ІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
Білім жарысы туралы бұл бас-
тама қазақ оқығандары тарапынан
қоштау тауып Ә. Бөкейханов «Ро-
ман не нәрсе?» («Қазақ», 1914, №48)
атты мақаласын жариялайды. Негізгі
мақсат – бұл жанрда шығарма жаза-
мын деушілерге әдеби-теориялық
білім беріп, романның ішкі мағынасы
мен асыл мақсаты не екенін түсінді-
ріп беру болған. Бұл жолда роман-
ның жанрлық түр ретіндегі ерекшелі-
гін аша келіп, В. Скот, Ч. Диккенс,
В. Теккерей, А. Пушкин, М. Лермон-
тов, Н. Гоголь, Л. Толстойлардың
атағы роман жазумен шыққанын мы-
салға келтіреді. Оны дәлелдеу үшін
Толстойдың «Война и мирін» «Соғыс
және татулық» деп таныстырып, сол
кездегі ұлттық әдеби-теориялық ой-
пікір дәрежесінде қысқаша сипатта-
ма жасайды. «Алғашқы қазақ рома-
ны Міржақыптың «Бақытсыз Жама-
лын» атап, шығарманың мазмұнын
шолып, негізгі кейіпкерлер әлеміне
тоқталады. Автор роман жанрын
әлеу меттік мәселелермен, адамдар
мі незімен, тәрбиелік, эстетикалық
мұ раттарымен сабақтас қарайды», –
деп жазады ғалым Р. Нұрғалиев осы
ма қала туралы пікірінде [13, 432].
Бұдан біз ғылыми-зерттеушілік ой-
пікірдің роман туралы теориялық
ұғымды меңгеруге деген талпыны-
сын бір байқасақ, екіншіден, қазақ
романына әдеби-теориялық бағытта
алғаш рет талдау жасауға деген ұм-
тылысты көреміз.
Бұл мақаладан кейін іле-шала
Е. Маманов қазақ тілінде роман
жазушыларға бәйге тігетінін ха-
барлап, газеттің 52-санында «Бәйге
тігемін» деген мақала жариялап,
жарыс шарттарымен таныстырады.
Сәл кейін 67 санында асығыстық
болмауы мен талапкерлер көбеюі
үшін жарыс мерзімінің 1915 жылғы
мамыр айына дейін созатынын ай-
тып, «Роман жарысы хақында» де-
ген хабарламасын тағы да жария-
лады. Осы тәрізді игі шараның бас-
талуы роман туралы теориялық
ұғымды меңгеруге деген ізденісті
күшейте түсті. Соның нәтижесінде
«Қазақ» газетінде редакция тара-
пынан жазылған «Роман жарысына
қосылушыларға» (1914, №54), «Та-
лапкер» деп қол қойған автордың
«Роман жарысы туралы» (1914, №56),
Ә. Бөкейхановтың «Роман бәйге-
сі» (1915, №122) секілді мақалалар,
«Айқапта» М. Сералиннің «Роман
жарысы туралы» (1915, №7, 8) атты
мақаласы жарық көріп, оларда роман,
оның жанрлық табиғаты мен өзіндік
ерекшелігі туралы әдеби-теория-
лық ой-пікір көрініс тапты. Бәйгеге
түскен шығармаларды бағалау үшін
әділ қазылар алқасын құру және бұл
бастаманы қолдаушылар мен оған
қатысушыларды көбейтуді насихат-
тау жағы да назардан тыс қалған жоқ.
Ә. Бөкейханов «Бізде академия, уни-
верситет секілді білім дүкендері жоқ,
бұлардың комитеті де жоқ» дей келіп
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У