Жергілікті қазақ балалары үшін орыс тілінде бір кластық (4 жылдық), екі кластық (6 жылдық) мектептер ашылды;
Азаматтық оқу мен қатар мұсылманша оқу да дамыды;.
Қазақ тілінде тұңғыш баспасөз органдары пайда бола бастады
Алғашқы қазақ баспа кітаптары ХІХ ғасырдың басында Санкт-Петербор, Қазан, Уфа, Орынбор қалаларында шыға бастады.
Алғашқы қазақ баспа кітаптары ХІХ ғасырдың басында Санкт-Петербор, Қазан, Уфа, Орынбор қалаларында шыға бастады.
Қазақ тілінде шыққан алғашқы баспа кітаптардың бірі саналатын «Сейфулмәлік» дастаны араб графикасымен 1807 жылы жарық көрді.
Баспа өнері ХІХ ғ. Қазан, Петербург, Уфа, Орынбор, Омбы, Ташкент қалаларында, ХХ ғасырдың басында Астрахань, Верный, Кереку, Семей т.б. қалаларында қарқынды дамыды
Қазақ ауыз әдебиетінің туындылары – қиссалар, эпостық, лирикалық жырлар, айтыстар, діни дастандар мен аңыз-ертегілер Қазан қаласындағы Б.Домбровский, М.Чирков, Ш.Хусаинов, И.Харитоновтардың және т.б. жеке баспаханаларында басылды.