“Қисса” туралы пікірлер - Б.Әбілқасымов: “қисса (арабша «әңгіме, тарих» деген сөз) алғашқы кезде шығыс (араб-парсы) әдебиетіндегі сюжеттерге құрылған оқиғалы поэтикалық шығармалар аталса, кейін бұл термин баспа бетін көрген, өлеңмен жазылған шығармалардың бәріне телінген...”
- Р.Сыздық: “қисса атаулы әдебиет жанрына араб, парсы, үнді және өзге түркі тілдеріндегі, оның ішінде шағатай тіліндегі жазба әдеби мұралардың сюжетіне құрылып, жырланған, оқиғалы, көлемді дастан-жырларды жатқызу керек... ”
“Қиссаның” өзге жанрлардан ерекшелігі - Сюжетті, оқиғалы, көлемді шығармалар;
- Тақырыбы мен сюжеті араб, парсы, түркі тілдерінде жарияланған үлгілерден алынған;
- Грамматикалық тұлға-тәсілдерінде шағатайлық элементтер бар;
- Жазуға түскен дүниелер.
“Қиссаға” жатқызылатын шығармалар - Мазмұны, негізгі идеясы жағынан дінді уағыздайтын, тілі жағынан түркі әдеби тілінің әсері күшті қиссалар: “Зарқұм”, “Жұм-Жұма”, “Сал-сал”, “Кербаланың шөлінде” т.б.
- Мазмұны жағынан шығыстық сюжетке құрылған, идеясы адамгершілік, махаббат, ерлікті жырлайтын, лексикасы негізінен қазақ сөздерінен тұратын, бірақ грамматикасы мен орфографиясында түркі әдеби тіліне тән дәстүр кездесетін шығармалар: “Таһир-Зухра”, “Жүсіп-Зылиха”, “Қисса и Серғазы” т.б.
- Халық ауыз әдебиеті мен қазақ жыраулары шығармалары: “Қисса и Алпамыс”, “Қисса и Шортанбай” т.б.
Қиссалардың тілдік ерекшеліктері - Лексика саласында: араб-парсы, оғыз, қарлұқ, көне түркі сөздерін қолдану: нәмә, құртқа (кемпір), біту (жазу), рауан болу (жүріп кету), тармар қылу (талқан қылу), туғры иол (тура жол) т.б.
- Грамматика: 1) есімдіктердің септелуі: аның, менім, аны, бенім, менге т.б.
2) Етістік тұлғалары: -мыш (айтмыш), -ғыл/гіл (айтқыл), -ың/ің (айтың), -ғай/гей (көргейлер); 3) айтадылар, айтадыдүр т.б. 4) бірлән, бірлә, илән, керексе, йоғса т.б. - Емле саласында: с/ш, ж/й, ш/ч, п/м алмасулары кездеседі. Тышқары, қаршылық, чақлы, асман, йолны т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |