Іі. ТӘжірибелік бөлім қысқа мерзімді жоспар



бет1/3
Дата08.06.2023
өлшемі193,92 Kb.
#99643
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
Документ (5)


ІІ. ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ
Қысқа мерзімді жоспар


Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: 7-бөлім Топтық ойындар арқылы әлеметтік дағдылар

Мектеп: № 178

Күні: 25.02.2023ж.

Мұғалім аты-жөні: Сәдуақасов Бекзат

Сынып: 6«А»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Өздігінен жасалатын қозғалыстағы прогресс

Оқу мақсаты

2.1.6.1. Тәуекелдердің туындау мүмкіндігін түсінеді, қарапайым және өзгертілген дене жаттығуларын жетілдіру кезінде машықтар мен шеберлікті нығайтады.

Сабақ мақсаты

Ойын кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтайды. Қимыл-қозғалыс дағдыларын түсінеді. Өздігінен жасалатын қозғалыстағы прогрессті орындай алады. Рухани жаңғыру бағыттарын оқушыларға түсіндіру. Рухани жаңғыру логотипі.

Бағалау критерийі

Спецификалық қимыл-қозғалыс әрекеттерін орындайды.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану.

Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты сөздік пен терминдер: Шабуылдау, қорғаныс, төреші, ойыншыларды бақылау, зона, фол, допты алып жүру, пас беру, себетке, допты орыннан және қозғалыста себетке лақтыру.

Диалог құруға арналған пайдалы тіркестер:
Талқылауға арналған сұрақтар: Эстафета ойыны барысында болуы мүмкін қандай жаракаттын алдын алу шараларын білесіздер? Ойынның шығу тарихын білесіз бе?

Құндылықтарды дарыту

Денсаулық, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсетуге үйрету.

Пән аралық байланыстар

Математика пәндерімен байланыстыру.

АКТ пайдалану дағдысы

Өздігінен жасалатын қозғалыстағы прогресс ойынының әдіс-тәсілдерін плакатқа салынған суреттерден көрсету.

Алдыңғы меңгерілген білім

Шығармашылық - топтық жұмыс арқылы




Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттері

Ресурстар

Сабақтың басы
12 минут

Сапқа тұру. Кезекшіден мәлімдеме қабылдау.Сәлемдесу. Сабақтың тақырыбымен мақсатын айт\ып түсіндіру. Спорт залды айналып жүру және жүгіру жаттығуларын орындау. Алға және артқа қарай жүгіру.Оң және сол жақ бүйірмен оңға солға қарай жүгіру.Бұрыштан бұрышқа жүгіру. Аяқты алға қарай созып жүгіру, артқа жанға тастап жүгіру. Оң аяқты көтеріп сол аяқпен секіріп жүгіру, сол аяқты көтеріп оң аяқпен секіріп жүгіру. Жартылай және толық отырып жүру. Секіріп жүру, жылдамдыққа жүгіру.Тыныс алу жаттығуларын орындау. Сыныпты топқа бөлу. Жалпы даму жаттығуларын орындау.

Әр жаттығу үшін кең, таза бос кеңістік.
Ысқырық, секундомер.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет