ІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
мұраны игеру мәселесін дұрыс шешіп
алуына кедергі жасады.
Осындай қате көзқарастарға қа-
рамастан, халық әдебиеті нұсқала-
рынан «Батырлар», «Аяз би», «Өтірік
өлең», «Тазша», «Қозы Көрпеш-Баян
сұлу», т.б. жинақтар жарық көрді. Со-
нымен қатар, сол дәуірдегі мерзімді
баспасөз бетіндегі пікірталастағы
пікірлердің, жеке мақалалардың бар-
лығы бірдей қате концепцияларға
мүлде бой ұрған көзқараста болды
десек қателесер едік. Әдеби мұраны
көптеп жариялап, олардың жина-
луына қолғабысын тигізгендердің
баспасөз арқылы ауыз әдебиеті, оның
жекелеген нұсқалары туралы ғылы-
ми-зерттеу мәніндегі мақалалары да
шығып жатты. Мысалы, М. Әуезовтің
1922 жылы «Шолпан» журналын-
да жарияланған «Қазақ әдебиетінің
қазіргі дәуірі» (№ 2, 3) мақаласынан
қате көзқарастағы теориялар да,
маркстік-лениндік әдіснаманың тап-
тық принципі де байқалмайды [30].
Бұл секілді мақалаларда әдебиет
туралы жалпылама айтылғанмен,
негізінен әдеби мұра, оның ішінде
халық ауыз әдебиеті, оның жанрла-
ры, өзіндік ерекшеліктеріне тоқтала
отырып, жазба әдебиетпен байла-
нысы, фольклорлық нұсқаларды
жи нау, жариялау, зерттеу, олардан
үй рену мәселелеріне назар аудары-
лады. Қазақ фольклоры мен эпосы-
на ғылыми-тарихи тұрғыдан қарап,
пікір білдірген зерттеу дәрежесінде
көрінгендері де бар. М. Әуезов
«Қазақ әдебиетінің қазіргі дәуірі»
атты мақаласында «ескі ел әдебиеті»
жайында қомақты ой айтып, хал-
қымыздың өте бай мұрасының жал-
пы тарихын білу, бай дәстүрін пай-
далану туралы принципті мәселе
кө терді. Автор қазақ ауыз әдебиеті
үлгілерін жинаушы орыстың ориен-
талист ғалымдарының пікірлеріне
сүйене отырып, қазақ фольклорының
дәстүрін, қазақ халқының мәде-
ниетіндегі орнын, оны сақтаушы
ақын дар қызметін бағалауда ғылыми
толымды ойлар айтты. Бұл мақала-
ның кейбір ұшқары топшылаула-
рына қарамастан қазақ әдебиеттану
ғылымында әдеби мұраның қо-
ғамдық, халықтық сипаты туралы
алғаш сөз қозғалды. Сол сияқты
М. Әуезов «Қобыланды батыр» ма-
қаласында эпостық жырлардың об-
раздарын, сюжеттік ерекшелігін,
та рихилығын зерттеу проблемасын
кө терді. Халық арасында кең тараған
«Қобыланды батыр» жырына әдеби-
тарихи талдау жасай келіп, «әдеби
ескерткіш» деп бағалайды.
1920 жылдардың бас кезінде жа-
рияланған осы мақалалар әдеби
мұраның озық үлгілерін халықтың
рухани игілігіне айналдыру үшін
нигилистік көзқарастың дауылы кө-
терілуіне қарамастан әдеби-тео рия -
лық таным мен әдеби-тарихи тал-
даудың ғылыми дами бастауы на
ықпал етті. Кейбір баспасөз орын-
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У