12 Абайдың ақын інілері мен ұлдары
Кәкітай Ысқақұлының шығармашылық өнері. Абайдың інісі
Ысқақтың тұнғыш баласы. Кәкітай 1869 жылы дүниеге келген. Абайдыф\ң
Мағауия деген баласы Кәкітаймен құрдас болғандықтан екеуі жас бала күнінен
үнемі бірге ойнап-күліп, тату-тәтті құрбы, айырылмас дос болып өседі. Олар
екеуі сегізжасынан бастап ауыл молдасынан сабақ оқып, саутын ашады.
Кәкітаді әкесі Ысқақ он төрт жасында үйлендіреді. Кәкітай он алты жасқа
келгенде 1885 жылы бірінші баласы дүниеге келеді.
Кәкітайдың атасы Текті, тарихта белгілі, Каракерей, Мұрын руының тана мырза
атанған атақты адамының қарындасы, Жанпейістің қызы.
Қай ақынды болса да ең мол танытатын баспаға шығу болатынын айта келіп,
Мұхтар Әуезов Кәкітай туралы былай дейді:
-
Бұлжөнінде қазақтың мәдениет тарихына, Абай мұрасына ерекше еңбек
сіңірген, абай өзі тәрбиелеп, баулыған жас жұртшылықтың көрнекті өкілі
болған- Кәкітай Ысқақұлының еңбегін айрықша айту керек.
-
Кәкітай Абай шығармаларының ең алғашқы таңдамалы жинағын бірінші
рет Петербургтегі Бораганский баспасында 1909 жылы шығарды. Сол
жинақтың аяғында ақынның Кәкітай жазған бірінші өмірбаяны беріледі деп,
Кәкітайдың Абай мұрасына сіңірген ерекше еңбегін атап айтып беріп;
«Абайдың баспаға шығуында тарихтық, бірінші зор еңбек етуші-Кәкітай
дейміз, - дейді Мұхтар Әуезов
-
Кәкітай өзінше талдау-жіктеу жасаған. «Ой туралы», «Өзі туралы», «Ел
туралы», «Ғашықтық туралы» деген сияқты тақырыптарды бөліп шығарып, әр
өлеңнің мазмұнына карай мөлшермен жіктейді. Азамат соғысы кезінде 1918
жылы «Қытайға қашып бара жатқан ақтардың әскерін қуып келе жатқан
қызылдар жолда жатқан Кәкітайдың қыстауындаболып, оның үш сандықта
сақтаулы тұрған кітаптарын, қолжазбаларын өртеп кеткен. Осы себептен,
залалкес жауыздардың қиянаты кесірінен отыз жыл еңбектеніп жиған
Кәкітайдың мұралары кейінгілерге жетпеді»деген дереккөзі бар. кәкітай Абай
мұрасына ерекше зор еңбек сіңірген мәдениет қайраткері ғана емес, ол сонымен
қатар, өз заманында, саяси-әлеуметтік іске белсене атсалысқан, қоғам
қайраткері ретінде абыройлы азамат болған.
Көкбай – Абайдың талантты әрі әнші шәкірті. Көкбай – Абайдың ең
талантты ақын, әрі әнші шәкірттерінің бірі. Ол Абаймен 1880 жылдан бастап,
жиырма бес жыл жолдас, дос болған адам. Ол 1886 жылы қазіргі Семей
облысы, Абай ауданында туған. Көкбай он жасынан бастап он бес жасына дейін
Төлетай деген молдадан оқиды. Он бес жасында оқуды тастап, бозбалалық,
ойын-сауық, той-дұман құрып кетеді. Ән-күйге, өлең-жырға құштар, талапты
жас Көкбай домбыра тартып, ән салып, өлең айтып, ауыл арасының ойын-
сауығынан қалмайтын болады. Жас кезінен ширақ, пысық, өткір тілді, өжет әрі
тентектеу де болыпты. Кісінің мінез-құлқын, жағымсыз қылығын, ұнамсыз
60
жүріс-тұрысын әзіл-қалжын етіп, қолма-қол суырып салып өлең шығаруға жас
күнінен бейім болады.
Көкше ішінде Балтай, Қаркүшік дейтін руының биі, атқамінер ақсақалы –
Төребай деген адамды әжуа етіп шығарған Көкбайдың бір ауыз өлеңі елге тарап
кетеді:
Көкекте күн ұзайы жазға бастап,
Болады сонда Төкең үйден қашқан,
Үйінде жалғыз турам дәм болмайды,
Барғанда кісі үйіне сондай асқақ.
Сөйтіп, Көкібай ауылда ән салып, өлең айтып жүреді де, он жеті жасында
Семей қаласына оқуға кетеді. Оның орысша оқуға Семейге келуіне үлкен себеп
болған Әріп еді.
Ауылдан қашып келіп, орыс мектебінің есігін ашқан Көкбайдың бірінші
класта, оқу жылының бірінші жартысында оқуға осындай үлгеруі жаман
болмаса керек. Ал қала баласы Малтабаров бар сабақтан «3» деген бағаны
алады.
Көкбай оқуға түскен жылы бұл училищенің әрбір қаласында оқитын қазақ
балалары болған. Көкбай оқитын үш кластық училищеде оқитын шәкірттердің
көбі орыс балалары болады. Бұл қазақ балаларының орыс тілін жақсы біліп
шығуына ерекше пайдалы еді.
Ауылда бала жасынан домбыра тартып, ән айтып, суырып салып өлең
шығаруға машықтанған Көкбай, енді қолына қалам алып, өлең жаза бастайды.
Оқып жүргендегі алғашқы өлеңдері өзімен бір мектепте оқитын, құрбы-
құрдастарына арналған әзіл, мысқыл сияқты өлеңдер болады.
Көкбай училищеде оқып жүрген кезінде медресеге де түсіп оқиды. Кәмали
молдадан сабақ алады. Сөйтіп, Көкбай Семей қаласындағы үш кластық уездік
училищені бітіріп, және медреседе оқып, орысша, мұсылманша білім алған.
Оқуын аяқтап, елге қайтып келген соң үнемі Абайдың жанында болады. Абай
өзі жазған көп өлеңдерін бірнеше жыл бойы Көкбай атынан таратады.
Көкбайдың аты Абай өлеңі арқылы 1889 жылы баспа жүзінде мәлім бола
бастаған. Көкбай Абайдың өле-өлгенше айырылмас адал досы, ақын шәкірті
болды. Көкбайдың суырып салып айтқан өлеңдері көп болған. Ондай өлеңдерің
қағаз бетіне түсірмеген. Тек шәкірттерінің жазып алғандары, ел ауызында
ұмытылмай сақталғандары ғана бізге жеткен. Сондай-ақ суырыпсалма-
импровизатор ақындық өнерімен қатар әрі қалам қайраткері. Ол ұзақ өлеңдерін
жазып шығаратын болған. Көкбай уақиғалы үлкен шығармалар жазған, кең
құлашты эпик ақын. Оның тарихи тақырыпқа арнап жазған үлкен дастаны-
«Сабалақ».
Кенже ұлы Мағауия шығармалары. Мағауия Абайдың Ділдә деген
бәйбишесінен, әкесінің жиырма бес жасында туған. Мағауия тоғыз жасынан
бастап, төрт жылдай «кіші молда» деп аталатын татар молда Мұхаметкәрімнен
оқып, хат таниды. Мағауияны он екіге жеткенде Абай Семей қаласындағы орыс
мектебіне оқуға береді. Мағауия оқуға аса қабілетті, зерек болады. Орыс
мектебінде екі жарым жылдай оқып, науқасқа шалдыққан соң, дәрігерлердің
кеңесімен ауылына қайтады. 1885 жылдан бастап әкесінің тәлім тәрбиесінде
61
болады. Абайдың ерекше жақсы көрген, үлкен үміт күткен баласы Мағауия ұлы
ақынның ең талантты, талапты шәкіртінің бірі болады. Мағауия үнемі әкесінің
қасында болып, Абайдың өсиет, насихатын зер салып тыңдайтын, зейінді,
ұғымтал саналы шәкірт болған.
Мағауия он бес –он алты жасынан бастап өлең жазады. Бұл кезедердегі
өлеңдері - жастық, махаббат жайындағы лирикалық өлеңдер. Мағауия Абайдың
жан-жақты талантты шәкірттерінің бірі болған. Ақындығымен бірге
домбырашы, гармоншы, скрипкашы да болған. Мағауияның қазақтың өткен
өміріне арналған «Еңлік-Кебек» атты поэмасы, Африкадағы құлдар жайынан
жазған «Медғат-Қасым» атты поэмалары бар. Абайдың ақын шәкірттеріне
арнап тапсырған тақырыбының бірі «Еңлік-Кебек» поэмасын Мағауия жиырма
жасында 1890 жылдары жазады.
Мағауия өзінің ерекше адамгершілік қасиетімен, кең ақылмен, ақ көңіл,
майда мінезімен, турашыл әділдігімен өз еліне аса сүйкімді адам болады.
Жасынан жабысқан науқас Мағауияны меңдетіп жеңеді. 1903 жылы ноябрь
айынан төсек тартып жатып, 1904 жылы 12 майда 34 жасында Мағауия дүние
салады.
Әке жолын құған –Ақылбай. Ақылбай Абайдың Ділдә бәйбишесінен
1861 жылы туған тұнғыш баласы. Құнанбайдың кіші әйелі Нұрғаным, өзінен
бала болмағандықтан, Ақылбайды кішкене күнінен өз бауырына басады.
Ақылбай туғанда Абайдың өзі де жас, жаңа отау иесі еді. Сөйтіп, Ақылбай жас
күнінен Нұрғаным тәрбиесінде болып, Құнанбай баласы, Құнанбайдың кенже
тоқалының еркесі атанып өседі. Ақылбайды 9-10 жас шамасында Құнанбайдың
указной молдасы атанған Ғабитханға оқуға береді. Ақылбай 4-5 жылдай
молдадан оқу алады. Ақылбай бір жасынан бастап Нұрғаным қолында
өскендіктен және Абайдың 16 жасында туған баласы болғандықтан, өз әкесі
Абайға баласы сияқты емес, ағайындас Ырғызбайдың бір мырзасы сияқты
көрінеді.
Ақылбай Абай төңірегіндегі әржақты талантты шәкірттерінің бірі.
Ақылбайдың ақындығымен бірге ән шығаратын композиторлық өнері де
болған. Ақылбайдың ақындық атын тарихта қалдырған оның поэмалары.
Ақылбайда бізге мәлім ондай поэмалар үшеу. Олар- «Дағыстан», «Зұлыс»,
«Жаррах батыр» поэмалары. «Жаррах батыр» бізге жетпеген. «Зұлыс»
поэмасының басқы бір-екі бөлімі ғана сақталған.
«Дағыстан» поэмасының тақырыбын ақын шәкірттеріне Абай өзі ұсынады.
Бұл поэманы жазуға Ақылбай, Мағауия тағы бірер шәкірті кіріседі. Поэманы
бәрінен бұрын жазып шығып, оқыған Ақылбай болады. Поэманың тақырыбы
әділет пен жауыздық күресі, «махаббат пен ғадуат майдандасқан» тартыс.
Әділет пен жауыздық тартысы Абай поэзиясының негізгі бір желісі. Махаббат
мәселесі мен әділет, адамгершілік мәселесі Абайда бір-бірінен бөлек емес.
Махаббатың мәні адамның бас бостандығында. Байлық пен ескі әдет-ғұрып,
зорлық, жауыздық болып тұрғанда махаббат бостандығында, адамның бас
еркіне, бостандыққа жол жоқ. Ондай бостандықтың жолы – күрес. Поэма
осыны жырлайды.
62
Ал «Зұлыс» атты үлкен поэмасын Ақылбай ақын 1900 жылдары жазған.
Зұлыстар туралы поэманы әуелде Мағауия жазбақ болып жүреді екен. Кейіннен
Мағауияның денсаулығы нашар болуы себепті жазбақ поэманың ойлаған
оқиғасын ағасына айтып беріп, «Зұлысты» Ақылбай жазып шығады. «Зұлыс»
поэмасының оқиғасы ағылшын жазушысы Хаттард, Генри Райдердің
«Сүлеймен патшаның қазынасы» «Копи царя Соломона» атты әйгілі романынан
алынған. «Зұлыс» поэмасы – Абайдың ағартушы-тәрбиешілік, ақын-ұстаздық
еңбегінің жемісі. Ақылбай сияқты ақын шәкіртіне ағылшын жазушысы
Г.Р.Хаггардтың шығармаларының ішіндегі ең таңдаулысын танып тауып,
таныстырған және сол романның сарынымен поэма жаздырған Абай екені
дауыссыз.
Ақылбай жас кезінде төрт-бес жыл Құнанбай ауылының молдасынан
ескіше оқып хат танығаннан басқа ұзап оқымаған. Абайдың үлгі -өнегесімен
Ақылбай саналы азаматы, әдебиетке шын берілген ақын болады. Абайдың
әдебиет, өнер-білім жайындағы, адамгершілік, мәдениет жайындағы өсиеті
Ақылбайдың дүниеге көзін ашады.
Ақылбай ұстазы Абайдың ақылымен тау халқының өмірінен «Дағыстан»,
Африкадағы зұлыстар жайынан «Зұлыс» сияқты тамаша романтикалы поэмалар
жазып, қазақ әдебиетінде поэма жанрының жаңа түрін дамытқан, талантты,
мәдениетті ақын.
Тұрағұл Абайұлы. Абайдың екінші әйелі Әйгерімнен туған тұнғыш
баласы- Тұрағұл (Тураш). Тұрағұл әкесі туралы естелігін үлкен әңгіме етіп
жазып қалдырған. Тураш жас шағынан әкесі Абайдың қолында болып, тәлім-
тәрбиесін көп көріп өскен баласы болады. Ол жасынан зерек, ұғымтал, зерделі
болған. Әкесінің қадір-қасиетін ерте түсініп, табиғи ақындық қуатын ерте
танып өскен, Абайдың ең талапты, әрі талантты баласының бірі. Абай жалғыз
сөз өсиетіне қанағат қылмай, талантты жас шәкірттерінің сезім тәрбиесін
толтырмақ болып, 1889 жылы музыка үйретпекші болғанын, сол мақсатпен
Көкен еліндегі Мұқа деген скрипкашыны ауылына алғызғынын М,Әуезов атап
өтеді.
Абайдың осындай тәрбиесінің арқасында бала жасынан өнерге бейім
Тураш домбыра, скрипка сияқты музыка аспаптарын еркін меңгерген, шебер
музыкант, өз шешешсі Әйгерімге тартқан әнші де болады.
Жас Тураштың бойында ақындық қуаттың барын сезген әкесі: Тураш үш
ауыз өлең жазып әкелші деп баласының ақындық өнерін байқап көрмек болады.
Ақын табиғатты жанды бейне түрінде алып, оның түрлі көріністерімен
мұндасып, сырласады. Абайға шейін қазақ поэзиясында болмаған, ақындық
өнердегі жаңалық Тураштың ақындық қуатын анық танытатын өлеңі.
Тураштың жастық махаббат тақырыбына жазған өлеңдерінен сақталып бізге
жеткені екі-үш өлеңі ғана.
Жиырма тоғыз жасқа аяқ басқанда Тураш ең ауыр қайғы-қасіретке душар
болады. Оның әкесінің және бауырларының қайтыс болуы өте ауыр тиеді.
Абайдың ақындық әлемі дегеніміз мағыналық ауқымы өте кең ұғым. Абай
поэзиясы заманындағы қоғамдық өмірдің ең көкейкесті, ең күрделі және
маңызды мәселелерін қозғаған, толғаған поэзия.
63
Оның өлеңдерінде, қарасөздерінде қазақ өмірінің көркемдігі бейнеленген
телегей теңіз шыңдығы бар. Абай шығармаларының қазақ әдебиеті мен
мәдениеті тарихында өзінше бөлек, өрісі аса биік, мүлде жаңа ой-пікір, көркем
сезім әлемін ашқаны дауыссыз. Абайдың ақындық әлемі деп осыны айтамыз.
Абайдың ақындық өнердегі тарихи еңбегі казақ халқының мәдени даму,
өркендеп өсу жолындағы ерекше елеулі кезеңдерінің бірі болды. Абай өз
халқының ең ардақты асыл арманын, ой-пікірін, сезім сырын жеріне жеткізе
жырлай алатын жаңа бағыттағы, жаңа әдебиеттің атасы. Қазақ көркем
әдебиетінің көрікті әдеби тілін шырқау биікке көтеріп, өркенін өсіріп, байытқан
ұлы ақын Абай екені даусыз.
Көркем әдебиеттің заман талабына сай келіп, биік идеялы, терең мағыналы
болуы-ең негізгі қағида деп білген Абай, «қуатты ойдан бас құрап» шыққан
құдретті көркем жырымен халықтың сана сезімін сергітіп, ел көңілін өмірдің
келелі мәселелеріне аударып, болашаққа бой ұрған мұрат мақсатының
жетекшісі болды. Қазақтың ақындық өнерін нағыз халықтық, ұлттық биік
дәрежеге көтерген, тұнғыш кемеңгер қалам қайраткері де Абай.
«Ақын» деген ұғым, Абай атымен, оның әдеби еңбегімен келіп ұштасқаннан
бастап, қазақ әдебиеті тарихында жаңа мағынаға ие болып, ең ардақты атаққа
айналады. Ақынның қоғам өміріндегі орны, халық алдындағы міндеті,
абыройлы мұрат-мақсаты бұрынғыдан әлдеқайда айқындала түсті. Абай
әдебиет майданына шыққаннан бастап, қазақ жазба әдебиеті тарихында «ақын»
деген ұғым саяси-әлеуметтік мәні зор, құрметті абыройға ие болды.
Абай поэзиясы қазақ халқының ұлттық мақтанышы.
Абайдың өзі тірісінде оның айналасына жиналған талапкер, өнерлі
жастардың саны көп болған. Бұлардың ішінде әншілер, композиторлар, халық
фольклорын жынаушылар, әнші ақындар, орыс мәдениетін білуге жай көзі
ашық жастар аз емес еді. Бұлар әр буыннан шыққан болатын. Іштеріндегі жас
жағынан Абайға тетелес: Көкбай, Мұқа, Бейсембай ақын сияқтыларынан
бастап, Абайдың балалары: Ақылбай, Мағауия және інісі – Кәкітай сияқты көп
адамдар болды. Ақылбай, Мағауия, Көкбай сияқты ақындар туралы айта келіп,
Әуезов: «Бұлардың еңбектерін шолуда, алдын-ала есте тұтатын бір жайды
ескерте кету керек. Ол осы шәкірт ақындардың еңбек үлгілерінен және
айқындап көріне түсетін, Абайдың өзінің ерекшелігі болады. Өзге ақындар
«шәкірт» деп аталған соң, Абай,әрине, олардың басшысы – ұстаз ақын
болмаққа керек. Әрбір әдебиеттік мектеп осындай аға мен іні ақындардың екі
буыннан құралатын болса, өзгеше идеялары, өз халқының әдебиет тарихына
кіргізген анық тарихтық, көркемдік жаңалықтары – қысқасынан айтқанда,
барлық қасиеттері, әралуан түрде бой көрсететін болды», - дейді.
64
Практикалық сабақтарда қарастырылатын тақырыптар
1 ХІХ ғасыр әдебиетінің қазақ әдебиеттану ғылымында зерттелуі. ХІХ
ғасыр әдебиетінің теориялық тарихы.
ХІХ ғасырдағы әдебиет үлгілерінің сақталуы, басылым жайы. Қазақ
әдебиеті тарихында жанрлық, көркемдік негіздер жөнімен зерттелуі, бағаланып,
ғылыми жүйеге түсуі.
ХІХ ғасырдағы әдеби мұраны хатқа түсіріп, жүйелеп, тұжырымдаудағы
Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, Г.Потанин, В.Радлов, Ю.Лютшь, Э.Диваев,
М.Көпеев, Х.Досмұхамедұлы, А.Байтұрсынов, М.Әуезов, С.Сейфуллин,
С.Мұқанов, Ә.Қоңыратбаев, Е.Ысмайылов, Қ.Жұмашев, З.Қабдолов, З.Ахметов,
Ы.Дүйсенбаев, Б.Кенжебаев, Х.Сүйінішәлиев, С.Қирабаев, Ш.Сәтбаева,
Т.Кәкішев,
Р.Бердібаев,
Ә.Дербісәлин,
М.Мырзахметов,
С.Садырбаев,
М.Мағауин, Қ.Сыдиықов, Ө.Күмісбаев, М.Жолдасбеков, А.Қыраубаева,
М.Жармұхамедұлы, Ж.Тілепов, С.Негимов, С.Дәуітов, т.б ғалымдар еңбектері.
Ш.Уәлиханов, В.Радлов, Т.Потанин, т.б шығыстанушы-зерттеушілер қазақ
әдебиеті туралы. Шоқан Уәлихановтың қазақ өлеңін тұңғыш рет ғылыми негізде
түрге бөлуі.
М.Әуезов, А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедұлы, Ә.Бөкейханов т.б қазақ
әдебиеті тарихын жасауды қолға алуы. Әдебиеттің түрі мен тегіне байланысты
жанрлық классификация жасау. Қазақ әдебиеті тарихының, қазақ әдебиеті
теориясының алғашқы оқулықтары. Олардың ғылыми жүйесі.
ХІХ ғасыр әдебиетінің ХІХ ғасырдың І жартысындағы, ІІ жартысындағы
әдебиет болып бөлінуі, түрлі ағым-бағыттардың, әдеби әдіс-тәсілдің белгілі бір
кезеңдердегі айқындалу жөндері. Әдеби мұраны бағалау жайлы 1957 жылғы
партия қаулысы. Қазақ әдебиетінің тарихын дәуірлеу мәселесіндегі 2 концепция.
2 ХІХ ғасырдағы әйгілі айтыс ақындары
Шөже Қыржаубайұлы (1808-1895). Өмірі. Айтыстарының әлеуметтік мәні.
Орынбай, Кемпірбай, Шортанбай, Балта акындармен айтысы. Арнау өлеңдері.
"Қозы Көрпеш - Баян Сұлу" жырын жырлауы. Ақын жөнінде Шоқан
Уәлихановтың айтқаны.
Кемпірбай ақын (1834-1895). Өлердегі айтқан сөзі. Өлең өнеріне бағасы.
Айтыстары.
Орынбай Кертағыұлы (1813-1895). Өмірі. Серәлі, Тоғжан, Шөже, Шортанбай
ақындармен айтысы. Арнау өлеңдері. Олжабай батыр туралы жыры. Шоқан
Уәлихановқа қазақ поэзиясы үлгілерін таныстыруы.
Сүйінбай Аронүлы (1822-1895). Шығармашылық мұрасы. Ақын өлеңдерінің
әлеуметтік астары.Тіл кестесі.Айтыстары.
Бақтыбай. Түбек ақындар. Өмірі. Айтыстары.
Нұрым Жаршағұлұлы (1825-1896). Жоқтау, естірту, тойбастар, қоштасу.
салт өлеңдері мен айтыстары. Өзі туралы термелері. Арнаулары. "Тайсойған",
"Бүйрек" толғауларындағы әлеуметтік астар.
65
Қашаған Күржіманұлы (1840-1924). Өлең-толғау, арнаулары. Айтыстары.
Қашаған шығармаларындағы заман қалпы.
Марабай (1841-1898)."Ер Тарғын" жырының Марабай нұсқасы. "Қобыланды"
жырының Марабай нұсқасы, Марабайға Абайдың берген бағасы. Оның
шығыстанушы ғалымдар назарына ілінуі.
Қалнияз, Серәлі, Қожабай, Сақау, Ұлбике, Күдері, Сарыбай, Ақсұлу, т.б.
ақындардың айтыстарына шолу.
ХІХ ғасырдағы айтыс ақындарының шығармашылық мұра,өмірбаян деректерінің
жиналу, басылым жайы.
3 Ән өлең. Өнерпаздық, сыршылдық ағым
Біржан сал (1831-1897). Біржан әндерінің туу тарихы. Сарамен айтысы
төңірегіндегі қисындар.
Сара Тастанбекқызы (1878-1916). Арнау өлеңдері мен көңіл-күй, сенім
жырлары. Сараның толғау өлеңдері. Әдеби мұрасының зерттелуі, басылым жайы.
Ақан сері (1843-1913). «Сырымбет», «Қара торғай», «Үш тоты», т.б. ән-
өлеңдері. Ақанның сезім жырының көркемдік мәні. Өлеңдеріндегі әлеуметтік
үн.
Жаяу Мұса (1855-1929). Жаяу Мұса әндерінің А.Жұбанов тарапынан
өзгешелік жөннен бағаланып, айқындалуы. Жаяудың әндеріндегі қоғам мен
адам арақатынасының алуы ақиқатының үні.
Әсет, Мұхит, Балуан Шолақ, Үкілі Ыбырай, Майра, Мәди, Иманжүсіп
әндері. Өмірбаян деректері. Сал-серілер, әнші ақындардың ХІХ ғасыр әдебиет
тарихындағы орны.
4 Махамбет Өтемісұлы
Махамбеттің «Ұлы арман», «Ереулі атқа ер салмай», «Толарсақтан саз
кешіп», «Еңселігім екі елі», «Жәңгірге айтқаны», «Мұнар күн», «Мен едім»,
«Қызғыш құс», т.б. өлеңдеріндегі азаматтық үн, ерлік рух.
«Тарланым», «Тайманның ұлы Исатай», «Исатай деген ағам бар», т.б.
өлеңдеріндегі Исатай батырдың тарихи тұлғасы.
Махамбеттің «Мені».
Махамбет поэзиясының қазақ әдебиеттану ғылымында зерттелуі.
Х.Досмұхамбетұлы, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ә.Қоңыратбаев, т.б. ғалымдардың
Махамбет поззиясын бағалауы.
Академик Қажым Жұмалиевтің Махамбет шығармашылығын зерттеуі.
Махамбет өлеңінің теориялық негіздемесін жасаудағы академик З.Ахметов
зерттеулері.
Махамбет поэзиясының тілін зерттеудегі Р.Сыздық, Қ.Өмірәлиев еңбектері.
5 ХІХ ғасырдағы бостандық күрес жырлары
Кенесары-Наурызбай жыры. Нысанбай ақынның бұл жыры туралы
М.Әуезов, Сәбит Мұқанов, Есмағамбет Ысмайлов пікірлері.
66
Кенесары-Наурызбай жырының көркемдік сипаты. Кенесары, Наурызбай
жайлы басқа да тарихи өлеңдер.
Досқожа,Күдері ақын шығармалары.
Қазақ әдебиетіндегі «Топжарған», «Күйші», «Жасауылқырған», «Наурызбай-
Қаншайым», т.б. шығармалардағы Кенесары заманының шындығы.
Шортанбайдың «Ақжолтай Ағыбай батыр» жыры. Кенесарыға арналған
өлеңі.
«Жанқожа» батыр жыры.
6 Қоқан хандығына қараған өңірлердегі айтулы ақындар
Мәделі Жүсіпқожаұлы (1816-1888). Мәделенің мысал сөздері.
Майлықожа, Құлыншак ақындармен үндестік, туыстығы. «Қанайға», «Шөріпке»,
«Датқа-еке», «Бір жан жок болыстыққа талас емес» өлеңдері. Мәделінің мысал
сөздері. «Төренің түйесімен кеңесі», «Жолбарыс терісін киген есек» т.б.
Мәделінің шығармашылық мұрасын зерттеу. Насихаттау.
Құлыншақ
Кәмелұлы
(1831-1892).
Өмірбаян
деректері.
Шығармаларының зерттелуі. «Көлбайға», «Дүйсенбайға» арнаулары.
Батырлық ерлік дәстүрді көтере жырлап, дәріптеген өлеңдері. Айтыстары. Жазба
айтыс үлгісін, қалыптастырып, дамытуы.
Майлықожа Сұлтанқожаұлы (1835-1889). Өмірі. Ақындык. мұрасы.
Сүйінбай, Құлыншак, Айман, Гүлханым ақындармен айтыстары.
Мысалдары. Шығыс әдебиеті үлгілерінен аудармалары, сол негізде туған нәзира
шығармалары. «Нақылдар» жинағына енген шығармалары. Әдеби мұрасының
зерттелуі.
Базар Оңдасынұлы (1839-1911). Өмірі. Мұрасы. Зерттелу. басылым жайы.
Адамгершілік, дүние жаратылыс жайлы үгіт-насихат мәнді шығармалары.
«Айна-Тарақ», «Әмина қыз», «Макпал-Сегіз» дастандары. Термелері.
Будабай Қабылұлы (1842-1912). Өмірі. Шығармаларынын зерттелуі.
Жоқтау, көңіл айту жанрларын жазба түрде дамытуы. «Қоңырат Қалгезге»,
«Қыпшақ Әлтембетке» арнаулары. Қарлығашпен айтысы,
7 Зар заман ақындары
Шортанбай Қанайұлының әдеби мұрасы. Шортанбайтың «Бала зары»
жинағы (1880). Шортанбайдың «Зар заман», «Бала зары», т.б. толғауларындағы
замана күйі. Шортанбай өлеңдеріндегі ел мінезі. Шортанбайдың үлгі-насихат,
үлгі-өнеге, тәрбие мәнді толғаулары. Шортанбай толғауларындағы дін жайы.
Ақынның тіл кестесі. Өлең құрылымы. Текстологиялық мәселелер.
Шортанбай Қанайұлының шығармашылығын зерттеудің қазіргі кезеңдегі
көкейкесті мәселелері. Шортанбай Қанайұлының айтыстары, толғау өлеңдері-
қазақ әдебиетінің құнды жәдігерлері.
Достарыңызбен бөлісу: |