Моңғол сөздері. Орта, Орталық Азияның түркі, моңғол тілі топтарына
жататын халықтардың қоғамдық, мәдени, әлеуметтік, тұрмыстық, тарихи
қатынастары ежелден ұқсас, тіпті бір-бірімен етене жақын болып келген. Осындай
ортақ қарым-қатынас, бір қалыпты қауымдастықтың нәтижесінде оларда тіл
ортақтастығы да болғанын кейінгі зерттеушілер сөз қылып жұр. Тарихшылардың
айтуына қарағанда
39
, Моғолыстан құрамына өткен алғашқы монғол ру-
тайпалардың өздері түркі тілдерінде сөйлеген. Әр замандағы тарихи жағдайлар,
мәдени-саяси жақындық халықтар тілдеріне әсер-ықпал етіп, тілдің дамуына,
ассимиляциялануына, өзгерістер енуіне және бірнеше халыққа ортақ сөздіктер
тууына себеп болған. Жүздеген жылдар бойы қос халықтың саяси-қоғамдық,
әлеуметтік қатынасы тарихта белгілі. Шыңғыс хан империясынан бұрын да, кейін
де бір толастаған емес. Бұл тілдердегі шаруашылық, мал, мүлік, аң-құс
атауларынан кездесетін ұқсастықты осы тарихи мүдде бірлігінің ізі деп білеміз.
Мәселен, туыстық атаулардың (түркіше: «нағашы», «бажа» - монғолша: «нагацы»,
«баз») айтылу, естілу жақындығы, бұл атаулардың бір кездері екі халыққа да ортақ
болған ба деген ой келеді. Сондай-ақ бугу (монғолша: буга), бүркіт (бүргэд), ғунан
(гунан), дөнен (дөнөн), қарча (царцаа), қырғуй (хяргуй), манул (мануул), т.б.
көшпелі халыққа тән мал шарушылығына аң-құс, саятшылыққа байланысты
Elevjan SERIMOV
атаулардың қос тілде де қаз қалпында, сол күйінде айтылуы екі халықты етене
етіп, туыстастыра түсіреді.
Жалпы тарихи лексикологияда түркі, монғол тілдерінің қарым-қатынасын
үлкен екі дәуірге бөліп қарау бар: біріншісі – көне, ХІІ ғасырға дейінгі дәуір, әдетте
мұнда түркі, моңғол тілдерінің шығу тегі, базистік лексикасының түбір тұлғалар
мен сөз жасам модельдердің туыстығы, ортақтастығы немесе сәйкестігі сөз
болады; екіншісі – ХІІ ғасырдан кейінгі, яғни Шыңғысхан бастаған моңғол
шапқыншылығының біздің қоғамымызды мекен еткен ру-тайпаларды жаулап
алып, үстемдік еткен дәуір, бұл дәуірде тілдердің тарихи жағдайларға байланысты
ықпал-әсерін, өзара лексикалық ауыс-түйісті қарастырады
40, 15-16
.
Жалпы түркі тіліндегі сөздерді сөз табына қарай жіктеп, оларды моңғол
тілдеріндегі сөздермен салыстырып қарасақ, түп-тұрпаты мен мағыналары бірдей
ұқсас, үйлес сөздер көптеп кездеседі. Б.Базылханның айтуынша: «Моңғолша-
қазақша сөздікке» енген қырық мың сөздің 60% екі халыққа лілес туынды сөздер
екендігі анықталған
41, 8
. Моңғол тілдері түркі тілдерімен тек сөз байлығы
жағынан ғана емес, грамматикалық құрылымы жағынан да сәйкестігі бар. Түркі
тілдері сияқты моңғол тілдері де жалғамалы тілдердің қатарына жатады. Осындай
ұқсастыққа қарап, кейбір ғалымдар (Владимирцев Б.Я., Катанов Н.Д., Санжеев
Г.Д., т.б.) бұл тілдерді бір системалы тілдердің қатарына жатқызуды қалайды
42,65
.
Айта кетерлігі: егер түркі тілінің сөздік қорына санскрит, тибет, т.б.
тілдерден енген сөздерді есептемесек, онда түркі, моңғол тілдерінің негізгі сөздік
қорында осы екі тілге ортақ, ұйытқы сөздердің молдығын көреміз. «Қазақ тілі
моңғол тіліне басқа тілдерден ең жақын тіл»
43,8
дейтін пікір де негізсіз болмаса
керек.
Расында, моңғол мен түркі (соның ішінде қазақ) тілдеріне ортақ
элементтер фонетика саласында да көптеп кездеседі. “Моңғолша-қазақша сөздікте”
айтылғандай: “Моңғол, қазақ тілдеріне ортақ фонетикалық жүйесі, екі тілдің де
қазіргі жағдайымен есептегенде, көне моңғол тілінің фонетикалық жүйесі , қазіргі
қазақ тілінің фонетикалық жүйесімен негізінде сәйкес келеді. Ал қазіргі моңғол
тіліндегі сөздердің фонетикалық жүйесі қазіргі өазақ тілінің фонетикалық
жүйесімен салыстырғанда екі тілге ортақ сөздердің көпшілігінде сәйкеседі де, біраз
сөздерде ауытқу, сыну құбылыстары байқалады. Мәселен, көне моңғол тіліндегі
“жадағай”, чалма, сылтақ, қара, тоқа” сөздері қазақ тілінде әлі де сол қалпында
айтылса да қазіргі моңғол әдеби тілінде “задгай, цалам, шалтақ, хар, тах”
тұлғасында ұшырап, дыбыстық жүйесінде орын ауысу, алмасу, сыну құбылыстары
байқалады”
43,8
. Бұдан шығатын қорытынды қазіргі қазақ тілінің дыбыстық
жүйесіне көне моңғол тілінің дыбыстық жүйесі, қазіргі моңғол тіліне қарағанда,
бір табан жақын. Мұны моңғол-түркі тілдерінің қыр-сырына жетік И.Поппенің
“Мукаддимат” жайында айтқан моңғол тілін қамтитын бөліктегі сөздердің дені
ХІІІ-ХІУ ғасырларда Орта Азияны қоныс еткен жалайыр, барлас руларының
тілдерімен төркіндес
44, 7-8
дейтін пайымды пікірі қуаттай түседі. Тілдердегі
мұндай айырма мен ортақтастықты “Мукаддиматта” берілген көне моңғол сөздерін
қазіргі моңғол, қазақ тілдерімен салыстырғанда анық байқай аламыз. Сөзіміз
ХІІ ғасыр ғалымы әз-Замахшаридің өмірі және шығармашылығы
дәлелді болу үшін сөздіктегі түркі, моңғол тілдеріндегі кейбір мағыналық,
тұлғалық бірліктегі мәндес лексемаларға тоқталып өтпекшіміз: адасқа (402а) –
адсаға – тулақ - ҚМС (Қазақша-моңғолша сөздік) – 313-б., алақан (97б) – алга –
алақан – ҚМС – 22-б., анқыр (402а) – эмнэг хангал – тарпаң – ҚМС – 299-б.,
Арслан (402б) – арслан – арыстан – ҚМС – 48-бет, ахта (402б) – агт – ат, азбан –
ҚМС – 22-бет, баранқар (402б) – баруун қар – оң қол – ҚМС – 223-бет, барс (402б)
– барс – барыс – ҚМС – 54-бет, бішлақ (403а) – беслаг – ақ ірімшік – ҚМС – 368-
бет, бүркүт (403а) – бүргэд – бүркіт – ҚМС – 76-бет, буғу (403а) – буга – бұғы –
ҚМС – 70-бет, генжиге (404а) – шил – кежеге – ҚМС – 145-бет, ғол (404а) – гол –
негізгі, басты – ҚМС – 132-бет, ғұнан (404а) – құнан – ҚМС – 197-бет, дағуулға
(403б) – дуулға – дулыға – ҚМС – 62-бет, даруға (403б) – дарға – бастық – ҚМС –
56-бет, джарлық (404б) – зарлық – жарлық – ҚМС – 111-бет, джамадан (200б) –
чемодан – чемодан – ҚМС – 121-бет, джіміш (160а) – жимис – жеміс – ҚМС – 121-
бет, джочын (404б) – зочин – қонақ – ҚМС – 187-бет, джөген қар (404б) – зүүн гар
– сол қол – ҚМС – 275-бет, дөнен (403б) – дөнөн – дөнен – ҚМС – 91-бет, еркебчі
(404а) – хуруувч – оймақ – ҚМС – 231-бет, елчі (403б) – элч – елші – ҚМС – 97-
бет, қайчы (406а) – хайч – қайшы – ҚМС – 557-бет, қаджарчы (406а) – газарч – жол
көрсетуші – МҚС (моңғолша-қазақша сөздік) – 116-бет, қалджақчын (406а) – угалз
– құлжа – ҚМС – 197-бет, қарауул (406а) – харуул – қарауыл – ҚМС – 178-бет,
қачар (406а) – хацар – жақ, бет – 578-бет, қарча (406а) – царцаа – шегіртке – ҚМС –
351-бет, қарчығай (406б) – царцаға – қаршыға – ҚМС – 179-бет, қудуға (406б) –
худаг – құдық – ҚМС – 194-бет, қырғуй (406б) – хяргуй – қырғи – ҚМС – 205-бет,
қулан (406б) – хулан – құлан – ҚМС – 196-бет, құмқан (406б) – гуц – құман – ҚМС
– 197-бет, лачын – начин – лашын – ҚМС – 209-бет, манглай (405а) – магнай –
маңдай алды – МҚС – 298-бет, манул (405а) – мануул – мәнін – МҚС – 298-бет,
марал (405а) – марал – марал – ҚМС – 298-бет, муче (405а) – мөч – мүше – ҚМС –
223-бет, нағачу (405а) – нагац – нағашы – ҚМС – 226-бет, нохта (405б) – ногт –
ноқта – ҚМС – 228-бет, нугула (405б) – нугалах – бүктеу – ҚМС – 75-бет, нөкер
(405б) – бараа бологч – серік – ҚМС – 228-бет, оламчақ (405б) – олам – айыл –
ҚМС – 21-бет, өлең (405б) өлөң – шөп – ҚМС – 386-бет, һөні (404а) – оқтағы белгі,
кертік – хонгио – жез – ҚМС – 591-бет, тақым (407б) – тахим – тақым – ҚМС –
293-бет, тоқум – тохом – тоқым – ҚМС – 308-бет, топчы (407б) – товч – тұйме –
ҚМС – 316-бет, тор (407б) – тор – тор – ҚМС – 310-бет, торай (407б) – торай –
торай – ҚМС – 310-бет, тулан (407б) – 5 жасар мал – тулан (балық түрі) – МҚС –
477-бет, турумтай (407б) – торомдай – тұрымтай – ҚМС – 315-бет, сал (407б) – сал,
салы – ҚМС – 259-бет, сарымсақ (407а) – саримсаг – сарымсақ – ҚМС – 265-бет,
шату (407а) – шат – саты – ҚМС – 235-бет, чағдағуул (403б) – цагдаа – сақшы,
күзетші – МҚС – 674-бет, чагучек (403б) – тостаған, жижиг хул – тостаған – ҚМС –
361-бет, чоқ (403б) – цог – шоқ – ҚМС – 355-бет, чулбур (403б) – цуулбуур –
шылбыр – ҚМС – 147-бет, уғур (408а) – уур – келі – ҚМС – 147-бет, үкер ғарлугач
– (408а) – ухэр хараацаай – сиыр қарлығаш – ҚМС – 179-бет, уджағуур (408а) –
язгуур – тамыр – ҚМС – 179б-бет.
Қорыта келгенде, екі халықтың қоғамдық, әлеуметтік, тұрмыстық, тарихи
қатынастары ежелден ұқсас болғандықтан тіл ортақтастығы болған. Халықтар
Elevjan SERIMOV
тілдеріне олардың өміріндегі тарихи жағдайлар үнемі әсер етіп отырған. Негізінде
бір тілден екінші тілге ауысу, түйісу, яғни ассимиляция процесі қандайы болмасын
ол бір жақты, бір бағытта болмайды. Моңғол тілдері мен түркі тілдерінің өз ара
тығыз қарым-қатынасы екі жаққа бірдей ықпал жасады. Сондықтан да бұл
тілдердің лексикалық қорында кездесетін көптеген ортақ дүниені заңды түрдегі
субстрат, суперстрат құбылыс деп қараған жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |