Хіх ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы


-тақырып ХІХ ғ. қисса-дастандар



Pdf көрінісі
бет9/18
Дата07.04.2023
өлшемі173,83 Kb.
#80293
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18
Байланысты:
51090 (1)

8-тақырып ХІХ ғ. қисса-дастандар
«Сал-сал», «Зарқұм», «Сейфүлмәлік», «Бозжігіт», «Мұңлық-
Зарлық», «Шәкір-Шәкірат», «Жүсіп-Зылиха», «Жұмжұма»,
«Зарқұм», т.б. Ежелгі нәзира дәстүрінде қайта жаңғырған
қисса-дастандар (кітаби өлең) ХІХ ғасырдағы діни-
ағартушылық бағыттың бір арнасы.
Қисса дастандардағы «Құран», «Мың бір түн»,
«Тотынама», «Шахнама» желілері.
ХІХ ғасыр әдебиетіндегі қисса-өлең дәстүрінің ғылыми
негізделуі, жүйеленуі. Қисса- дастандардың түрге бөлінуі.
Ш.Уәлиханов, В.Радлов, Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов,
Х.Досмұхамедұлы, М. Әуезов, С.Мұқанов , Ә.Қоңыратбаев,
Б.Кенжебаев, З.Ахметов, Ш.Сәтбаева, Р.Бердібай,
М.Мырзахметов, Қ.Өмірәлиев, Ө.Күмісбаев, А.Қыраубайқызы,
Б.Әзібаева, А.Жақсылықов, З. Сейітжанұлы, У. Қалижанұлы,
т.б. қисса-дастандар туралы.
Кітаби-дастаншыл ақындар. Ақылбек иби Сабал, Шәді
Жәңгірұлы, Мәулекей Жұмашев, Жүсіпбек Шайхисламұлы,
Ораз молда, Мұса молда, Мәшһүр Жүсіп Көпеев,
Кашафуддин бек Шахмардан, Мақыш Қалтаев, Ақмолда, т.б.
ғұмырбаян деректері. Шығармашылық мұрасы.
ХІХ ғасырдағы қисса-дастандардың басылымы. Қисса-
дастандардың ауызша әдебиет пен жазба әдебиетке
қатысын айқындай түсүдің өзекті ғылыми мәселелері.
9-тақырып Зар заман поэзиясы. Қазақ әдебиеті
тарихындағы зар заман ағымы
Зар заман – қазақ әдебиеті тарихындағы елеулі ағым. Ресей
империясының отаршылдық саясаты туғызған бағыт. Зар
заман – қазақ әдебиетінің ауызшадан жазбашаға ойысқан
өтпелі кезеңнің әдебиеті. М.Әуезовтің қазақ әдебиеттану
ғылымында зар заман ағымының ғылыми негіздемесін
жасаудағы орны. Оның зар заманды 3 кезеңге бөлуі. Зар
заман әдебиетінің негізгі сарын, көркемдік сипат жөніне


зерттелу, бағалану жайы. Зар заман дәуірі әдебиетінің аса
көрнекті өкілдері – Шортанбай, Дулат, Мұрат, Шернияз,
Әбубәкір,т.б. шығармашылық мұрасының әдебиет
тарихындағы орны. Радлов, Алтынсарин, Байтұрсынов,
Х.Досмұхамедұлы, С.Сейфуллин, С.Мұқанов , Ә.Қоңыратбаев,
Қ.Жұмалиев, Е. Ысмайылов, т.б. ғалымдар зар заман
поэзиясы туралы. Зар заман ағымының көрнекті
тұлғаларының шығармашылық мұрасын қазіргі кезеңде
зерттеу. А.Шәріп, Б.Омарұлы, Қ.Раев, Қ.Мәдібай, т.б. зерттеу
еңбектері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет