мақаласы. «Абай» журналы. 20 жылдардағы Абай ақындығы
төңірегіндегі айтыстар. Ғ.Тоғжанов, І.Қабылов, І.Жансүгіров,
Ғ.Сағди, Е.Ысмайылов, С.Мұқанов, Ы.Мұстамбаев,
Б.Кенжебаев, т.б. Абай туралы.
Қ.Жұбановтың отызыншы жылдары жазылған «Абай
қазақ әдебиетінің классигі» мақаласының Абайтанудағы
орны.
М.Әуезов және абайтану. С.Мұқановтың абайтанудағы
зерттеулері. Қ.Жұмалиевтің Абай поэзиясының тілін, жаңа
түрін зерттеуі.
З.Ахметов – абайтанушы. З.Қабдоловтың Абай
ақындығын зерттеуі. С.Қирабаев, Т.Кәкішев, М.Мырзахметов,
А.Нұрқатов, Ш.Ысмағұлов, т.б.
ғалымдардың абайтанудағы
еңбектері.
Академик А.Жұбановтың Абайдың ән өлеңдері жайлы
тұжырымдары. Тілші ғалымдар Қ.Өмірәлиев пен
Р.Сыздықованың Абайдың тіл кестесін зерттеуі. Абайдың
өлең құрылысын өлең теориясы тұрғысынан зерттеуі,
жетілдіру. Абайтанудың өзекті мәселелері. Абай
шығармаларының жанрын, оның ақындық мәселесімен, Абай
ақындығының арғы арналарымен
сабақтастықта зерттеу
міндеттері,т.б.
Абай ақындығының айналасы. Абайдың алдындағы
қазақ поэзиясы. Ол үйренген ақындық мектеп. Дулат және
Абай. Абай және шығыс. Абайдың өлең құрылысына,
ақындық әлеміне Шығыс әсері. Абайдың қазақ өлеңіне
Европа үлгісін енгізуі. Абай
және орыстың классикалық
әдебиеті. Абайтанудағы Абай ақындығының айналасы,
Абайдың ақындық мектебі. Абайдың ақындық дәстүрі
ұғымдарын айқындай, ажырата түсу қажеттігі. Осы
орайдағы М.Әуезов, Ғ.Сағди, С.Мұқанов, Қ.Мұхаметханов, А.
Нұрқатов,М.Мырзахметов, Ө.Күмісбаев, т.б. ғалымдардың
пікір-түйіндері.
Абай поэзиясының жанрлық қырлары. Өлең құрылысы.
Сөз өрнегі.
Абайдың
әлеуметтік, көңіл-күй лирикасы. Абайдың
поэмалары. Нәзира дәстүрі және Абай. Абайдың
қарасөздері.Арнау өлеңдері. Абай шығармаларының
сатиралық қыры. Абайдың ән өлеңдері.
Шешендік толғам,
афоризмдері. Абайдың орыс әдебиетінен аудармалары. Абай
өлеңдеріндегі ұйқас, буын, ырғақ. Абай поэзиясындағы ғаруз
ұйқасы үлгісіндегі өлеңдер.
Абай қазақ өлеңіне әкелді деген жаңалықтардың
ортағасырлық,
жыраулық
поэзиямен
байланыс,
сабақтастығы.
Абайдың ән өлеңдерінің құрылым үлгісі. Абай
поэзиясына орыс, батыс әдебиетінен енген үрдіс. Абайдың
қазақ өлеңіне енгізген жаңалық,
өзгешелігі туралы
А.Байтұрсынов, Ғ.Сағди, І.Жансүгіров, М.Әуезов,С.Мұқанов,
Е.Ысмайылов, Қ.Жұмалиев, З.Ахметов, З.Қабдолов, т.б.
ғалымдардың пікірлері.
Абайдағы алты буынды, сегіз буынды өлеңдер туралы
Қ.Жұмалиев тұжырымдары.
Абай және қазақтың жазба әдеби тілі. Абайдағы
сөзжасам. Абайдың фразеологизмі.
Абай өлеңдеріндегі
сөздердің орын тәртібі. Сөз құбылту, сөз ойнату тәсілдері.
Абай шығармаларының тілін арнайы зерттеудегі Қ.Жұмалиев
еңбегі. Абай поэзиясының тіл кестесін ғылыми негіздеудегі
Р.Сыздықованың еңбегі.
Абайдың қарасөздері. Абайдағы дін, дүниетаным жайы.
Абайдың қарасөздерге келу жайы. Абайдағы исламның
ғылыми негіздерін ұғындыру.
Абай шығармаларындағы «Махаббатпен жаратқан
адамзаттың», «Алланы сүю», «Алланың
өзі де рас, сөзі де
рас», «Өлсе, өлер табиғат, адам өлмес» өлеңдері. Абайдың
«мені» мен «менікінің», жан мен тән жайлы өлеңдері мен
қарасөздері. Абайдың 13,38 қарасөздеріндегі дін жайы.
Абайдың дүниеге көзқарасына орта ғасырдағы түрік
әдебиетінің ықпалы.
Достарыңызбен бөлісу: