ІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
Құрылтайда сөйлеген Х. Досмұха-
медов, Н. Төреқұлов, т.б. сөздерінде
ауыз әдебиеті үлгілерін жинау ісімен
қатар, оны ғылыми тұрғыдан тал дау,
тексеру жайы да әңгіме болды. Ха-
лық шығармашылығын жинаушы-
лар ға арналған үлгі-нұсқа кітаптар
жазу, жаппай жинаушылыққа тежеу
қоймай, осы игі іспен арнаулы маман
адамдар шұғылдануы, қоғамдық жә-
не мәдениет ұйымдары жетекшілік,
қамқорлық көрсету қажеттігі терең
әңгімеленіп, қазақ әдебиеттану ғы-
лымының тууына себепші болған
үлкен бір міндет анықталды. Ол фоль-
клорлық мұраны жинау, жариялау,
кітап етіп шығаруды жүйелі арнаға
салу арқылы әдебиеттану ғылымын-
да халық шығармашылығын әдеби-
теориялық, ғылыми тексеру, зерттеу
жұмысын жүргізу үшін база жасап
беру міндеті еді.
1920-1930 жылдарда жинақтал ған
әдеби-фольклорлық мұраның осы
өте бай қоры қазіргі дәуірге дейін
фольклористеріміз бен әдебиетші
ғалымдарымызға орасан зор көмек
жасап келе жатқанын ескеретін бол-
сақ, сол кездегі жинау, жариялау жұ-
мыстарының мән-мағынасы ай қын-
дала түсері анық.
Бұл міндетті, яғни әдеби қор мен
зерттеу нысанасын жасауда «бі-
рыңғай ағым теориясына» бой ұр-
ғандардың белгілі көмегі тигенін де
жоққа шығаруға болмайды. Олар
фольклорлық шығармаларды ғы лы-
ми-зерттеушілік мақсат қойып жи -
намағандықтан халықтық сипаты
кү мәнді, көркемдік дәрежесі солғын,
ор та қолды шығармалар жарияла нып
жат ты. Мұндай жырлардың халық тық
мәні мен сипатын ашып, көпші лікке
ұсынуға қазақ әдебиеттану ғылы мы
мен сыны әлі дайын емес еді. Оның
үш түрлі себебін ашып айтқан дұрыс.
Біріншіден, ауыз әдебиеті үлгілерін
ғылыми-зерттеу әдістемесі негізінде
тексеретін әдеби-теориялық білімі
бар сауатты әдебиетші мамандар бол-
мады.
Екіншіден, «ұлтшыл-алашорда-
шы лар» фольклорлық шығармаларды
өз мақсаттарында пайдалануда» де-
ген қате ұғымның етек алуына бай-
ланысты барлық әдеби мұрадан бас
тартушылық орын алды. Пролет-
культшылдық сарынның әсерінен
ниг листтік көзқарасты ұстанған
ақын-жазушылар «жаңа әдебиет» жа-
саймыз деген даурықпаның салдары-
нан халық әдебиеті нұсқаларынан ат-
тондарын ала қашты.
Үшіншіден, сол кездегі шығарма-
шылық күштердің орталығы болған
ҚазААП-тың әдеби мұраны маркс-
тік-лениндік принцип тұрғысынан
ғана қарағандықтан, ғылыми-зерттеу
саласында жетекшілік рөлі болма-
ды. ҚазААП-тың мүшелері ұлтшыл-
дыққа қарсы күрес желеуімен жүріп
нигилисттік көзқарас пен «тұрпайы
социологизмнің» батпағына қалай
бат қандарын өздері де сезбей қалды.
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У