ІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
жинап бастыру, зерттеу мәселесін сөз
ету арқылы әдебиет тарихын жа зу
проблемасын көтереді. Оның үл кен
де сүбелі саласы 1924 жылы С. Төң-
керісұлының (С. Мұқановтың) «Қа-
зақ әдебиетінің қысқаша тарихы»
деген атпен Сәкеннің Орынбордағы
қазақ жастарының клубында оқыған
лекциясының негізгі жүйесін баян-
дап беруден айқын көрінеді. М. Әуе-
зовтің «Қазақ әдебиетінің қазіргі дә-
уірі», А. Сегізбаевтың «Халық һәм
әдебиет» атты мақалалары осының
айғағы іспеттес.
Осы еңбектерде ауыз әдебиеті
үлгілерінің иесі еңбекші халық еке-
нін дәлелдеу үшін фольклордың
даму жолдарын халқымыздың та-
рихымен байланыстыра қарайды.
Сонымен қатар ауыз әдебиеті мен
жазба әдебиеттің өзіндік сипатта-
рын анықтауға талпынып, халық
шы ғармасынан үлгі алу, үйрену,
прак тикалық, көркемдік қажеттікке
жаратуға ғылыми тұрғыдан на-
зар аударылған. Бұл мақалалар қа-
зақ әдебиеттану ғылымының туу
дәуірінде фольклористика саласы-
на түскен жаңа дәуіріндегі үлкен
жолдың бастамасы сияқты. Кейбір
мақалада ғылыми жағынан негізсіз
пікірлер кездескенімен, сол кезде
етек алып тұрған «бірыңғай ағым те-
ориясына» да, нигилистік көзқарас қа
да қосылмай, таза ғылыми тұрғыда
пікір айтуға ұмтылыс та бар.
Әдеби-мәдени мұраны жинау, жа-
риялау үлкен білімділікті, ғылыми
дәлдікті, қажымас еңбекшілікті та-
лап ететінін ескерсек, халық әде-
бие ті үлгілерінің бай қорын жасау
(пуб ликаторская работа) жұмы сы ғы-
лы ми-эстетикалық қажеттілікке ай -
налды. Осының нәтижесінде әдеби
мұ ра туралы ғылыми-зерттеушілік
көзқараспен пікір айту мәнді арнаға
бағыт алды. Әдеби-тарихи сипатта-
ғы ой-пікір ұштала түсіп, ұлттық
әдебиеттің тарихын зерттеу пробле-
масы дәуір талабы алға тартқан көр-
кемдік міндеттермен іштей бірлік
табуға ұмтылды. Жаңа мән, өзгеше
сипат алып дами бастады.
1920 жылдардың аяғы 1930 жыл-
дардың басында халық әдебиетін жи-
нау, жариялау, зерттеу мақсатында-
ғы С. Сейфулиннің, С. Мұқановтың,
А. Байтасовтың, Ә. Тәжібаевтың, Ж. Ті-
лепбергеновтің, т.б. мақалалары жа-
рық көрді. Осы кезеңдегі жинау-
шылық сипаттың басым болуына
байланысты бұл мақалалар халықтың
ескі әдебиет мұраларын халықтың
игілігіне жарату, рухани байлығына
айналдыру міндеттерін көтере оты-
рып, ол үшін көп болып кірісуге
шақырды.
Дәуір талабына сай үн қосып,
әдеби мұраны шығаруға атсалыс-
қан, бірталай үлгілерді жариялаған,
мақалалар жазған А. Байтұрсынов,
М. Жұмабаев, Ж. Аймауытовтардың
көзқарастары идеологиялық күрес
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У