Хіх ғасырдың І жартысындағы қазақ елінің саяси әлеуметтік хал – ахуалын сипаттаңыз


Майлықожа Сұлтанқожаұлының өмірі туралы мәліметтерді атаңыз



бет9/13
Дата29.12.2023
өлшемі93,05 Kb.
#145027
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Майлықожа Сұлтанқожаұлының өмірі туралы мәліметтерді атаңыз

  1. Майлықожа Сұлтанқожаұлы шығармаларының жанрлық түрлері, айтыстары туралы ой-пкіріңіз

  1. Майлықожа толғау-термелеріндегі философиялық ғибратты ойларға қатысты пікір-көзқарасыңыз

  1. Майлықожа Сұлтанқожаұлының мысал өлеңдеріндегі ғибратты ойларды туралы пікір-көзқарасыңыз

Майлықожа Сұлтанқожаұлы (1835-1898) - қазақтың халық ақыны (суырып салма ақын). Қазiргi Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданының Қожатоғай ауылында дүниеге келген.

Ауыл молласынан сауат ашып, ескіше хат таныған. 14 жасында әкесiнен айырылған ақын тағдыр тауқыметiн көп көрiп, терме-толғаулар шығарып айтыс өнерiне бет бұрады. Ұлдары Асан, Жолбарыс, Исабек әке жолын қуған сөз шеберi апайтөс ақындар болып өмiрден өткен.


Майлықожа Сұлтанқожаұлы XIX ғасырда өмір сүрген ақын-жыраулардың ішінде өзіндік орны ерекше, артына мол мұра қалдырып, халықтың ықыласына бөленген ақын. Атақты Жамбыл ақынның өзі оның ақындығына, ғибраты мол өлең-термелеріне «Майлықожа, Сүйінбай, пірім еді сиынған» деп бағасын да беріп кеткен.


Майлықожа Сұлтанқожаұлы өлеңдерін ауызша шығарған, өзі жазып қалдырған мұралары да кездеседі. Майлықожаның әдеби мұрасын жанры мен мазмұнына қарай бірнеше тақырыптарға бөлуге болады: ғибрат, нақылдар («Ер көгерер дұғамен», «Жолдас болсаң жақсымен», «Жақсы адам қартайса»), арнау өлеңдер («Ахмет төреге», «Тұрлыбекке», тағы басқалар), дастан- мысалдар («Қасқыр», «Тотынама», «Аңқау мен қу», «Шора батыр», «Үш жігіт»), айтыстар.


Майлықожа ақынның Сүйiнбай, Мәделқожа Жүсіпқожаұлы, Күдеріқожа, Құлыншақ, Айман-Гүлханым, Ұлбике, қырғыз ақыны Жаныстармен сөз сайыстыруы ақын атамыздың терең ойлы шындықты ту еткен бiлiмдi шайыр екенiне көз жеткiземiз.


Мысалы, замандасы Құлыншақ ақынның:


«Майлы, Майлы дегенмен май болмадың,


Жұрттан алып жегенмен бай болмадың» - дегенiне лезде сөз тауып:


Сен Құлыншақ болғалы талай болды.


Не құлын, не жабағы тай болмадың.


Немесе Гүлханым арудың:


Кедейсiң қызды жылқысы көп бай алады-деген әзiлiне:


Бибiмiз тегiн қызды күндемейдi,


Алдың деп мұны қайдан үндемейдi.


Батыр бiр оқ, бай бiр жұрт бәрi бекер,


Дүниенiң байлығы тiлде дейдi, - деп орнықты, ойлы жауап бердi.


Қырғыздың Асыл деген байының тойында қазақ ақындары бет қаратпаған Жанысты тарих жолымен жiпсiз байлап:


Молдалар кiтап оқып мән айтады.


Бiлмесе бекер сөздi неге айтады.


«Қыс-асыл әмбиенiң» кiтабында


Қырғыздың ата тегiн ит деп айтады - деп иттей қапқан Жаныc ақынды Жолбарыстай талауы Майлының мықтылығы Бұхара - Самарқанда бiлiм алғандығының септiгi.


Бiрде Қасымбек болыстың бәйбiшесi ақынның тартпа желдiгiн қойып «Үш күн күттiк бiздi бiр мақтамадың тартпа желдiгiңмен құрып кеткiр Майлықожа» дегенiне сөз сүлейi:


Қазақтың оза шапқан майлысы едiм,


Бұл өлеңiм болмаса қай кiсi едiм,


Бес-алты ауыз өлеңдi айтып берiп,


Көңiлiн қош қылайын бәйбiшенiң


Жоғалмаса құрысын тартпа желдiк


Бұрын қай ер-тоқымы сай кiсi едiм, - деп елдi риза етiптi.


Майлықожа ақынның бір топ өлеңдері Я.Лютиштің құрастыруымен 1883 жылы Ташкентте басылып шыққан «Қырғыз хрестоматиясы» кітабына енген. Майлықожа Сұлтанқожаұлы ауыз әдебиетін жақсы білген, фольклоршы Ә.Диваев мол деректерді Майлықожадан алған. Көптеген өлеңдері «Үш ғасыр жырлайды» (1964), «Бес ғасыр жырлайды» (1964), «Ай, заман-ай, заман-ай» (1991) кітаптарында және «Нақыл» (1972) атты жеке жинағында жарияланған. «Айтыс» жинағына (2 том, 1988) ақынның бірқатар айтыстары енген.


Шымкент қаласында Майлықожа Сұлтанқожаұлына ескерткіш мүсін орнатылып, бір көшеге есімі берілген.


2009 жылы Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иасауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің мәдениет орталығында ақын Майлықожа Сұлтанқожаұлының 175-жылдық мерейтойына арналған «Қазақ әдебиетіндегі кітаби ақындар дәстүрі» тақырыбында ғылыми-теориялық конференция болып өтті.


Майлықожа Сұлтанқожаұлының шығармалары негізінен ғибратқа толы. Тақырыптары түрлі саланы қамтығанымен сыни өлеңдері де жетерлік. Ал айтыстары мен термелері тәрбиелік мәнге ие.


Шындығында, ХІХ ғасырдағы ақын-жыраулар шығармаларындағы руханияттың орны бөлек. Олар өз ой-түйіндерін барынша қазақтың болмысымен әрі ұлттық дәстүрмен біте қайнасып кеткен асыл қасиеттер негізінде жырға қосып, сол арқылы келер ұрпақты адамгершілікке, тазалыққа, адалдық пен білімділікке шақырады. Ақын мұны былай жеткізеді:
Адал жүріп, анық бас,
Біреудің алма инесін.
Озбырлық қылып, зорлықшыл,
Кесірің жұртқа тимесін.
« Қасқыр» атты өлеңінде адамдардың өзі тойса да, көзі тоймайтын қасқырдың бойында болатын көрсеқызарлық,ашкөздік қасиеттерді сынап,қасқыр мінезді болмауға шақырады.
« Үш жігіт» деген өлеңде адал еңбекпен тапқан табысқа қанағат қылмай, байыған үстіне баю жолдарын көздеген ағайынды үш жігіт туралы айтылады.
« Райымқұлға», « Ноғай мырзаға», « Үш жігіт» , « Қасқыр» өлеңдерінің жалпы мазмұны адамгершілікке шақыратын, ғибраты мол сөздер.
Майлықожаның өлеңдерінен, ғибратты сөздерінен басқа айтыстары да бар.
Майлықожа ақынның Сүйiнбай, Мәделқожа Жүсіпқожаұлы, Күдеріқожа, Құлыншақ, Айман-Гүлханым, Ұлбике, қырғыз ақыны Жаныстармен сөз сайыстыруы ақын атамыздың терең ойлы шындықты ту еткен бiлiмдi шайыр екенiне көз жеткiземiз.
Мысалы, замандасы Құлыншақ ақынның:
«Майлы, Майлы дегенмен май болмадың,
Жұрттан алып жегенмен бай болмадың» — дегенiне лезде сөз тауып:
Сен Құлыншақ болғалы талай болды.
Не құлын, не жабағы тай болмадың.
Немесе Гүлханым арудың:
Кедейсiң қызды жылқысы көп бай алады-деген әзiлiне:
Бибiмiз тегiн қызды күндемейдi,
Алдың деп мұны қайдан үндемейдi.
Батыр бiр оқ, бай бiр жұрт бәрi бекер,
Дүниенiң байлығы тiлде дейдi, — деп орнықты, ойлы жауап бердi.
«Қасқыр» атты өлеңінде ақын өзі тойса да, көзі тоймайтын қасқыр мінезді жыртқыштар тобын сынайды. Қызғаншақтық пен ашкөзділік мінездерді әжуалайды.
Оңай байлыққа жетуді аңсау, қанағат қылмау – адамның бойындағы ең жаман қасиеттер деп ұққан ақын өзінің «Үш жігіт», «Аққу мен қу» толғауларында осы жұғымсыз мінездерді сынайды.
Майлының «Тотынама» толғауы да мысал сөз үлгісіндегі шығарма.
Майлықожа елдің ауыр тұрмысын, халықтың басына түскен қиыншылықтарға, жұт болған ауыр жылдар қасіретіне көптеген өлеңдер арнаған. Әсіресе, қоян жылғы аштық пен қиыншылық, шаруалар күйзелісі ақынды мықтап толғантады.
Майлы өлеңдерінің біразы қазақтың би, болыстарын сынауға арналады дедік. Мысалы, ол өзінің «Ескі мырза, манаптар, бегі, салы» атты бір өлеңінде үстем тап өкілдерін өлтіре сынайды. Олардың ұрылар жұмсап, арамнан жеп, халықты аяусыз тонап жатқанын әшкерелейді.
Ақын түсінігінше, әйелдің өмірдегі орны өзіне бөлек. Оларды ескермеуге болмайды. Үй құты, өмір көркі, семья сәні, жігіт қызығы – жақсы әйел. Әр үйдің ырысын молайтатын да, ер азаматтың даңқын зорайтатын да сол шаруаға жақсы, сыпайы, көркіне сай жан жары болмақ. Бірақ әйелдердің де «жақсы», «жаманы» бар. Олар да ерлер сияқты екі топқа бөлінеді. Әйелдің жақсылығы тек көркінде ғана емес, ісінде, адамгершілігінде, ақылы мен өнерінде. Жақсы әйел жігітке шын серік, сарқылмас ырыс.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет