шейінгі қазақ поэзиясының аса көрнекті өкілі. Қазақ
поэзиясының дәстүрлі үлгілерін түлетіп түрлендірген, жаңа
көкжиектерін көтерген суреткер. Х.Сүйіншәлиев және
дулаттану ілімі. Дулаттың өлең өрімі,
тіл кестесі жайлы
Қ.Өмірәлиев, Р.Сыздықова пікірлері.
12-тақырып Мұрат Мөңкеұлының ақындық мұрасы
Мұраттың өмірбаяны (1843-1906). Ақынның әдеби
мұрасының негізгі арналары. Арнау өлеңдері. Айтыстар.
Эпикалық шығармалар. Толғаулар.
Ақынның заманға, отаршылдыққа
наразылықтан туған
жырлары. Батырлыққа, ерлікке, ізгілікке үндеуі. Мұрат
ақынның «Үш қиян», «Сарыарқа» дастандарындағы
атамекен зары, елден, жерден айрылу сарыны. «Жалпыға
айтқаны» толғауы, «Арғымақ сайлап не керек», «Жігітті
көркем көрсетші», «Айшықты ала ту тіккен», «Жалп-жалп
ұшқан жапалақ» өлеңдері. Жантолы қызбен айтысы.
«Шалгез», «Қазтуған», «Қарасай-Қази» жырлары.
Мұрат – Махамбет
және басқа да ақын-жыраулар
мұрасын сақтап, кейінгіге жеткізуші.
Мұрат Мөңкеұлының шығармашылық мұрасының
басылым көру, көркемдік-теориялық
жақтан негізделіп
зерттелуіндегі Х.Досмұхаметұлы, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев,
Х.Сүйіншәлиев, Б.Омарұлы еңбектері.
Достарыңызбен бөлісу: