Хіх ғасырдың І жартысындағы қазақ елінің саяси әлеуметтік хал – ахуалын сипаттаңыз



бет7/13
Дата29.12.2023
өлшемі93,05 Kb.
#145027
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Шортанбайдың «Зар заман» атты толғауы — азаттықты, бостандықты сүйген, өр мінезді халқымыздың отаршылдық бұғауына шырматылып жатқан кездегі ауыр ахуалының айнасы. Ақынның əлеуметтік көзқарасы мен таптық санасын айыруға айқын дерек беретін болғандықтан, біз бұл ұзақ толғауға ерекше тоқтай түскенді жөн көрдік. Бұл туындысында жыраудың айтатыны: заман бұзылды; бұрынғы қорлар зорайып, зорлар дегеніміз қор болуға айналды; атаны — бала, ананы қыз тыңдамайтынды шығарды; бұрынғы дуалы ауыз билер сөзден қалды; орыс ұлықтары қазақ жері мен елін билеп-төстеп алды; тағысын-тағылар
Мынау ақыр заманда
Алуан-алуан жан шықты,
Арам, араз хан шықты,
Қайыры жоқ бай шықты.
Сауып ішер сүті жоқ,
Мініп көрер күші жоқ,
Ақша деген мал шықты.
Кедей қайтіп күн көрер? —
Сол себептен қорқамын.
Бір кезде еркін саналған қазақ даласын аш қасқырдай шарлаған би-болыстар мен старшын- ауылнайларды көргенде Шортанбай шын ақыр заман төнгендей тітіркеніп, ащы сөзді аямай төгеді. Жаманшылдықтың жиынтық бейнесі солар деп таниды [
Бір кезде еркін саналған қазақ даласын аш қасқырдай шарлаған би-болыстар мен старшын- ауылнайларды көргенде Шортанбай шын ақыр заман төнгендей тітіркеніп, ащы сөзді аямай төгеді. Жаманшылдықтың жиынтық бейнесі солар деп таниды

Мына заман қай заман?
Азулығы бар заман,
Азусызға тар заман!
Тарлығының белгісі —
Бірін-бірі күндеген,
Жай-жайына жүрмеген,
Жақсылар малдан түңілген,
Жамандар жаннан үңілген.
Мұның өзі зар заман!
Ақынның «Келер заман» атты толғауы
Шортанбай шығармаларын жинаушылардың бірі, ақын туралы пьеса жазған [4] жазушы Кəмел Жүністегі тапсырған мұралардың ішіндегі (Жұлдыз, 1992, № 12, 130–134 б.) «Келер заман» атты толғау — «Зар заман» толғауымен үндес туынды. Кезінде еңбектері ел арасына астыртын тараған ұлы жырау туралы Кəмел ағамыз былай толғанады: «Шортанбайдың бұл заманды болжаған толғауын 1976 жылы Анарбек жыршыдан магнитофон таспасына түсіріп алған едім. Екі рет 10 жылдан саяси лагерьде болған Анарбек ақсақал жырдың көп жерін ұмытқанын айтып отырды. Қолда барға қанағат етіп, көреген ақынның болашақ зұлмат туралы айтқанын «Жұлдыз» оқырмандарына ұсынуды парыз санадым»
Айғыр айтып сойсаң да,
Бұрынғы дінің келе ме.
Заман да заман, замана,
Кейін келер замана.
Асқар таудай əкеге
Ұл қышқырған замана.
Ақ арулы анаға
Қыз қышқырған замана,
Қылсаң жұмыс бітпейді, Күн қысқарған замана,
 Сонымен, 143 жолдан тұратын бұл толғауда да халқымыздың тайғанақ тағдыры терең бейнеленеді. Осы шығармасында елінің болашағын болжай білген Шортанбай жырау жері үшін қабырғасы қайыса отырып, тығырықтан шығар жол іздейді. Келер заманның кескін-келбетін көрегендікпен көрсете келіп, өз тарапынан тұжырым жасайды, баға береді

Қазақ әдебиетінің тарихын құрайтын осындай тұлғаларының ақындық азаматтық, ойшылдық көзқарастарының қалыптасуы – сол ақын тектес белгілі бір әдеби мектепті танытатын ерекшелік. Шынында да, Шортанбай – қазақ әдебиетінің арғы-бергі тарихындағы мұсылмандық философияға негізделген білімдар ақындығын халқының қасиетті тағдырына арнай білген азаматтық-философиялық толғаныстармен дараланған ақын. Шортанбайдың мұрасы – насихат өлең, терме, арнау, жоқтау, айтыс өлеңдері, дастан болып келеді. Шығармаларын тақырыптық-мазмұндық, жанрлық жақтарынан бірнеше салаларға бөліп қарастырамыз. Ең бастысы – мұсылмандық қағидаларды софылық-ойшылдық әдеби дәстүр аясында жырлаған насихат (үгіт) өлеңдері. Алаштың ағартушы ғалымы, ұлт ұстазы ­Ахмет Байтұрсынұлы «Әдебиет танытқыш» кітабында жазба әдебиетті «Діндар дәуір», «Ділмар дәуір» деп екіге бөледі де, «Діндар дәуір» тарауында Шортанбайдың «Билер пара жемеңіз» насихат (үгіт) өлеңін, «Атамыз Адам пайғамбар» термесін мысалға келтіреді. Демек, Шортанбай мұрасы қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу тарихында әуелден-ақ басты назарда болып келеді. Шортанбайдың мынадай насихат (үгіт) өлеңдері бар: «Мінеді әділ патша алтын таққа», «Адамның жалған дүниесі», «Қалықтаған сұңқар ем», т.б. Насихат өлеңдерінде адамзаттың осынау фәни жалғандағы тіршілік тынысын, өмір құбылыстарын қат-қабат қайшылықтар сипатында жырлайды. Нәпсінің айдауына еріп талай-талай қиғаштықтарға ұрынған Құдайдың күнәкар пенделерінің рухани тазарту жолына түсуіне үгіттейді. «Қалықтаған сұңқар ем» насихат өлеңі – діндарлық-қанағатшылдық ғұмырды өсиет ететін жыр. Бұл ақынның насихат айта отырып, қоштасу мазмұнында жырлаған арнау өлеңі. Халыққа («Тыңдаңыз, жұртым, сөзімді»), жастарға («Ендігі туған балалар»), үлкендерге («Үлкендер, саған айтайын») арналып басталатын шумақтарда ақынның нағыз гуманистік, азаматтық тұлғасы айқындалады. Арнау, қоштасу сарынында шығарылған насихат өлеңінде ақын адамзатты күнделікті күйбең тірліктегі дүниеқоңыздықтан, ұсақтықтан, өзімшілдіктен, күншілдіктен аулақ болуға шақырады. Фәни жалғанның ұлылығын жасайтын құбылыс – адамдық сұлу өмір. Адамдық сұлу өмірдің мазмұнын құрайтындар – Құдай жолына адалдық, еңбексүйгіштік, жомарттық, мейірімділік, қарапайымдылық, қанағатшылдық және т.б. қасиеттер. Ақын осындай мазмұнда өмір сүруге уағыздай келе, арман еткен осы адамдық дағдыларды маңайынан толық көре алмай жүргендігін айтып уайымдайды. Сондықтан да халқының жасына-кәрісіне келер күндердегі ұрпақтарының азып-тозбауы туралы уағыз айтады, болашақ күндерден қауіптенсе де үміттене толғанады. Ақынның шығармаларының бір саласы – термелер. Терме – халықтық тәлім-тәрбиенің негізі болатын адамгершілік, мінез-құлық қағидаларын баламалы, салыстырмалы бейнелікпен жырлайтын дәстүрлі шығарма. Шортанбайдың термелері де қазақы тұрмыстық қарым-қатынастың табиғи мазмұнындағы асыл сапалы ізгілік шапағатына бөленген қасиеттерді тере, жинақтай айта отырып, солардың барлығын да мұсылмандық қағидалармен ұштастыра жырлайды. Мысалы, Шортанбайдың «Бала зары» атты ұзақ термесі – қазақ поэзиясындағы мұсылмандық-софылық-философия тереңдіктерін шынайы таныта алатын кесек туынды. Терменің тұтас композициялық құрылысында ақын адамзатты жарат­қан Адам Атадан тарағандардың пиғылдарына қарай мұсылман мен кәпір болып бөлінуі болғанын айтады. Адамзат жаратылғаннан бері жақсылық пен жамандық арпалыса қайшыласқан қарама-қарсылықты құбылыстарға толы осынау фәни жалғандағы тіршілік тынысын философиялық ойшылдықпен, лирикалық сезімталдықпен жырлайды. Адамдық ғұмырдың реалистік өмір шындығымен суарылған тынысын айқын бояулармен елестетеді. «Бала зары» – композициялық құрылысы жағынан бірнеше тақырыптық бөлімдерден құралатын термелер ­жиыны. «Атамыз Адам пайғамбар», «Сен демек қисын емес пе?», «Ит жүгіртіп құс салған», «Жылқының құты айғыр-ды», «Жақсыны жаман көре алмас», т.б. тақырыптық-мазмұндық дербестікпен тұрған термелердің ортақ түйіні – жалпыадамзаттық, гуманистік ойларды мағыналы сөздер шоғырымен жеткізу. Шортанбай термелерінің фило­софия­лық-гуманистік мазмұны көбінесе дәстүрлі шешендік сөздердің афоризмдік оралымдарына тән бейнелікпен де өрнектеледі (Шортанбай: толғаулар, айтыстар, дастан / Құрастырған Қ.Мәдібаева, К.Жүністегі. – Алматы: Айқап, 1993. – 79 б.). Бұл термелерде адамгершілік тәрбиесінің асыл қағидаларын жеке адам мен қалың көпшілік арасындағы қарым-қатынастар мазмұнында жырлайды. Құдайдың, пайғамбардың қасиетті дінінің ұлы қағидаларын адамгершілік тәрбиесін берудегі өзекті желі етеді. Мысалы, «Атамыз Адам пайғамбар» термесіндегі жолдардың халық көңіліне қасиетті дінімізді берік ұялатуға ықпалының зор болғаны күмәнсіз. Ақын мұсылман діні жолының ұлылығын айта келіп, адамдық ортадағы пендешілік қарама-қайшылықтардың сипатын да дәл бей­нелейді. Осы терменің тұтас мазмұ­нынан қазақ халқының ежелден қалып­тасқан табиғи мінез-құлқының бұзыла бастаға­нынан секем ала жырлаған ақынның ішкі жан күйзелістері аңғарылады. Халқын әділдікпен басқарған кемеңгерлердің орнына сырты бүтін, іші түтін қуыс кеуде­лердің келіп, елді аздырғанына күйзелген ақынның күйініші, мұңы анық естіледі.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет