ІІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
Проблемалы-тарихи шолудың «Қа -
зақ совет әдебиетінің даму ке зеңдері»
деген бөлімінде автор «Азамат
соғысы кезіндегі бұқарашыл әде-
биет пен халық әдебиетіне» талдау
жасаған. Сәкен, Бейімбет шы ғар-
машылықтарынан ой өрбіту мүм -
кіндігі болмағандықтан, қазақ әде-
биетінің Октябрь қарсаңындағы
жай-күйін, Сұлтанмахмұт пен Сәбит
Дө нентаев төңірегінен ұзап шыға
алмаған. 1916 жылғы халық поэзия-
сын да осы тарауға икемдей баяндаған.
Ал, «Совет шындығын жырлаған
үгіттік әдебиет» деген тараушысында
1920-1925 жылдардың арасын меже
етіп алады да, үгіттік поэзияның
тақырыптарын әңгімелейді. «Қазақ
совет әдебиетінің нығаюын» 1925-
1929 жылдарға тұтас етеді де, 1929-
1933 жылдарды «Әдебиет қоз-
ғалысының жаңа кезеңі» деп тани-
ды. Ал, «Қазақ совет әдебиетінде
социалистік реализм үшін күрес»
тараушасын жазушылардың Бүкіл-
одақтық 1 съезінен өрбітіп, «1934-
1940 жылдардың арасы қазақ совет
әдебиетінің барлық жағынан (әдебиет
түрлері, пікір тереңдігі, шындықты
кеңінен бейнелеу, жаңа бейнелер
жасауы т.б. жақтарынан) күрделеніп
өскен дәуірі деуге болады» деп та-
бады да, осы кезеңде айрықша қар-
қындықпен өркендеген халық шы-
ғар машылығына, оның көрнекті өкіл-
деріне арнайы тоқталады [76, 27].
Тарихи жүйелеуді осылайша жалпы-
лай баяндап шыққаннан кейін поэ зия,
проза, драматургия жанрларының
өсіп-өркендеу жолдарына талдау жа-
сайды.
Қазақ совет әдебиеті дамуының
жалпы сүлдесі ғана аңғарылып,
оның игерген тақырыбы, көркемдік
проблемасы, шеберлікті жетілдіру
жолындағы ізденістері қысқаша ба-
яндалады. Жаңа әдебиеттің өсіп-
жетілу жолын түсіндірудің алғаш-
қы тәжірибесі болғандықтан талай
кем-кетіктер де айқын байқалады.
Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті
туралы ғылыми-зерттеушілік ой-
пікірге осылайша бастама салған
Е. Ысмайыловтың 1947 жылғы қау-
лыдан кейін оқу құралдарын жа-
сау жұмыстарынан шеттетілгені
бай қалады. Оған дәлел 9 сыныпқа
арналған оқу құралы 1948 жылы
Қ. Жұмалиев пен С. Мұқанов ав-
торлығымен, ал кеңес дәуіріндегі
қазақ әдебиеті туралы 10 сыныпқа
арналған еңбегі Ғ. Мүсірепов, Қ. Бек-
қожин, Қ. Жармағанбетов, С. Сейі-
товтердің атымен шығуы. Алайда
бұлар бұрынғы Е. Ысмайылов жаз ған
оқу құралдарының негізгі жүйе сіне
айтарлықтай өзгеріс енгізе алған жоқ,
керісінше, қаулы талаптарына сай
бұрмалаушылықтарға толы болды.
Ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдің
орта мектепке арналған хрестома-
тиялар мен оқу құралдарында көрі-
ніс тапқан деңгейін бағалаған уақыт-
та, 1920-1930 жылдардағы бұл
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У