Web-сервер – бұл бүкіл әлемдік ғаламтордың бір немесе бірнеше сайтына түскен сұрауларға қызмет ететін сервер.
Әдетте Web-браузер болып табылатын клиент, Web-сервер-ге қор алу үшін URL – адресі болып белгіленген сұраныс жасайды. Қор – бұл клиентке қажет HTML – парақтар, суреттер, файлдар, медиа-ағындар немесе басқа ақпараттар. Web-сервер жауап ретінде клиентке сұралған ақпараттарды береді. Бұл айырбас HTTP протоколы бойынша жүзеге асады.
Web-сервер деп осы функцияларды орындайтын бағдарламалық қамтаманы және осы бағдарламалық қамтама жұмыс істейтін компьютерді де атайды.
Интернетте 20-ға жуық сервер жұмыс істейді. Олардың негізгілері - Apache и MS IIS (Microsoft Information Server) және тағы басқалар. Сонымен қатар, интернеттегі сайттың көпшілігі (60 – 70 %) Apache басқармасында жұмыс істейді.
Apache Web-сервері Windows және Unix сияқты (Linux, FreeBSD, Solaris т.б) операционды жүйелермен жұмыс істейді. Apache Web-сервері ашық шығу коды бар тегін өнім болып табылады. Көбінесе Unix(Linux, FreeBSD)-PHP байланысында қолданылады. Apache сервер бастауын NCSA httpd – серверінен алады. Ол интернеттегі Web-серверлер ішіндегі бірінші не екінші орында тұр. Бұл Apache сервер тез жұмыс істелетініне және тегін таралуына байланысты. Бұл сонымен қатар HTTP1.1, SSI протоколдарын, модульді архитектураны, ұқсас NSAPI/ISAPI қолдайтын және көптеген түрлі функцияларды, мысалы Peri – сценарилерді немесе HTML-конструкцияларды интерпретациялауды орындайтын тегін модулдері бар өте қуатты сервер. Дегенмен, Apache бәріне сәйкес келе бермейді. Біріншіден, бұл коммерциялық емес пакет.
Интернетте бұл өнімді өте кең қолдау барына қарамастан, көптеген компаниялар маңызды жүйені қолдауын тұтынушылардың өздері жүргізетін өнімге салуға сенімсіздік танытады.
Соған қарамастан, Linux операционды жүйесіндегідей, түрлі компаниялар Apache серверге коммерциялық негізде қолдау көрсетеді. Apache сервердің таралуына кедергілердің – бірі оның көбіне UNIX – жүйесіне арналғаны. Бірақ шығарылуға дайындық кезінде Windows 95 / Windows NT – ге арналған версиялары да табылады. Осылайша, Apache серверін қолдану орта сыртқы және коммерциялық емес Web-серверлермен шектеледі, бірақ интражелілерге сәйкес келмейді. Және соңғысы, орнатқан кезде кейде орнату файлдарын қолдан ауыстыру керек немесе кейде тіптен бағдарламаның өзін қайтадан құрастыруға тура келеді. Web – сервер қолданушылардан іздеуге сұраныс қабылдайды, қайта құрады және арнайы бағдарламаға – іздеу машинасына өткізеді.
Іздеу машинасы индекстің ақпаратты базасын қарастырады, сұраныстың шарттарын қамтамасыз ететін парақ тізімін жасайды (осы парақтарға сілтемелер тізімін) сосын Web – серверге қайтарады. Web – сервер орындалған сұраныстың нәтижелерін тұтынушыға қолайлы түрде жөндеп, клиенттің машинасына өткізеді.
Графикалық ақпаратты іздеу (оның ішінде видео ақпараттар) – компьютер технологиясында, әзірше, принципиалды шешілмей отырған мәселе.
Мамандандырылған анықтамалық қызметтер – бұл белгілі бір тақырып бойынша серверлердің адресі жиналған тақырыптық каталогтар (subject catalogs). Индекстің әмбебап базаларына қарағанда, тақырыптық каталогтарды мамандар құрастырады және клиентті желі туралы тура және жүйеленген ақпаратпен қамтамасыз етеді.
Netscape компаниясы өзінің Web-сервер ассортиментін әрдайым толықтырып отырады. Оған FastTrack – тан бастап Enterprise Server – ге дейінгі бағдарламалар кіреді. Netscape – тің Web-сервер – і UNIX (Solaris, SunOS, AIX, HP-UX, Digital UNIX и IRIX) – тің көптеген нұсқаларында жұмыс істейді, сонымен қатар Windows 95 / Windows NT- ге арналған түрлері бар. Бұл жүйе жеткілікті деңгейде дамыған, мәліметтер базасына қосылу, парақ құрамын басқару, HTTP I.I протоколымен жұмыс істеу мүмкіндігі және басқа да көп функциялар қарастырылған.
Netscape бағдарламалық пакеттің орнату үрдісі мен сервер администрациясын жақсарту арқылы коммерциялық табысын жоғарлатуға тырысты. Тұтынушылар шағымданатын Netscape-тің жалғыз кемшілігі олардың кейде жұмыс істегендегі бәсеңділігі.
Denwer - дистрибутив жинағы (Apache+SSL, модуль түріндегі PHP5, MySQL5, Perl, phpMyAdmin т.б) және Web – өңдеушілері (бағдарламашы және дизайнерлер) сайтты үйдегі Windows – машинада интернетке кірмей-ақ жөндеу үшін қолданатын бағдарламалық қабық.
Denwer – дің базалық пакетінің құрамына Apache 2.2.4 + PHP 5.3.1 + MySQL 5.1.40 + PhpMyAdmin 3.2.3, көпжобалылық, Flash – жинақтаушымен жұмыс істеу кіреді. Denwer - дің ең басты айырмашылығы – алыстатылған жұмыс барысында бірден бірнеше белгісіз жобалармен жұмыс істеу қолайлылығы және Flash – жинақтауышқа орналастыру мүмкіндігі.
Жинақтың аналогтарынан негізгі айырмашылығы:
модулділік, кеңдік, компактілік. Жеке компоненттердің көпмегабайттық дистрибутивтерін алудың қажеті жоқ. Денвердің негізгі түрі Apache+SSL+PHP5+MySQL5+phpMyAdmin – дің көлемі бар болғаны шамамен 6,1 МБ және толық функционалды;
әрқайсысы жеке виртуалды хоста орналасқан бірнеше жобаларды бірден қолдау және автоматты конфигурация;
қосылудың орталықтанған жүйесі және Денвердің барлық компоненттерінің тоқталуы. Өзінің автономдықтығының арқасында Денверді тоқтатқаннан кейін толығымен жүйеден жоғалады және басқа директорияға көшірілуі немесе өшірілуі мүмкін;
Sendmail эмуляторы: почтаны жіберетін скрипті жөндеу мүмкіндігі. PHP-скрипте жасалған хаттардың барлығы сыртқа жіберілмей, арнайы /tmp/!sendmail директориясында жиналады;
кеңейту пакеттері. Денверге арналған кейінірек орнатуға болатын көптеген компоненттер (PostgreSQL, Python, FireBird, Parser, старые версии PHP4 и PHP4, MySQL4 т.б) бар. Олардың барлығын Денвердің ресми сайтынан алып орнатуға болады. Сонымен қатар кез келген сервисті қолмен орнатып алуға болады және Денвердің компоненттерін ешқандай қиындықсыз ресми дистрибутивтерінен жаңартуға болады;
жинақтың құрамына кіретін бағдарламаларды түрлі өңдеушілер жазған. Олардың ерекшелігі кейде бірігіп жұмыс жасауды қиындатуы мүмкін. Сонымен бірге бір бағдарламаның түрлі версияларының принципиалды айырмашылықтары болады, бұл көбінесе орнату мен күйге келтіруді қиындатады. Денвердің компоненттері комплекс құрамында толыққанды жұмысты қамтамасыз ету үшін конфигурация мен тестілеуден өткен.
Коплекстің құрамы:
SSL, SSI, mod_rewrite и mod_php қолдауымен Apache 2;
PHP5: орындалатын файлдар, Apache Web – серверіне арналған модуль, дистрибутивті және бейімделген конфигурациялық файл, GD кітапхана, MySQL және sqLite қолдау модулдері;
InnoDB қолдауымен MySQL5, транзакция және орыс кодировкасы (windows-1251);
phpMyAdmin – MySQL мәліметтер базасы бар басқару панелі және Web-интерфейс арқылы жаңа MySQL тұтынушысын қосылуды оңайлататын скрипт;
хатты жазбай оларды eml форматта tmp/!sendmail директориясына жазатын sendmail (/usr/sbin/sendmail) және SMTP-сервердің жөндейтін эмуляторы;
виртуалды хост пен hosts жүйелік файлды және Apache кескін үйлесімін автоматты түрде іздейтін жүйе. Оның көмегімен жаңа виртуалды хостты (немесе үшінші дәрежелі доменді) қосу үшін тек home – де қарапайым каталог құрып (бар хостқа ұқсас етіп), комплексті қайта қоса салу керек. Барлық өзгертулер конфигурациялық және жүйелік файлдарға автоматты түрде енгізіледі, бірақ хост шаблонының механизмі арқылы бұл процесті басқара алмайды;
инсталлятор (flash – жинақтауыштың инсталляторы да жұмыс істейді);
жүйелік flash – жинақтауыштан ешқандай кедергісіз жұмыс істеуі мүмкін;
Perl ядросы стандартты кітапханасыз (олар жеке қойылады);
денвердің барлық компоненттерін қосу мен өшіру жүйесі.