Хіх ғасырдың І жартысындағы қазақ елінің саяси әлеуметтік хал – ахуалын сипаттаңыз


Ағартушылық әдебиеттің негізгі өкілдері туралы айтыңыз



бет13/13
Дата29.12.2023
өлшемі93,05 Kb.
#145027
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Ағартушылық әдебиеттің негізгі өкілдері туралы айтыңыз

Жаңа реалистік, демократтық-ағартушылық әдебиет пен дәстүрлі әдебиеттің өзара үндестігі мен көркемдік-эстетикалық бағыттарының аражігі ескеріліп сөз болды. Ұлттық әдебиетті жедел дамытқан Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Сәбит Дөнентаев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Сәкен Сейфуллин тұлғалары мен әдебиеттегі мәртебелі жаңашылдық қызметіне арнайы назар аударылды. Сол арқылы Алаш ұранды кезеңнің көркемдік шындығы зерделенді. Ұлттық әдебиеттің өрісін кеңейтіп, өресін биіктеткен бұл ұлы жаңашыл дарындардың дәстүр жалғастығы ХХ ғасырда да қанат жайды. Абай мектебі, Абай дәстүрі мен дүниетанымы ХХ ғасырдан бастап жаңа қазақ әдебиетінің алтын арқауына айналды. Осы кезеңде қазақ әдебиеті жанрлық, түрлік тұрғыдан, мазмұн мен халықтық мұрат жағынан жедел өсіп өркендеді. Әдебиеттің поэтикасы байыды, тәжірибесі молықты. Баспасөз бен әдебиет байланысы артты. Қоғам мен әдебиет аралығындағы байланыс барынша айқындық сипат алды. Әдеби байланыс өрістеді. Тұтастай алғанда, ХХ ғасырдың басында әдебиет жаңа сипаттармен толысып, ұлттық сананың сара көрінісіне жол ашты. Қазақ әдебиеті тарихының алтыншы томы осындай басты-басты сипаттарымен ерекшеленеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет