ІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
азаматтық романтизмнің пайда бо-
луын атап-атап көрсетеді. Мысалы,
«В 1820-х годах Лимартин своей ли-
рикой создал религиозно-моралисти-
ческое течение французского роман-
тизма... Крупнейшим представителем
гражданского романтизма в Франции
был Виктор Гюго», «В Германии сна-
чала возник религиозно-моралисти-
ческий романтизм представленный
творчеством Новалиса и Гофмана.
Гражданский романтизм в Германии
не обладал ни отчетливостью идеа-
лов, ни сильными талантами», – деп
нақтыласа, орыс әдебиетіне келген-
де «Сначала в России развивался
религиозно-моралистичесий роман-
тизм, особенно ярко представленный
творчеством Жуковского», – деп жа-
зады. Бұларды М. Горький: «Керек
десе француз әдебиетінде лаулап
өскен романтизмнің жалпы бағыты
бірдей емес, бір жағы мистикаға
ұрынған нағыз реакцияшыл болса,
екінші жағы, өсіп әдебиет әлемінде
ірі өзгеріс жасаған романтизм», –
деп екіге жіктеп тастағаннан кейін,
кеңестік дәуірдегі әдебиеттану ғы-
лымында «революцияшыл роман-
тизм», «реакцияшыл романтизм» де-
ген атаулар пайда болды [66]. Оны
Ә. Байдилдин мақаласына байланы-
сты жоғарыда айтып өткенбіз.
Бұл тұрғыдан келгенде, «Әдебиет
танытқыштағы» діндар дәуір деп
отырғаны – діни-моральдық роман-
тизм, маркстік-лениндік әдіснама
бойынша айтсақ, реакцияшыл кер-
тартпа романтизм болып шығады. Ал
ділмар дәуір – азаматтық романтизм,
яғни қазірше атасақ, революция шыл
романтизм. Сындар дәуір – сын шыл
реализм атауының баламасы екені
анық. Бұдан шығатын қоры тынды:
А. Байтұрсынов әдебиет тари хын
тарихи кезеңдерге бөліп отырған
жоқ, әдеби дамудың заңдылығына
орай көркемдік әдіс тұрғысынан
дәуірлеп отыр. Олай болса, Абайға
дейінгі ақын-жыраулар, әнші ақын-
дар шығармашылығы реализммен
дамып келді де, сыншыл реализм-
ге ауысты деген пікір туындайды.
Әрине, ғылыми дәлелдеу қажет.
Абай қазақ әдебиетінде сыншыл
реализмнің негізін қалады дегенде
оның аспаннан түспегенін, әдеби
дамудың тарихи сабақтастығы бо-
йынша қалыптасқанын ғылыми не-
гіздеу қажет-ақ. Осы сыншыл реа-
лизм туралы сонау 1920 жылдары
А. Байтұрсыновтың сындар дәуір
деп атағанын ұмытпайық. Сын-
дар дәуірге деген ойлардың бәрі
де профессионалдық әдебиеттің
көркемдік әдісіне, алған бағытына
құйылатын таным-білік екені дау-
сыз. Рас, «Әдебиет танытқышта»
әде би ағымдар мен көркем образ, та-
қырып және идея, сюжет және ком-
позиция туралы әдеби-теориялық
тұрғыдағы жүйелі баяндалған тарау-
лар жоқ. Бұлардың қамтылмауы кем-
шілік болып табылмайды. Себе бі,
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У