Хіх ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы


-тақырып Махамбет Өтемісұлы ұлт-азаттық көтеріліс



Pdf көрінісі
бет8/18
Дата07.04.2023
өлшемі173,83 Kb.
#80293
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18
Байланысты:
51090 (1)

6-тақырып Махамбет Өтемісұлы ұлт-азаттық көтеріліс
күрескері. Бостандық жыршысы
Махамбет Өтемісұлының өмірі (1803-1846). Исатай-
Махамбет бастаған ұлт- азаттық көтерілістің тарихи, саяси
бағалануы. Махамбет және хан Жәңгір. Махамбет
поэзиясындағы азаматтық үн. Ақынның көтеріліс
алдындағы , көтереіліс барысындағы, көтеріліс жеңілгеннен
кейінгі толғауларындағы жеңіске үндеу, жеңіліс сарыны.
«Ұлы арман», «Ереуіл атқа ер салмай», «Толарсақтан саз
кешіп», «Еңселігім екі елі», «Жәңгірге айтқаны», «Мұнар
күн», «Мен едім», «Қызғыш құс».
Исатай батырдың тарихи тұлғасы мен Махамбет
өлеңдеріндегі бейнесі. Батыр бейнесінің эпикалық
жырлардағы кейіпкерлермен туыстастығы. Исатай
бейнесінің жандылық, нақтылық сипаттары. Исатайға
арнаулардың сөз айшығы.
7-тақырып Махамбет және дәстүрлі жыраулық поэзия
Махамбет – жаугершілік заман күйін толғаған жауынгер
жырау. Махамбет толғауларындағы жырдың дәстүрлі
үлгілері. Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Ақтамберді
жыраулар үрдісі. Махамбет толғауларындағы дәстүрлі
қолданыстар. Махамбеттің «Мені».


Махамбеттің жыраулығы жайлы Х.Досмұхамедұлы,
М.Әуезов, З.Қабдолов, М.Мағауин, т.б. пікірлері.
Махамбет – қазақ лирикасын жаңа сапаға көтерген
сыршыл ақын. Махамбет өлеңдеріндегі замана сыры.
Лирикалық қаһарманның жан күйігі, көңіл күйі. Ақын
поэзиясының реалистік, романтикалық сипаты. Махамбеттің
өлең құрылысы. Тіл кестесі. Махамбет өлеңдерінің жанрлық
сипаты. Дүние заңдылықтарын толғау. Саяси үгіттік лирика.
Тарих өлең. Арнаулар. Элегия. Жоқтау. Махамбет
шығармаларының басылым жайы.
«Мұрат ақынның Ғұмар Қазыұғлына айтқаны» (1908).
«Шайыр» (1910) жинақтары. Х.Досмұхамедұлының «Исатай -
Махамбет» жинағы. Қ.Жұмалиев құрастырған кейінгі
басылымдар (1939, 1948, 1951, 1958, 1962). Махамбет
шығармаларының текстологиясы. Махамбет өлеңдерінің
алғашқы нұсқалар негізіндегі соңғы басылымы (Арыс, 2001).
Махамбет өлеңдерін кейінгіге жеткізушілер. Қуан
жырау, Кішкене Қобыланды, Мұрат ақын, Ығылман Шөреков.
Махамбеттің 1908, 1910, 1925 жылдардағы
басылымындағы өлеңдеріне кейіннен табылып қосылған
шығармалар.
Қ.Жұмалиевтің Махамбеттің кейіннен 23 өлеңін табуы.
Ақын мұрасын жинақтаудағы Ғ.Зарипов, М.Тілеужанов, Б.
Аманшин, Қ. Мырзағалиев еңбектері.
Махамбеттің
әдеби
мұрасының
зерттелуі.
Х.Досмұхамедұлы, М. Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Е.
Ысмайылов, Х. Сүйіншәлиев, З. Қабдолов, Р.Сыздықова, Қ.
Өмірәлиев, Ә.Қоңыратбаев, М.Мағауин, Қ.Сыдиықов,
Ж.Тлепов, т.б. ғалымдардың махамбеттанудағы еңбектері.
Махамбеттану мәселелері. Қазақ поэзиясындағы Махамбет
дәстүрі.
ХІХ ғасырдағы ұлт-азаттық күрес батырлары жайлы
тарихи жырлар
Кенесары- Наурызбай туралы жырлар. Нысанбай ақын
туралы М.Әуезов, С.Мұқанов пікірлері. Шортанбайдың
«Ақжолтай – Ағыбай батыр» жыры. «Бекет батыр» жыры.
Мұсабай жыраудың «Жанқожа батыр» жыры.
Ығылман Шөрековтің «Исатай - Махамбет», «Досқожа
ақынның кенесарыға айтқаны» жыры. Тарихи жырдың
жанрлық сипаты. ХІХ ғасырдағы тарихи жырлардың тарихи
өлең, тарихи эпоспен туысатын тұсы, өзіндік ерекшелігі.
«Кенесары - Наурызбай», «Исатай –Махамбет», «Бекет
батыр» ,т.б. тарихи жырлардың қазақ әдебиеті тарихындағы
орны, ғылыми бағалануы, зерттелуі, басылым көруі.


Ш.Уәлиханов, А.Байтұрсынов, М.Әуезов , Х.Досмұхамедұлы,
С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Р.Бердібаев, Ә.Қоңыратбаев,
Қ.Өмірәлиев, Е.Ысмайылов, С.Қасқабасов, Е.Тұрсынов тарихи
өлең, тарихи жыр туралы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет