ІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
мақала жаздым. Ол «Лениншіл жас»
газетінің 1933 жылғы февраль-март
айларының 4-5 нөмірінде жария-
ланды», – деп автор атап жазғандай,
«Қызыл ат» поэмасына арналған
пікірталасқа байланысты жазылған
болатын [69, 268].
ҚазАПП сыншыларынан, әсіресе,
М. Қайыпназарұлының баяндама-
лары мен мақалаларындағы солақай
сыншылдықтан көз ашпаған Сәкен
шығармашылығы «Қызыл ат» по-
эмасы жазылғанда да ерекше талқыға
түсті. Арнайы ұйымдастырылған
пікірталаста поэманың колхоз құры-
лысына жабылған жала екені, онда
ауыл мен қаланы бір-біріне қарсы
қоюшылық басым көрінетіні, қызыл
ат деп отырғаны астармен айтылған
кедей-шаруа екені, оның өткен күнін
артық көріп, сол уақытын аңсайтыны
баса айтылып, саяси айып тағуға
дейін барған пікірлер оңды-солды
айтылып жатты. Осындай шақта
жазылған М. Қаратаевтың мақаласы
И. В. Сталиннің колхоздастырудағы
асыра сілтеушіліктің болғанын әш-
керелеген «Табыстан бас айнал-
ғанда» атты еңбегінің жазылуымен
және социалистік реализм әдісін
бүкілодақтық деңгейде теориялық
негізделуімен тұспа-тұс келді. Сол се-
бептен де автор бұл әдістің негізгі ны-
санасы социалистік өмір шындығын
жырлау екенін ашып беру арқылы
«Қызыл ат» поэмасын солақай
сыншылдықтан сақтап қалды. Міне,
С. Мұқановтың, М. Қаратаевтың осы
мақалаларынан бастап социалистік
реализмнің қазақ әдебиеттану ғылы-
мындағы «алтын дәуірі» басталды.
Әдеби сын мен әдеби-теориялық
ой-пікір социалистік реализмді на-
сихаттау, үлгі-өнеге ету науқанына
белсене кірісті. Қ. Өтепұлының «Со-
циал ды реализм» (Әдебиет майда-
ны, 1933, №2), З. Шашкиннің «Әде-
биет және со циалды реализм» (Со-
циалды Қазақстан, 1933, 18 ақ пан).
Ғ. Тоғжанұлының «Қазақ әде-
бие тіндегі сын туралы кейбір өз-
гешеліктер» (Социалды Қазақстан,
1933, №195), Ә. Қоңыратбаевтың
«Әд ебиетіміздегі реализм тура-
лы» (Әдебиет майданы,1934, №5),
т.б. мақалалардың жазылу соның
айғағы. Оларда маркстік-ленин дік
әдіснаманың әдебиеттің таптығы,
халықтығы, партиялығы принцип-
теріне тереңдеп бара қоймағаны-
мен, осы ұғымдардың берік орын
тебуіне жолбасшылық сипат таныл-
ды. М. Қаратаевтың жоғарыдағы
мақаласының ізімен қазақ әдебие-
тіндегі социалистік реализмді анық-
тау мен көркем шығарманың осы
әдісте жазылуын қадағалау басты
назарда ұсталды. «Біздің творчество-
лық тәжірибеде қолданатын көркем
әдісіміз де, оны зерттейтін ғылыми
еңбектерде қолданатын принципі-
міз де айдан анық. Ол – маркстік-
лениндік дүниетанымға сәйкес со-
циалистік революция дәуірінде туып
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У