Хіх ғасырдағы тарихи-әлеуметтік жағдай және қазақ әдебиеті


Мұрат – патшалық отарлау саясатының зиянды зардаптарын анық болжаған ақын



бет31/110
Дата12.05.2023
өлшемі345,76 Kb.
#92378
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   110
51. Мұрат – патшалық отарлау саясатының зиянды зардаптарын анық болжаған ақын.
Зар заман ақындарының шығармашылықтарында қазақ халқының тәуелсіз кезеңінен бастап, оның Ресей империясның отарына айналуы, жерінен, қонысынан айырылуы, оның себептері, халықтың көзқарасы, ашу-ызасы, наласы, дәрменсіздігі, болашағына деген сенімсіздігі толығымен баян болады. Халықтың рухы жоғалған дәуірі Мұрат Мөңкеұлының «Үш қиян» деген толғауында былайша бейнеленген: 
«...Бұл толғау жаңа низам жүріп ел штатқа көніп, елді оязай, болыс, ауылнайлар билей бастаған заман» түріне айтылған.
Ресей империясы отарлаушыларының озбырлығы мен сұрқия саясаты Зар заман ақындарының бірі Мұрат Мөңкеұлының өлең-жырларында жан-жақты суреттеледі. Қазақ халқының шұрайлы жерлерін тартып алып, ұрпағын аздырып, діннен аулақтату сықылды империялық пиғылдың жүзеге асуына қарсыласу қозғалысы Зар заман ақындарының қайраткерлік поэзиясын өмірге әкелді. Бұрынғы жыраулар поэзиясымен үндесіп жататын өршіл рух, әсіресе, Мұрат Мөңкеұлының жырларынан айқын байқалады. Ескі тарихтық сөздерді, елдің шежірелерін Мұрат Мөңкеұлы өте жақсы білген. Мұраттың заманы - бостандық үшін «егескен ердің бәрі жер тіреген» заман. Патша үкіметінің қазаққа құрған саясатының өрлеп тұрған заманы, қазақтың бұрынғы тұрмысы өзгере бастаған, қазақтың бұрынғы кең қоныстан, сүйкімді әдеттен, еркін салттан айырыла бастаған заманы. Мұрат елдің мұңын айтады, бұрынғыны жоқтайды.
Мұраттың өлеңдерінде патша өкіметінің қазаққа жұмсаған саясаты айқын байқалады. Өкіметтің жақсы жерлерді тартып алғаны, ел қамын жегендердің қуылғаны, өлтірілгені анық айтылады. XIX ғасырдың екінші бөлімінен шыққан қара ақындардың көбі Мұраттың шәкірттері. Міне, қысқаша айтқанда, Мұраттың тілі әдебиетімізге негіз болған ел әдебиетінің тілі.
52. Мұраттың толғауларындағы халқының азып-тозбауын аңсаған романтикалық ой – армандары.
Мұрат Мөңкеұлы отаршылдық заманында қазақ жұртының қаналып, әбден қажыған сәтінде елдің жарасын жамап, қарапайым халықты өлең-жырларымен рухтандырып отырған. Ел тәуелсіздігін аңсап, халықтың бүгіні мен кешегі күндерін салыстыра жырлаған. Халықты бірлікке шақырып, ел үшін күресуді талап еткен. Қазақ батырларын қолға қару алып, жаудың бетін қайтаруға әрдайым өткір ұрандар тастаған. Түрлі саяси науқандардың тұсында зар заман ағымына әр қилы толғаулар айтады. Мұрат ақының «Үш қиян» шығармасында халықтың қара шаңырағы шайқалып, босағасы тари түскендігі қара өлеңде айқара көрсетіліп баяндалған. Адам пиғылының төмендеп, заманның азғандығын ашына сөз етеді. Өлеңдерінде жүректе қалған мұңның тап қазір болып жатқан сықылды етіп, жұртты тебірентпей қоймаған. Көшпенді мемлекеттің жазда жайлаудан, қыста қыстаудан айырылып, тығырыққа тірелгендігін, тұрмыс жағдайының күрт нашарлап, өмірге көлденең соққан жел ата-бабадан келе жатқан асыл мұраның бытшыты шыққанын жазған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет