ІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
сау мен социалистік реализмді
тео риялық негіздеуге мәжбүр бо-
лып, 20-жылдардағы азды-көпті тә-
жірибесінен бой тартып тығырық-
қа тірелген, дағдарысқа тап болған
әдеби-теориялық ой-пікірдің азда
бол са таза ғылыми ізденістерінің
жал ғастық табуына себепкер болған
игі шара – Абайдың қайтыс болу-
ына 30 жыл толып республикалық
деңгейде атап өтуді ұйымдастырудың
қолға алынуы еді. Классиканың
көркемдік дамудың тарихи сабақтас-
тығында ғана емес, сол ұлт әде-
биетінің тарихы мен теориясының
мәселелерін тексеруде де жетекші
роль атқаратыны қазақ әдебиеттану
ғылымында алғаш дәлелденді. Әдеби
сында қатты өріс алып отырған
«тұрпайы социологизмнің» кейбір
бел гілері байқалғанымен, әдеби-та-
рихи және әдеби-теориялық ой-пікір
Абай мұрасын зерттеуге, Е. Ыс ма-
йыловтың сөзімен айтқанда, «Абай-
ды ғылыми жолмен зерттеудің басы»
болған кезеңге қызу кірісті. Ұлы
ақын шығармашылығы ұлттық әде-
биеттану ғылымында теориялық
тұрғыдағы зерттеу нысанасына түсіп
жан-жақты сөз бола бастады. 20-жыл-
дары Абайды қазақ әдебиетінің көш-
басшысы, жазба әдебиетінің не-
гізін салушы екенін таныту жолын-
да ғұмырнамалық сипаты басым
зерттеушілік ізденістер жасағаны-
мен, тұрпайы социологизм әсерінен
белгілі тұжырымға келе қоймаған
ғылыми-зертеушілік ой-пікір енді
ақын шығармаларын теориялық жүйе
бойынша тексеруді қолға алды. Абай
туралы шыққан жиырмадан астам
мақалалардың бәрін атап, тоқталып
жату артық. Сондықтан тек Абай
поэзиясын теориялық тұрғыдан сөз
ете алған мақалалардағы көтерілген
негізгі мәселелерге тоқталып өтсек
те жетеді. Себебі, олар ұлы ақынның
туғанына 150 жыл толуына бай-
ланысты абайтану ілімінің тари-
хын сөз еткен еңбектер мен қазақ
әдебиеті сынын монографиялық тұр-
ғыда қарастырған еңбектерде жан-
жақты сөз болғаны белгілі. Абай
шы ғармашылығы туралы жазылған
осы кездегі мақалаларды салыстыра
қарасақ, олардан зерттеушілік тұр-
ғыдан алғанда екі түрлі бағыттағы тың
бастама байқалды. Олар: Абайдың
өнерпаздық, ақындық тұлғасын та-
ныту, ақын шығармаларына тео-
риялық талдау жасау, көркемдік әдіс
тұрғысынан тексеру. Бұлайша бө-
луде белгілі дәрежедегі шарттылық
болғанымен, Абайтануда кейіннен
монументальды зерттеулерге апара-
тын алғашқы топшылаулар мен бар-
лаулардың сыр-сипаты ашылатыны
анық.
Ұлы ақынның өмір жолы мен
ақындық тұлғасын танытуды мақсат
тұтқан мақалалардың ішінде М. Әуе-
зов «Абай ақындығының айнала-
сы» еңбегінде ұлы ақын шығарма-
шылығының нәр алған қайнар
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У