ІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
пікір білдірген Радлов, Потанин, Ди-
ваев, Мелиоранскийлердің ойларын
келтіріп отыруы мен жарияланған
ауыз әдебиеті үлгілерінің биб лиогра-
фиялық көрсеткішін беруі еңбектің
ғылыми-зерттеушілік сапасын артты-
ра түскен.
1920 жылдардағы мектепке ар -
налған оқу құралдары мен ғылыми-
зерттеушілік сипаты айқын осы
тәріздес еңбектер қазақ әдебиеттану
ғылымының туу процесінде әде-
биеттің дербес пән болып оқы-
тылуының, алғашқы оқулықтар мен
хрестоматиялардың
жазылуының
мә ні зор екенін айқындап берді.
Себебі, оларда классикалық мұраны,
жеке ақын шығармашылығын сөз
еткен мақалалардағы әр қилы ой-
пікірлер екшеле келіп, ғылыми жү-
йеде тұжырымдалуы арқылы қазақ
әдебиетінің тарихи курсын жасау мен
дәуірге бөлу проблемасын біршама
дұрыс шешуге деген маңызды қадам
жасалды.
Кеңес мектептерінде 1930 жыл-
ға дейін әдебиет сабағын шын мә-
ніндегі дербес пәндік сипатқа ие
бола алмағандығы тарихи дерек-
терден мәлім. Қазақ әдебиетін бы-
лай қойғанда, оқулық жасаудың
дәстүрі бар, әдебиетті оқудың негізі
біршама салынған, классикалық мұ-
расы өте бай орыс әдебиетінің өзі
пәндік сипатқа толық ие бола алмай,
сол кездегі кеңес педагогикасын-
да орын алған «Бригадалық әдіс»
әдіснамасына негізделген «кешенді
бағдарлама» ықпалында болды. Мем-
лекеттік Ғылыми кеңестің (ГУС)
«Кешенді бағдарламасы» кезінде
әр пәннің өз жүйесі бұзылып, олар
ком плекс тақырыптарға бағындыры-
лып оқытылды. Әдебиет пәнінде
көр кем шығарма белгілі бір кешен-
дік, қоғамдық тақырыпқа жәрдемші
факті ретінде алынып, тарихи құ-
былыс, қоғамдық құрылыс, саясат
жайындағы түрлі материалдардың
тек дәлелдеушісі, көмекшісі мінде-
тін атқарды. Оқулық пен бағдарла-
ма, көркем әдебиет шығармасы осы
мақсатқа идеялық мазмұн үндестігі
жағынан ғана қарастырылды.
БК(б)П Орталық Комитетінің 1931
жылдың 5 қыркүйегіндегі «Баста-
уыш және орта мектеп туралы», 1932
жылғы 25 тамыздағы «Бастауыш жә-
не орта мектептің оқу бағдарлама-
лары мен режимі туралы», 1935 жыл-
ғы 7 тамыздағы «Бастауыш, орталау
және орта мектептер үшін оқулықтар
шығару және сату туралы» тарихи
қаулыларында осы сияқты прин-
ципиалды қателермен бірге, теріс
көзқарастардың орын алғаны атап
көрсетіле келіп, оқу бағдарламаларын
ғылыми тұрғыда қайта жасау, жүйелі
түрде оқытуды жоспарлау сараланып
көрсетілді. Мектептегі басқа пәндер
сияқты әдебиет бағдарламалары осы
қаулылардың талаптарына сай қай-
тадан қаралды. Қаулыларға байла-
нысты қазақ әдебиеті жеке пән ретін-
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У