Elevjan SERIMOV
үш не одан да көп сөзді антонимдер де (мысалы: күн барт йер (245а) – күн тоғар
йер (245а) – батыс – шығыс) жеткілікті дәрежеде кездеседі.
Түбір антонимдер: зат есімді антонимдер: тағ (272б) – йазы (218а) – тау –
жазық, күн ай (136а) – күн мен ай, йер су (173б) – жер мен су; Түбір сын есімді
антонимдер: кең (108а) – тар (160а) – кең – тар, көп (264а) – аз (136а) – көп – аз,
түбір үстеулі антонимдер: кече дағы күндүз (173б) – түн мен күндіз.
Туынды антонимдер: бұның көп бөлігі сын есімді болып келетінін
аңдаймыз: ағыр (227а) – йенгіл (223а) – ауыр – жеңіл, арық (105б) – арықсыз (125а)
– таза – лас, аһісте (98а) – чапық (403б) - әсте – шапшаң, біліклік (119а) – білік.
Айта кетет нәрсе, екі ұдай мағына беретін сөздердің түркішесімен
моңғолшасын қатар беріп отырады. Мысалы: ғар – қар – (блудница) – кейінгі
тілімізде «мұңдар қар» деген тіркесте кездеседі, бұл тіркес батырлар жырында
мейлінше жиі ұшырайды. «Уй» – сиыр (бұқа) – 143 б. «Ғушр қойды» – қусырып
отыр – 393 б.
«Бұ тәңір діні» деген тіркестің өзі сол кезеңдерде ислам мен тәңіршілдік те
қатар болғандығының айғағындай. «Екі қат қылған» (сделанның вдвое больше) –
(304 а) тіркесіндегі «қат» сөзі тілімізде «жеті қат көк» деген сзінде кездеседі. «Йар»
– (261 а.) – друг – «дос» кейінгі нұсқасы парсыдан енген.
«Аяғын тартты» (222 б.) – абайлады деген мағынасында айтылған сөз әдеби
тілге тән белгі десе де болады.
Достарыңызбен бөлісу: