Ыбырайда 
ағар тушылық оқу-өнерге шақыру 
сипа тын қабылдағанын Абайға де-
йінгі қазақ поэзиясының өсу жолы 
ретінде көрсетеді. Жиырмасын шы 
жылдардағы әр түрлі мақалаларда 
айтылып қана жүрген осы ақындар 
шығармашылығына оқулық көле-
мінде алғашқы талдау жасауы, қолда 
бар деректердің сол кездегі ғылыми-
зерттеушілік ой-пікір тұрғысынан 
жүйеленуі, қорытылуы қазақ әдебиеті 
тарихын ғылымдық негізде зерт-
теуге алғашқы соқпақты салғанын 
көрсетеді.
М. Әуезов оны осы еңбектің со-
ңында «Бүгінгі мақсат – қазақ ел 
әдебиеті жұрнақтарын сыртқы түр 
мен мағынасына қарап әр түрінің 
орнын көрсету. Бұл кітаптың түп 
мақсаты сол болған соң, бір дәуірде 
бір түрлі өлең айтқан ақынның бә-
рін сынаудың орнына солардың 
ішінен мысал боларлық бірнешеуін 
алып, осылардың мысалын тексе-
румен әдебиет тарихының желісін 
тартып алмақшымыз. Әр жерде ша-
шылып қалған ескіге қарап, әдебиет 
тарихының ұзын жолынан қалған 
сүрлеуді тауып алуды талап етіп отыр-
мыз», – дей келіп, «Қазақ әдебиетінің 
тарихы зар заман дәуірінен соң 
Абайға келіп тіреледі. Енді Абайға 
көшеміз», – деп қорытады. Әрине, 
қазақ әдебиеттану ғылымының өріс-
теп дамыған қазіргі кезеңнің та-
лап-тілегімен қарайтын болсақ, оқу-
лықтағы «бірыңғай ағым» теориясы 
мен «тұрпайы социологизм» теория-
ларына сай көзқарастағы пікірлерін 
сол дәуірдегі тек бізде ғана емес, 
бүкіл кеңес әдебиеттану ғылымында 
орын алған осы концепциялардың 
ықпалы деп түсінген дұрыс. Сол 
кездегі «ұлтшыл-алашордашыларға» 
қарсы күрестің бір шеті М. Әуезовке 
де тиіп, шығармалары сыңаржақ 
солақай сыншылдыққа ұшырап жат-
қанын ескерсек, оқулықтың бүкіл ти-
ражының баспадан шықпай жатып 
жиналып алынып, таралмай қалуына 
таңдануға болмайды. Идеялық ны-
санасы қате деп танылып, мектеп-
тер мен жоғары оқу орындарында 
практикалық арнасын таба алмауына 
заман, дәуір ағымы кінәлі еді. Оқулық 
кеңес дәуіріндегі ой-көзқарасқа сай: 
«М. Әуезовтің 1927 жылы шыққан 
«Әдебиет тарихы» атты кітабы 
маркстік методология тұрғысынан 
қарағанда «бірыңғай ағым» теориясы-
на ойысатын елеулі қате-кемшіліктері 
бар еңбек болатын. Алайда бұл еңбек 
қазақ әдебиеті тарихын зерттеу тала-
бымен құнды», – деп бағаланды [17, 
110]. Халық ауыз әдебиетінің кейбір 
үлгілерін, Бұқар, Шортанбай, Мұрат, 
Ыбырай Алтынсарин өлеңдерін тал-
дау барысында ұшқары айтылған ой-
пікірлер М. Әуезовтің кейінгі жыл-
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


182


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   444




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет