2.7 Denwer бағдарламалар топтамасын орнату
Осы дипломдық жұмыста Денвердің қолданылуы кездейсоқ емес. Себебі, вэб сайттарды құрған кезде денвердің көмегі зор болады. Денвердің басқа Apach-тардаң артықшылығы – Денвердің интерфейсі, мәліметтер базасын құрғандағы қолайлығы және т.б. Денвер орнату үшін интернеттен exe(6.1Mb) форматындағы файлды алу керек. Денвердің барлық компеннеттері орнатқанда бірге орнайды.
Денвер автономды. Ол кез-келген директория ішінде дискте, флэш-жинақтаушыда орналаса береді. Сонымен қатар, Windowsтің жүйелік файлдарын өзгерте алады. Алдымен, www. Denwer. ru сайтынан денверді алмыз.
Интернеттен алынған денверді орнату жұмыстарына кірісеміз. Базалық пакетті орнатамыз. Базалық пакеттің орнатылуы суреттерінде - 2.4-2.9 көрсетілген.
Сурет2.4–Базалық пакетті орнату
Сурет2.5 – Базалық пакеттің ашылуы
Орнатуды жалғастыру үшін Enter батырмасын басамыз.
Сурет2.6– Орнатудың жалғасы
Құрылатын виртуалды диск үшін Z- әріпін енгіземіз және Enter батырмасын басамыз.
Сурет2.7 – Виртуалды дискке әріп енгізу
Денверді жұмыс столында ярлык құрып, іске қосу үшін 1-нұсқаны таңдаймыз да у- басамыз.
Сурет2.8 – Жұмыс столында жарлық құру
Start Denwer – денверді іске қосу, Stop Denwer– денвер жұмысын тоқтату, Restart Denwer – денверді қайта іске қосу.
Сурет2.9 – Денвер сәтті орнады
Denwer-дің маңызды ерекшелігі – әрқайсысы жеке виртуалды хоста орналасқан бірнеше жобалармен жұмыс істеу мүмкіндігі. Бұл әсіресе бір уақытта бірнеше сайттармен жұмыс істейтін Web-студияларына, сонымен қатар CVS немесе Subversion версиялы бақылау жүйелерінің байланысында қолайлы. Директорияға ат беру сұлбасы біздің виртуалды хост шаблонындағы хостингте жеке түрде орнатыла алады.
Достарыңызбен бөлісу: |