“Қиссалар” тілінің қазақ әдеби тілі тарихындағы орны
Қоғамның мәдени-рухани өмірі мен діни ұғымдарға қатысты лексиканы қалыптастырды
Сол замандағы сөйлеу тілін, оның ерекшеліктерін хатқа түсіріп, алуан түрлі сөздермен байытып отырды
Қазақ тіліне көркем шығыс поэзиясының қонымды образдарын қосты
Сол образдар арқылы жеке сөздер мен тұлғалар енгізді
Алғашқы қазақ баспа кітаптары ХІХ ғасырдың басында Санкт-Петербор, Қазан, Уфа, Орынбор қалаларында шыға бастады.
Алғашқы қазақ баспа кітаптары ХІХ ғасырдың басында Санкт-Петербор, Қазан, Уфа, Орынбор қалаларында шыға бастады.
Қазақ тілінде шыққан алғашқы баспа кітаптардың бірі саналатын «Сейфулмәлік» дастаны араб графикасымен 1807 жылы жарық көрді.
Баспа өнері ХІХ ғ. Қазан, Уфа, Орынбор, Омбы, Ташкент қалаларында, ХХ ғасырдың басында Верный, Кереку, Семей т.б. қалаларында қарқынды дамыды
Қазақ ауыз әдебиетінің туындылары – қиссалар, эпостық, лирикалық жырлар, айтыстар, діни дастандар мен аңыз-ертегілер Қазан қаласындағы Б.Домбровский, М.Чирков, Ш.Хусаинов, И.Харитоновтардың және т.б. жеке баспаханаларында басылды.