Хіх ғасырдағЫ Қазақ Әдебиетінің тарихы



Pdf көрінісі
бет3/11
Дата22.12.2016
өлшемі0,86 Mb.
#52
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Жаяу  Мұса.  XIX  ғасыр  қазақ  халқының  рухани  өміріне  елеулі  із 
қалдырады.  Саяси-әлеуметтік  халдың  езгісінде    ашылған  жұрттың  еркіндік 
көксеп, тұтас бір бұқаралық қозғалысқа бет алған шағы болатын 
       Халықтың  тек  тамырындағы  рухани  күштің,  зор  бұлқыныстың  туын 
көтерген Жаяу Мұса өз заманының асқан күрескері атанды. 
       Жаратылыс, Мұсаның таңдайына бояу, санасына ой зарытып туғызған. 
       Тағдыр  азап  жолын  ұсынған,  жастай  анасынан  айырып,  өгей  тіршілік 
санасын қажады. Өксігі мол  уақыттың жалғыз аяқ соқпағы ерте жетеледі. Бала 
жүрегі  бақыт,  қуаныш  іздеп  шыққан.  Азамат  болып  алғаш  түйсінгені  -  өзі 
дүниеге келген қараша үйді  қоршаған қаралы қамыт жалғыз өз мойнында емес 
екенін  сезеді.  Ендігі  мұраты  өмір  танып,  өнер  үйрену.  Намыстың  жыртық 
тесігін жамау болды. 
        Қызылжар  мен  Омбыда  өткен  аз  уақыт  Жаяу  Мұсаның  көп  жайға  көзін 
ашып  еді.  Көз  құлағы  жүйрік  қала  тіршілігі  арқылы  өзге  дүниенің  өзегінде 
болып  жатқан  жай-күйге  қанықты.  Елдің  иығында  жатқан  қасиетті  бұлттың 

 
19 
жалғыз қазақ жұртында ғана емес екенін түсінді.  Өзіндей көкірегі ояу, арқасы 
жауыр  орыс  жұмысшыларымен  танысты.  Солар  арқылы  орыс  халқының  тілін 
білуге  бар  ынтасын  салды.  Саналы,  зерек  Мұса  олармен  тез  достасқан. 
Балалайкамен  орыс  әндерін  шырқаса,  сырнаймен  құйқылжытып  татар 
халқының жырын төкті. 
    Мұсаның Шоқанмен достасуы, оның дүниетанымына, әлеуметтік халдің 
тек тамырын ажырата білуіне көп әсерін тигізіп еді. Шоқан арқылы  өзге елдің 
әдебиеті  мен  өнеріне  жол  ашты.  Омбыдағы  орыс  метебінде  сауат  аша  жүріп 
Петербург, Москва тағы басқа ірі қалаларда шығатын газет-журналдарға үңілді. 
     Әрине  бұл  жәй  кездесу  болмаса  керек.  Шоқан  сынды  көреген 
ғұламаның  Жаяу  Мұса  тағдырына  зер  сала  қарағаны  анық.  Әнші-ақынның 
болашақ  өміріне,  өнердің  идеялық  мұрат-мақсатына  бағыт  беруі  сөзсіз.  Жаяу 
Мұсаның  өз  өмірінен    күнделік  жүргізуі  Шоқанның  әсерінен,  өнеге  тәлімінен 
екені байқалады. 
  Жаяу  Мұса  өнерін  сала  қараған  жан  әнші-ақынның  орыс  халқының 
мәдениеті мен өнерінен жақсы хабардар болғанын пайымдар еді. Өлең сөзінде 
Пушкин,  Гоголь,  Кутузов,  Глинка  есімдердің  аталуы  тегін  емес.  Тіпті  мысал 
жырларының формасында Крыловтың ықпалы сезіліп тұрады. 
    Жаяу  Мұса  тек  өнер  қайраткері  емес,  үлкен  күрескер,  жеке  бунтарь, 
алған бетінен қайтпаған адам. Оның әдеби, музыкалық мұралары өте бай. 
Жаяу  Мұсаның  шығармалары  совет  композиторларының  творчествосында 
кеңінен  орын  алды.  Мұса  даланың  да,  қаланың  да  музыкалық  дәстүрін 
зерттеген  адам.  Ол  көп  жерлерде  болып,  басқа  халықтардың  да  музыкалық 
тілдерін есіткен. Ал қала музыкасына еліктегенде, Мұса алдымен орыстың қала 
әндеріне  қарайды  соның  әсерінен  келіп  ол  марш  ырғағын  меңгереді.  Марш  – 
татар  музыкасының  біте  қайнаған  бөлігі  емес,  жаңа  заман,  жаңа  қоғамдық 
құбылыс тудырған форма. Өзі тілеп барған болса да біраз уақыт Мұсаның әскер 
қатарында  болуы,  әскердің  жүріс-тұрысындағы  ұйымдасқандық,  ондағы 
ойналатын  марштардың  да  әсері  құлағында  қалып,  қазақ  даласына  ала  келуі. 
Оның  үстіне  Мұсаның  тек  домбыра  емес,  сырнай,  скрипкада  ойнауы,  оның 
репертуарында татар, орыс және басқа халықтардың музыка үлгілерінің, сөзсіз 
болуын қуаттайды. Нота сауаты жоқ заманда, халық әншілері Мұсаның аузына 
қазақша  шығарылған  әндерін  алып,  өздеріне  бейтаныс  музыка  шығармаларын 
ала  алмау  нәтижесінде  ғана  бізге  Мұсаның  бай  репертуары  жетпей  отырған 
сияқты. 
     Мұса  бұл  жағынан  Абайдан  да  өзгеше  жәйда.  Абай  қазақтың  халық 
музыкасын  бір  кісідей-ақ  терең  зерттеп,  сала-салаларын  шарлаған 
А.Затаевичтің өзі  қазақтың  ән формасынан  шығап кетті, сол  арқылы біздің  ән 
қорымыөды  мықтап  байытты.  Мұса  болса  ол  қазақтың  халық    ән  дәстүрінде 
көптеген  туынды берді де, екіншіден «ән»,  «күй» деген  екі ұғымнан  басқа еш 
нәрсені білмейтін қазақ арасына «марш», «вальс», «мазурка» ырғақтарын алып 
келді.  Тек  жаңа  түр,  жаңа  ырғақ,  сырнай  скрипкада  ойнау  арқылы  жаңа,  озат 
орындау  техникасымен  байыту  арқылы  бірінші  тыңдаған  кісіге  «татарша  не 
орысша» болып көрінетін музыка үлгілерін берді. 

 
20 
      Қорыта  айтарымыз  –  Жаяу  Мұса  музыкалық  творчество  жағынан  аса  бай, 
жан-жақты  адам  болды.  Ол  бір  жағынан  Біржан,  Ақан  дәстүрінде  шығарма, 
екінші  жағынан  қала  музыкасының  рухында  әндер  шығарды.  Оның  кейбір 
әндерінің  аяғында  сырнай  безілдедіп,  марш  ырғағында  құйқылжытып,  дауыс 
қоспағанның  өзінде,  аспаптық  жағдайында  да  әсерлі  қайырмалар,  аяқтаулар, 
музыкалық  тоқетер  қорытындылар  беруі  творчествосын  әсерлемесе,  қазақтың 
музыкалық тілін байыта түспесе, басқа ешбір жаққа бұрған емес. 
       Жаяу  Мұса  тек  өнер  қайраткері  емес,  үлкен  күрескер,  алған  бетінен 
қайтпаған адам. 
      «Жаяу  Мұса-  қазақтың  белгілі  әншісі,  өлең  шығаратын  ақын, ...., Баянауыл 
ауданы, Павладар уезі, Семейпалат губерниясынікі. Осы кезде тірі болу керек, 
бірақ  қартайған.  «Жаяу»  атанған  себебі  -  өзінің  өнерін  жаюда  ауыл  арасында 
жаяу  жүрген,  ол  оның  өзі  аттан  түспейтін,  ат  қадірлейтін  қазақ  үшін  үлкен 
кемшілік. Солай бола тұрсада оның аты халыққа тез жайылып бай қазақтар да 
құрметті  қонағындай  қарсы  алды.  Жамбасовтың  сөзіне  қарағанда,  Мұса  - 
көңілді  қарт,  қазақ  ақындарының  әдетін  қумай,  көбіне  домбырада  емес  татар 
әншілері  сияқты  скрипкада  ойнаған.  Оның  жеңіл,  ойсыз,  басқаша  айтқанда 
көңіл көтеретін мелодиялары бірыңғай  екі ширектік өлшеуге сыйып отырады, 
солай  аяғына  дейін  өзгермей,  «гатараға  лайықты»  сүйемел  кереккендей  және 
биге  шақырып  тұрғандай  болады.  Біразды  көрген  Мұсаға  мазырканың 
ырғағыда  белгілі  болса  керек»  -  дейді  А.Затаевич,  өзінің  «1000  әнге»  жазған 
түсінік сөзінде. 
Ақан  сері.  Ақан  сері  қазақтың  әйгілі  сері  ақыны,  халық  композиторы, 
Сарыарқаның  сұлу  кербез  тауы  Көкшетаудың  айнасына  сұлуән,  сұлу  жырдың 
туын тіккен, жаны, жүрегі кіршіксіз халқының ең ерке, сүйкімді ардагер ұлы. 
Ақан  серінің  Арқаның  ой  мен  қырын  тебіренде  салған  әні,  Көкшені 
күңірентіп тартқан күінің үні бұл күнгі бізге айқын естіледі., айқын сезіледі. 
Ақан  серінің  серілік  өмірі,  сұлу  лирикалы  шығармалары,  әсем  ән-күйлер 
заманалар  бойы  қазақ  халқының    тарихынды  мәңгі  жыр,  ұлы  аңыз  болып 
қалады. 
Ақан  серінің  туып-өскен  жері  сұлу  Көкшетау.  Көкшетау  қаласының 
күнбатыс-солтүстігіне  қарай  70  шақырым  Қоскөл,  Сарыкөл  деген  жер  Ақан 
серінің  бала  күнінен  мекен  еткен  жері.    Айналасы  құрақты  қалың  орман,  суы 
айнадай  жалтыр,  тұп-тұның  мөлдір.  Ақан  осы  Қоскөлдің  бойында  1843  жылы 
туды.  Әкесі  Қарамса  өз  еңбегімен  күн  көрген  шаруа  адам.  Қарамсаның  әкесі 
Жарқын Орта жүздің іргелі руы  Қарауылдың ішінде аты шулы бай болған. 
Ақын  7  жасынан  13  жасына  дейін  ескіше  оқу  оқиды.  Зирек,  зейінді, 
ұғымды Ақан 6 жыл оқығанында, ескі оқудың қиындығына қарамастан шығыс 
елінің  дүние тануы, шариғат жолдары жайынан мол ұғым алады,  әдебиетпен 
жақсы танысады. Ақан 15 жасынан серілік өмірге салынады. 
Ақанның серілік өмірі халық алдында ерекше көзге түседі. Ақаң өзі асқан 
сұлу  әнші  болғандықтан  Қарауыл,  Атығай  ішіндегі  сері,  балуан,ақын  жігіттер 
Ақанның  айналасына  жиналады.  Ақан  өлеңді  бөгемей  айтатын  суырып  салма 
жүйрік ақын болып өседі. Әнмен қатар тапқыр сөз, шешендік толғау Ақанның 
даңқын көтере бастайды. Ақан не айтса да тура, батыл, шын айтатын болады.  

 
21 
Мынау  бай,  жуан  мырза  деп  қаймығып,  жарамсақтанып  жағынып  сөйлеу 
дегенді  білмейді.  Кімнің  мінін  көрсе  де  жарып  тура  бетіне  айтатын,  алмастай 
өткір, шешен, тапқыр тілмен шенейді. Теріс мінезді адамдарды, әсіресе тентек 
мырзаларды өлтіре сынап отырған. Олардың ешбіріне дес сөз бермей өктем, ер 
өркеуделік ой сезімін үнемі өсіріп асқақтата білген. Ақанның осы турашылық, 
ерлік мінездері халыққа айрықша ұнаған. Ол отырған жерле ешбір ақын, ешбір 
шешен, ешбір сері сөз бастап ән сала алмайды, барлығы Ақанның аузына қарап, 
әніне, сөзіне құлақ түретін болады. 
Ақан  сері  бүкіл  Сарыарқаны  аралап  ән  салады,серілік  құрады.  Ақанның 
жанында үнемі 15-20 жігіт жолдастары болады. Бұлардың барлығы да бір түсті 
сұлу, жүйрік, жорға ат мінеді. Көпшілігі ақын, әнші, сері, балуан болады. 
Бұлар  жүрген  жерде  жалғыз  ән  салып,  өлең  айтып  қоймайды,  айтысы  да  
қосылып та ән айтады.  Өздерімен бірге аттарын да ойнатады. Елдің жігіттерін 
жинап күрес ашады. 
Шілдехана, қыз кешщтерін жасайды, жақсы әнші, жақсы ақын жігіттер мен 
қыздардың сөздерін, әндерін  сынға салады, жұртқа тыңдатады. 
Ақан  сері  өз  замандағы  атақты  ақын,  әнші  серілердің  бәрімен  жолдас 
болды.  Атақты  Біржан  салды  әншілік  жағынан  ұстазым  деп  біліп,  оған  үнемі 
барып,  жанына  еріп  жүріп  сұлу  Бурабайды  аралап,  шырқап  салатын  әсем 
дауысты асқақты әнін естиді, сонан үйренеді. 
Ақан  сері  жалғыз  композитор  ғана  емес,  ол  серілік  өмірімен  халықтың 
шынайы артисі де болған ірі көркем өнер қайраткері. Сері деген ардақты ат кім 
көрінгенге  беріле бермеген. Сері, сал, әнші, ақын деген атақты-халықтың театр, 
ойын – сауыққа қатысы білген ақындарға халықтың өзі берген. 
Ақан  сері  қазақтың  әдебиет  тарихында  да  айрықша  орын  алатын  ірі 
реалист ақын. Ақан сері қарапайым ақын емес, ол қазақтың жазба әдебиетінің 
стилист лирик ақыны. 
Сондықтан Ақан сері – қазақтың дана ақыны, ірі әншісі, ұлы сезімді жан 
иесі, ақын ұлы болумен бірге өршіл мінез, еркіндікті аңсаған еркін ой сезімінің 
асқар  алып символын берген ардагер батыр ұлы. 
Ақан  сері  өз  заманындағы  атақты  ақын,  әнші  серілердің  бәрімен  жолдас 
болған.  Ақан  сері  поэзиясын  стилін  музыкасындай  лирикалы  сұлу  келеді. 
Ақанның музыкасы мен лирикаларының айрықша жарқын, сұлу келетіндігі тек 
Ақанның серілік өміріне  байланысты шығарыла салған емес, ол ұлы ақынның 
эстетикалық көзқарастарына, дүниені көркемдік жолмен тану ойларына тығыз 
байланысты.  Ақан  айналадағы  өзгеріп,  қиылып  жатқан  дүниені,  жаратылыс 
әлемнің,  адамдар  өмірін  –бәрін  мәңгі  сұлулық  бейне  деп  түсінеді,  сұлу  емес 
нәрселер,  жан  иесі  Ақан  үшін  ешбір  мағынасы,  қасиеті  жоқ.  Дүниеге  тек 
сұлулықтан  тұрады  деп  біледі.  Таза  сұлулықты  ардақтаушылар-  искусствоны 
әлеумет  өмірінен  алыстатады,  олар  таза  ойдың,  таза  сөздің,  таза  қиялдың 
сұлулығына, қиял романтизм жолына беріледі. Бірақ  Ақан серінің сұлулықты 
ардақтай  жырлаған  мотиві  әлеумет  өміріне  жат  емес,  қайта  халықтың 
эстетикалық сезімін өсіріп құлпырты отыратын, Ақан сүйген сұлулықты халық 
құмарлана қарсы алып отыратын сұлу өнер. Олай болса Ақан дүниені сұлулық 
жолымен  танып  жырлауы  искусствоның  сұлулық  қасиетін  ұлы  классик 

 
22 
ақындарша  терең  мағынада  түсінгендігін,  өз  өнерін  теориялық  жағынан 
ойланып, меңгеріп алғандығын көрсетеді. 
        Өмірі  сұлулыққа  бөлініп,  Көкшенің  мұнартқан  тауларында,  орманды 
сайларында,  мөлдіреген  әдемі  көлдерінде  ерке  өскен    Арқаның  асқақ  әншісі 
Ақанды халық еркелетіп «сері» деп кеткен Оның өмірі шын мағынасында сұлу 
ертегідей, адам ойын өзіне еріксіз тартатын, шытырман, ғажайып өмір болған. 
      Ақан  серінің  махаббат,  сұлулық  бейне  мергендік,  серілік-салт,  сұлу  әйел, 
достық  жырларында  жазған  өлеңдері  қазақтық  лирикалы  поэзиясының  бір 
шұрайлы  саласын  береді.  Сонымен  қатар  Ақанның  серілік  өмірімен 
байланысты  шығарған  көптеген  өлең-  жырлары,  сұлу  әндері  әндері  сері 
жігіттердің,  ел  жастарының  аса  сүйіп  айтатын  өлең  әндерәне  айналып  кетеді. 
(«Сұлу  қызға»,  «Торыны  талға  байлап  мінген  қандай»,  «Ақ  көйлек»,  «Ақ  иық 
пен ақ түлкі», «Гауһар жақұт», т.б.) 
      Ақан « Ақ көйлек» дейтін өлеңінің бірінде ғашық жарының сипатын шебер 
суреттейді: «Ертегін ақ көйлектің алтындаған 
Ажарын ақ жаңбырдай жалтылдаған 
Сексен қыз серуенге шықса – дағы, 
Ішінде сен қоңыр қаз қаңқылдаған 
Қамалап қанша дұспан келсе-дағы 
Қалқажан айтар сөзін тартынбаған 
Болғанда сен аққу құс көлде жүрген 
Лашын құс не болады талпынбаған, 
Көз салып жалаң қызға не қылайын, 
Кигіздей уқаланып қарпылмаған...» 
  «Сексен  қыз»  ішінде  болсаң  да  сен  бәрінен  артық  ойындағы  сұлу  аққуын, 
сүйкімді  қоңыр  қазым  деп  шын  махаббат  сырын  білдіреді.  Міне  бұл 
өлеңдердегі  Ақанның  шеберлігі    тек  ғашықтықтан  туған  ішкі  сезімді  сұлу 
сипаттауда  ғана  емес,  мұнда  Ақан  серінің  үлкен  ақынтық  өнері  ерекше  көзге 
түседі. Сонымен қатар Ақан өз заманның жауыздық дүние, балық,мансап, дәлет 
адамды  аздырады,  адастырады,  әділдік,  туралы  іздеген  адам  бұл  дүниеден 
қайғылы болып өтеді, деп өз өмірінен әсер береді: 
«Дүние адастырар қуғаннан соң 
Шырмайды қол-аяғын буғаннан соң, 
Дүние аз көпшілік фани жалған 
 Басыңнан қайғы кетпес туғаннан соң 
Бұл дүние жұртты алдаған бейне базар, 
Әр адам өз әлінше базарлайды». 
Жынды  есінен  танды  деп  байлардың,  күншіл  жуандардың  өсек  қылған  адамы 
ұлы  сезімді  жан  иесі  Ақан  міне  осындай  зор  мағыналы,  саналы  терең  ойлы 
өлеңдер  жазды.  Сөйтіп  Ақан  жалғыз  серілік,  махаббат,  сұлулық,  жегіттік 
өңірдің жыршысы немесе қайғы-зардың жыршысы ғана емес, ол сонымен бірге 
әлеуметтік  өмірдің  жыршысы.  Бұл    жағынан  Ақан  зор  заман  ағымдарының 
мотивін береді. 
Біржан сал. ХІХ ғасырдағы қазақ халқы мәдениеті тарихынан елеулі орын 
алатын ірі ақындардың бірі- Біржан сал Қожағұлұлы. 

 
23 
Біржан  поэзиясының  асыл  арнасы  қазақ  халқының  бай  ауыз  әдебиетінде, 
музыкалық  фольклоры  қазынасында  жатыр.  Жасынан  ел  аралап  ділмар 
шешендермен  кездесіп,  сөз  сымбаттарын  үйреніп,  шешендік  дәстүрлерін 
игереді.  Төкпе  ақындар  өнеріне  де  жетік  болып,  талай  айтыстарға  қатысады. 
Олардың  табан  асты  өлең  шығару  әдістерін,  сергек  қабілеттерін 
меңгереді.Әсіресе,  Шөже  мен  Орынбай  сияқты  төселген  төкпе  ақындармен 
дидарласулары  әсерсіз  болмаса  керек.  Біржан  творчествосының  дұрыс  бағвт 
ұстауына  оның  ұлы  Абаймен  кездесуін  зерттеушілер  жоғары  бағалайды.  Бұл 
ретте,  біз,  Ахмет  Жұбановтың  пікірін  құптаймыз.  Ол  былай  деп  жазған 
болатын: 
«Біржанның шығармашылық өмірінде үлкен бір оқиға оның Абай аулына 
баруы.  Баста  өзінің  әдеттегі  ән  саяхаты  есебінде  барғанымен,  поэзия  алыбы 
Абайдың әсері Біржанға күшті болады. Өлең шығарудағы жаңалығы сияқты ән 
шығармашылығында да бұрынғы ата-баба салып кеткен қара жолмен ғана жүре 
бермей,  тыңна  із  салған  данышпан,  ән  еркесіБіржанның  үлкен  талант  екенін 
танып,оған тиісті баға береді. Әншінің халық шаруашылығын бабына келтіріп 
орындауымен  қатар,  өзінің  шығарған  әндерінің  терең  мазмұнына  таң  қалады. 
Оған  шейінгі  болмаған  ән  үрдісінің  бар  екенін,  дарынды  орындаушының  өзі 
сезбейтін  нақыштар  енгізуін,  ел  аралау  арқылы  көптеген  ән  дәстүрлерінен 
сусындағанын  қызықтайды.  Біржан  айлап  жатып,  өнердің  шын  бағалаушысы 
Абайдың  өзінің  және  өзінің  айналасындағы  талантты  поэзия  мен  әнді  қуған 
жастарының  сынын  есітеді.  Әсіресе,  Абай  біржанның  басына  біткен 
композиторлық, ақындық, асқан орындаушылықтың басқа қонған бақыт екенін 
айтады.  Осы  бақытты  өнімді  пайдалану  үшін  үлкен  еңбек  керек  екенін 
түсіндіреді.  Абайдың  аулында  болу,  өлең  мен  әннің  салтанатының  қайнаған 
базарын аралау Біржан үшін үлкен табыс болды. Әрбір күшті дарынға тән нәрсе 
– іздену, үйрену, жетілу, сыннан сүрінбей өту болса керек. Біржан бұл сапарын 
ізсіз  қалдырмайды.  «мен  көрдім  ұзын  қайың  құлағанын»  деген  Абайдың 
өлеңіне ән шығарады. 
Біржан  –  ақын,  лирик.  Бірақ  оның,  сөз  кестесіне  толы  төгілген 
лирикаларын  жаныңды  жайдырататын  жайдары  асқақ  үнді  әндерінен  бөліп 
қарау  мүмкін  емес.Біржан  өлеңді  көбіне  ән  үшін,  әнді  өлең  үшін  шығарған. 
Сондықтан  олар  бірге  қайнап,  бірігіп  кеткен  туындылар.  Ғашықтық 
лирикаларындағы  нәзік  сезім  дүниелерін  ол  асқан  ақындық  шабытпен  жүрек 
тебіренте  жырлап  береді.  Жастар  жүрегінің  қылын  шертіп,  іштегі  жасырын 
сырларын  ақтара  ашады.  Махаббат  күйігіне  душар  болғандар  мінезі,  олардың 
эмоциялық 
сезім 
серпіндері 
қоғамдық-әлеуметтік 
шындықтарға 
байланыстырылып,  биік  идеялық  сатыға  көтеріледі.  Осылайша,  ақын 
лирикалары  ақиқат  өмірден  туып,  әлеуметтік  қорытынды  жасайды. 
Адамгершілік  ақылдар  ұсынады.  Қазақ  жастарының  өмірге  көзқарасын 
дамытқандай  ой  тастап,  кейбір  мағынасыз  өмір  кешетіндерге  наразылық 
білдіреді.  Жас  шақтың  қоғамға,  елге  пейдалы  істерге,  өнімді  еңбекке,  өнер-
білім  ізденгіш  талапкерлікке  толы  болуды  қалайды.  Болашақ  үміт  артар 
келешек  ұрпақтың  шұғылданар  берекелі  істерін  нұсқап,  жатпай-тұрмай, 
қарекеи қылуға ел кезіпжер танып, мүмкін болса сайран салып, дүниенің төрт 

 
24 
бұрышын  түгел  шарлап  білуге  шақырады.  Мысалы,  «Сырғақты»  -  деген 
өлеңінде ақын ең алдымен өмірдің мағынасын түсіне білуді керек қылады: 
    Бозбала, саған айтар өсиетім, 
    Жақын жүр әлпештеген ардақтыға. 
    Жанып тұрған жас өмір – ал қызл гүл, 
    Сипаттауға қызығын жетпейді тіл, 
    Жауқазын желбіреген жастық шақта 
    Өмірдің мағынасына түсіне біл. 
Бұл  жолдардағы  «жақын  жүр  әлпештеген  ардақтыға»  -  дегенді  біреудің 
масайратып  өсірген  ерке  –  шолжаңын  меңзеп  отыр  деп  теріс  түсінбеу  керек. 
Жақсы  тәлім  алып  өскен,  ел  ардақтыларын  айтып  отыр.  Өмір  мағынасын 
бозбала  шақтан-ақ  түсініп,  адамгершіл  мақсаттар  үшін  талап  қылуға 
дағдыланса екен деген ізгі міндеттер жүктейді. 
«Айтбай»,  «Қаламқас»,  «Алтын  балдақ»,  «Ақ  серкеш»,  «Керкеніп», 
«Бірлән»,  «Орынтай»,  «Мақпал»,  «Ғашық  жыр»,  «Ғашығым»,  «Қалқама», 
«Ақжроғажан»,  т.б.  арнау  өлеңдері  ақынның  бойындағы  өмірі  өшпес  жастық 
жалынының жарқын бейнелері достық пен махаббат сезімдерінің айнадай ашық 
көрінісиері.  Жоғарыда  аталған  Біржан  шығармалары  –  ғашықтар  сырын 
тереңне толғайтын үлкен ақындық тебіреністің туындылары. 
Біржанның  ақындық  құдіретін  жете  танытқан  оның    айтыстары.  Әсіресе, 
Сара ақынмен айтысы. ХІХ  ғасырдағы қазақ ақындары айтыстары ішінде бұл 
айтыстың  алатын  орны  ерекше.  Өзінің  идеялық  мазмұны  жағынан  да, 
көркемдік,  образдық  сипаттарымен  де  сол  нағыз  әдеби  шығарма  дәрекесінде 
танылып,  жоғары  бағаланып  келеді.  Айтысқа  түскен  екі  саңлақ  өздерінің 
тапқырлықтарын, 
шешендіктерін, 
мәдениеттіліктерін, 
көркем 
тілге 
шеберліктерін толық танытқан.  
Біржан  салдың  мұрасын  бізге  әкеліп  жеткізген  әншілер,  ақындар  орасан 
көп,  олардың  өзі  ел  аузында  аңыз  бола  бастаған.  Біржан  салдың  әндерін 
айтушылар:  Құлтұма,  Ақан  сері,  Соқыр  Қапаш,  (Атбасар),  Жарылғапберді, 
Балуан-Шолақ, Жаяу Мұса, Естай, Ғазиз әнші. Совет дәуіріндегі Біржан туралы 
әдебиет  те  өте  бай.  Оны  келістіре  зерттеушілер  А.В.  Затаевич,  А.  Жубанов, 
Б.Ерзакович тағы басқалар.  
Біржан  айтып  таратқан  әлеуметтік  өлең-жырларын  оннан  бірі  ғана 
сақталып бізге жеткен. 
Шешеннің сөз шығады таңдайынан, 
Жұмақтың бізге мекен қандайынан? 
Бар болып байлар кімді асырайды 
Әркімнің  жазған  алла  маңдайынан,-  деген  өлеңінде  ақын  байлардың 
пейілінің  тарлығын  шенейді.  Ойын-сауық  думанға  әсем  көрініс  жүріс-
тұрыстарға, махаббаттық драмаға, көңіл-күйінің құпия сырларына толы өмірлік 
құбылыстарды  шебер  жырлап,  алуан  түрлі  әсем  әншілік,  лирикалық  сарын 
күйлер  жасау  Біржан  ақындығының  биік  бір  асуы  болып  табылады.  «Көкек», 
«Бурылтай»,  «Алтын  балдақ»,  «Ләлім  шырақ»,  «Жамбас  сипар»,  «Телқоңыр», 
«Көлбай-Жаңбай»,  «Айтбай»,  т.б  ән,  өлеңдері,  Сарамен  айтысы  Біржан  
поэзиясының мықты бір саласы. 

 
25 
Біржанның  лирикасы  халық  өлеңдерімен  тамырлас,  халық  өлеңдерінің 
әсемділік,  лирикалық  сарын  күйлерінен  туып    дамыған.  «Жамбас  сипар»-  
жастық  дәуренді  аңсаған  әсем  де  ерке  әннің  бірі.  Жастық  пен  кәрілікті 
салыстырған  ақынға  әрине  «Серттен  тайған»,  «Келін,  балаға  жақпас»  кәрілік 
шақтан гөрі есерлік пен ел кезіп, сұлулармен сырлас болған романтикалық өмір 
қызықты.  Біржанның  лирикаларында  ғашықтық,  махаббаттық  сарын  елеулі 
орын  алады.  Тіпті  «Ләйлім  шырақ»,  «Көлбай-Жаңбай»  сияқты  әзіл  –  қалжын 
аралас өлеңнің негізгі сарыны жоқтауда  емес (кейбіреулері солай түсіндіреді). 
«Ақтентек»,  «Көкек»,  «Алтын  балдақ,  «Ғашық  жар»  т.б.  өлеңдерде  жастық, 
махаббат, достық сезім күйлерін шертеді. 
«Телқоңыр»,  «Бурылтай»,  «Ақсеркем»  тағы  басқа  ән-өлеңдерімен 
айтысында  жүйрік  жорға,  сұлу  аттардың  көркем  тұлғасы  елеулі  орын  алады. 
Сұлу  ән  ,  сұлу  жыр,  сұлу  ат  ер  жігіттің  зор  мән  берген    мақтаны  саналған. 
Біржанның топты жарған майталман жүйрік ақындығы мен алты қырдан даусы 
асқан әншілік өнерін  жас қауымға зор мақтан, үлгі етіп ұсынады.  
Біржанның,  Ақанның,  Мұсаның  поэзиясын  айтқанда  олардың  ақындығын 
бастан-  аяқ  мінсіз    деуге  болмайды.  Олардың  қай-қайсысын  алсақ  та  өмір 
шындығын,  махаббатты,  байларды,  достықты  өздерінің  жырларына  қосып 
отырған. 
 
                                                             
?! 
1) Сал мен серінің қандай ортақ белгілері бар? 
2)  Біржан салдың жорға аттың сипатын суреттейтін әндерін атаңыз? 
3) Қандай жазушылар Ақан сері туралы көркем шығарма жазды? 
4) Ақан серінің адамның өсу жолына байланысты шығармаларын атаңыз? 
 
 
 
5 Махамбет Өтемісұлы және дәстүрлі жыраулық поэзия 
 
Исатай қозғалысын поэзияға арқау етіп, қимылдың тарихын, мәні мен мақсатын 
үлкен  шеберлік,  биік  шабытпен  жырлайтын  Махамбет  Өтемісұлы  1804  жылы 
қазіргі  Батыс  Қазақстан  облысының  Орда  ауданында,  Бекетай  құмы  деген 
жерде  туған  Махамбеттің  арғы  атасы  Құлмәлі  парсы  шахы  Нәдіршенің  нәсілі 
екен. Тұқымы қазақ болып кетеді. Өтемісте: он ұл болған. Олар: Бекмағамбет, 
Махамбет,  Ысмайыл,  Досмайыл,  Қожахмет  (Ахмет),  Ұса,  Иса,  Хасан,  Мұса, 
Ибрайым.    Бекмағамбет  Жәңгір  ханның  он  екі  дуан  биінің  бірі,  ол  Исатай 
қимылына қарсы болған. Бекмағамбет Жәңгір ханның он екі дуан биінің бірі, ол 
Исатай қимылына қарсы болған. Ахмет  пен Ысмайыл 1838 жылдың 12 тамыз 
күні  соғыста  қолға  түсіп,  жер  айдалады.  Өтемістің  өзге  ұлдары  кедей,  момын 
шаруалар  болған.  Бойы    2  метр,  5  см  болған  Махамбет  Исатайдан  соңғы 
беріштің (байұлы) ірі батыры.  

 
26 
 
Махамбет  жасында  Жәңгір  ханның  сарайында,  оның  Зұлқарнайын  атты 
баласымен  бірге  өседі.  Зұлқарнайын  Орынборда  оқып  жүргенде  Махамбет  те 
оның  қасында  болған.  Жәңгірдің  қара  қазақ  баласы  Махамбетті  өз  ұлының 
жасында  ұстауы  тегін  емес.  Махамбет  бала  күнінен  бастап  өлең  -  жыр  мен 
домбыраға әуес, дарынды жырау болған. Халық ортасынан шыққан ақын кейін 
көтереліске  де  белсенді  түрде  қатысады.  Тас  жарып  шыққан  бұлақтай  ойды 
тыңнан  тудырып  айтатын  от  ауызды,  орақ  тілді  Бұқардан  соңғы  жеке 
авторлығы бар толғау ақыны осы  Махамбет болды. Сонымен бірге Махамбет 
Исатай  қозғалысының  екінші  көсемі,  беріштің  көрнекті  батыры.  Батырлық 
оның  туысында  ғана  емес,  ой  - ұжданында            да  бар.  Жасында ол  батырлық 
жырларының  мөлдір  бұлағынан  сусындап,  өзінің  тағдырын  халықпен  ерте 
бірлестіреді. «Еменнің түбі сары бал» дейтін толғауында ақын:  
                       Хан-төренің кешігіп.  
                        Кідірмегі елден-ді.  
                     Батыр болмақ ойдан-ды.  
                     Айғайласып жауға ти 
                     Тәңірім білер, жігіттер,  
                     Ажалымыз қайдан-ды, - дейді.  
Ақынның  пікірінше,  батыр  болу-  ой-санадан,  ал  хандардың  жолында 
қазылған  ор  -  халық  эпосындағы  батырлар  үлгісі  болды.  «Ұл  туса»,  «Неткен 
ер», «Айныман» дейтін өлеңдерінен мұны айқын байқауға болады.  
 
Кейбір  мағлұматтарға  қарағанда,  Махамбет  халықтың  азаттық  күресіне 
Исатайдан  бұрын  ден  қоя  бастаған.  Мысалы,  1829  жылы  Жайықтың                        
бергі бетіне өткен шаруалар шекара әскерімен шайқасып, кішігірім бүліншілік 
туады,  оны  Махамбет  басқарған.  Бұл  бүліншікті  әскери  қолбасшы  Бородин 
басқан соң, ол үш жылға жер айдалады. Айдаудан келген Махамбетті тізгіндеп 
ұстау  үшін  1834  жылы  Жәңгір  оны  1836  жылы  істен  қуады.  Содан  бастап 
Махамбет  Исатай  қасында  болып,  ханнан  кек  алу,  талан  -  таражға  ем,    елге 
теңдік іздеу шарасында болды. «Аламанға жел берген» ақын сол жылдан бастап 
елді күреске шақырады. Қозғалыс туған күннен бастап өзі сол көтерілістің бел 
ортасында болады. 1837 жылдың күзінде Исатай қолы хан ордасын қамағанда 
Жәңгір  елші  жұмсап,  оларды  он  күнге  тоқтатады.  Мұнысы  –  алдау,  әскердің 
келуін күту болатын. Осы тұста Махамбет келісімге қарсы болады. 1838 жылғы 
соғыста  Махамбет  Исатайдың  қасында  болған.  Бұдан  соң  Хиуа  жеріне  кетіп, 
1839  жылы  Жайықтың  бергі  бетінде  жасырынып  жүрді.  1840  жылы  беріштің 
старшыны Ақтайдың 35 жылқысын шауып алады. Губернатор мен Баймағамбет 
сұлтан  сол  жылы  Сайдалин,  Тәуке  төрелерді  жұмсап,  оны  ұстау  қамына 
кіріседі.  Өйткені  Махамбеттің  елді  тағы  да  күреске  шақырып  жүргені 
анықталады.  Хан  тыңшысы  Мұртаза  сұлтан  1841  жылдың  4  наурызында 
Махамбеттің  Ембі  бойында  жүргенін  хабарлайды.  Баймағамбет  оған  40  кісі 
жіберіп,  Тілековтың  үйінен  ұстап  алып  кетеді.  Бұл  1841  жылдың  17  наурыз 
шамасы.  Махамбеттің  ісі  сотқа  түскенде,  ол  өзінің  көтеріліске  қатысқанын 
мойындамайды.  Сотта  Хорунжий  Шустиков  Махамбетті  ақтай  сөйлейді. 
Өйткені ол қолға түскен Шустиковты  Исатай қолынан босатуға себепші болған 
екен.  Тыныштық  тілеу  мақсатында  Махамбет  ақталады.  1841-  1845  жылдар 

 
27 
арасында  Махамбет  Назар,  Шүрен  ішінде,  хан  жерінен  шет  жүреді.  1845 
жылдың күзінде өзінің баласы Нұрсұлтанды оқуға беруге Орынборға келгенде, 
Махамбет  қайта  тергеледі.  Алаша  руының  билері  оның  сыртынан  қаралаушы 
протокол  жасап  береді.  Баймағамбет  болса:  «Махамбет  әле  де  болса  қауіпті, 
оңында  қашқындар  бар,  сотталсын,  болмаса  жерімнен  аулақ  жүрсін»  деген. 
Бұдан  соң  ол  Каспий  жағалығында  жалғыз  үй  отыратын  болған.  Осы  кезде 
оның  үйіне  Ықылас  Төлепов  жиі  барып  жүреді.  Ол  тыңшы  болып  шығады.  
1845  жылдың  қазан  айында  ойда  жоқ  жерден  Махамбет  ауылында  Ықылас 
Төлепов, Мұса Нұралиев, Жұсіп Өтеулиевтер бастаған жасақ барады. Махамбет 
Төрежан  Тұрамов  дейтін  ақынды  атып,  оғы  тимей  кетеді.  Ықылас 
«соғыспаймыз»  деп  үйге  кіріп,  дауласа  бастайды.  Сол  кезде  сырттан  кірген 
Жүсіп Өтеулиев Махамбеттін басын шауып тастайды.  
 
Махамбет  жырлары  Исатай  қозғалысының  поэзиядағы  шежіресіне 
айналған.  Қазақ  әдебиетінде  Исатай  қозғалысы  сияқты  поэзияға  мол  түскен 
қимыл сирек.  
Махамбет  Өтемісұлының  шығармашылық  мұрасының  қазақ  әдебиеті 
тарихындағы орны өзгеше бөлек. Махамбеттің ақындығы дәстүрлі поэзия мен 
жаңа  үлгідегі  әдебиеттің  бөлек  бір  арнасы.  Махамбет  шығармашылығы    ХХ 
ғасырдың  басынан  басылым  көріп,  зерттеушілер  назарында  болды.  Ақынның 
ұлт-азаттық көтеріліс тарихына қатысын, өмірбаян деректерін, шығармашылық 
мұрасын өлең үлгісі өрнегі жөнінен өзіндік тұрғыда ғылыми негізделген іргелі 
ілім – махамбеттану қалыптасып дамыды.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет