Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет228/444
Дата03.10.2024
өлшемі3,59 Mb.
#146739
түріОқулық
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІІ БӨЛІМ.
 
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
пікірлерін, В. Г. Белинскийдің ғы-
лыми мұрасы туралы біржақты көзқа-
расын маркстік-лениндік әдіснама 
көп ұзамай қатты сынап, «Плеханов 
ортодоксиясы үшін» ұраны заман та-
лабынан шығып қалды. Алайда осы 
ұранға сай жазылған мақалалардағы 
әдеби-теориялық ой-пікірдің ізде-
нісін түбегейлі қате деп табу дұрыс 
емес. Заман талабына сай үстемдік 
құруға қолдан келгеннің бәрін жа-
сап жатқан маркстік-лениндік әдіс-
наманың қағида-қисындарына икем-
делу жолындағы ұмтылыстары бо-
латын. Өйткені, бұқарашыл ақын-
жазушылар «ұлтшыл және тап жауы» 
ретінде жойылғаннан кейін ұлттық 
әдеби-теориялық ой-пікірді дамы-
тушы төңкерісшілер ғана болды да, 
алға ұстар жалғыз-ақ бағыт қалды. 
Ол маркстік-лениндік әдіснама еді. 
Мәдениет пен өнер әдебиет пен 
ғылым партиялық басшылықтың, 
кеңестік идеология мен тап сая-
сатының құрсауына түскен кезде 
басқа барар жол да қалмағанды және 
ол төңкерісшілдердің тапшылдық 
көз қарасына сайма-сай келді. Бұл 
белгілі бағытта ізденістер сипатын 
танытқанымен, 1930 жылдардың бас 
кезіндегі сыншылдық және әдеби-
теориялық ой-пікірдің тұрпайы со-
циологизм ықпалында қалуына ба-
сты себеп болды да, қазақ әдебиетін 
теориялық тұрғыда зерттеудің негіз-
гі мәселелері назардан тыс қалды. 
Тұрпайы социологизм ықпалындағы 
солақай сыншылдыққа сол кездегі 
өлкелік партия комитетінің саяси 
басшылығының да әсері аз болма-
ды. Негізінен тұрпайы социоло-
гизм 
маркстік-лениндік 
ілімнің 
туын көтеріп шыққан теория еді. 
Бірақ кемшілігі тапшылдықты тым 
дөрекілендіріп жіберді. Мысалы,
тұрпайы социологизмнің 1930 жыл -
дардың басында өріс алуына Ста -
линнің «Большевизм тарихы ның 
кейбір мәселелері туралы» атты 
хаты қатерлі роль атқарды. Бұл хат 
бойынша өлкелік партия комитеті 
мен марксизм-ленинизм инсти-
ту тының «Сталин жолдастың ха-
тына байланысты Қазақстандағы 
күрес міндеттері туралы» қаулысы 
жа рияланды. Онда «әлі де болса 
алашордашылардың ықпалынан шы-
ға алмай келе жатқан қазақ әдебиеті 
мен сынының мәселелеріне ерек-
ше назар аударылуы қажеттігі» атап 
көрсетілді. «Осы қаулыда C. Сей-
фуллиннің шығармашылығында ес-
кі феодалдық рушыл қоғам дәріп-
теледі, Ғ. Тоғжановтың әдебиет 
жай лы еңбектерінде маркстік емес, 
Пле хановтың ықпалына түсіп, со-
рақы қателіктер жіберілді деп атап 
көрсетті». Бұл қаулыға орай әде-
биет майданында «ұлтшыл-алаш-
ордашыларды» әшкерелеу науқаны 
қайта жанданып, енді олардың 
ықпалын төңкерісшіл ақын-жазу-
шылардың шығармаларынан із-
деу өріс алды, байшылдықтың, 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


246


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   444




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет