Elevjan SERIMOV
болған солтүстік жағы. Үргенішті басқарған Мамун ибн Мухаммед екі бөлінген
елді бір орталыққа бағындырып, Хорезмді
біртұтас мемлекет етіп, өзіне
“хорезмшах” дәреже-лауазымын алады. Осы уақыт аралығында Оғыз (Селжұқ)
мемлекетінің қол астына бағынған ХІ ғ. ортасына дейін, хорезмшахтарының екі
әулеті билік алмастырып үлгереді. Ондаған жылдар бойына ол оғыздардың
шеткері аймағы боп қала берді. Бірақ, ХІ ғасырдың аяғы мен ХІІ ғасырдың
басында басқыншы оғыздарға қарсы күресте Хорезм ерекше күшейді.
ХІ ғасырдың орта шамасында Орта Азияға жаңа бір түркі тайпасы –
қыпшақтар басып кіріп, олардың дүмпуіне шыдай алмаған оғыздардың бір тобы
– Киев Русі мен Византияға қарай шегінеді де, ендігі бір бөлігі – Хорасан мен
Иран ауады. Соңғысында Селжұқтар ерекше көзге түседі. Сөйтіп тарих
сахнасына жаңа жұрт – түркімендер шығады. Түркімендер
өзге оғыз
тайпаларынан гөрі жергілікті иран тұқымдас халықтармен етене араласып, ежелгі
аландар мен хорезмдіктердің жұрнақтарын бойына молынан дарытады.
Осы жерде айта кетерлік бір жайт, кейбір деректер жоғарыда аталған
хорезмшахтардың шыққан тегі оғыздардың бұл арада орнын басқан қыпшақ
конфедерациясына кірген тайпалардың бірінен екенін көрсетеді. Мәселен,
қыпшақтар туралы іргелі зерттеу жүргізген автор С. Ақынжанов: “Находясь в
непосредственном близости с этим крупнейшим мусульманском государством В
Средней Азии, племена кипчакского объядинения вынуждены были втянутся в
орбиту их внешне-политических отношении, и настолько
были связаны с жизнью
Хорезма, что, возможно, из
кипчакских вождей вышла последняя самая
блестящая династия хорезмшахов”
5, 203
- деп, батыл байлам жасап, сол
болжамдарын дәлелдеуге ұмтылады. Ал В.В.Бартольд: “...После отуречивания
степи
Хорезм
больше
других
подвергся
влиянию
турецкого
элемента…последние годы ХІ в. здесь утвердилась наследственная династия
хорезмшахов, представители которых почти все носили турецкие имена”
6, 116
дейді.
Бұл айтылған деректер Хорезм мемлекетінің Дешт Қыпшақ елінің
тарихына да белгілі дәрежеде қатысы бар екенін растайды. Шыққан тегі қыпшақ,
әйгілі хорезмшах Атсыздың (Ала-уддавл Абу-л-Музафар Атсыз – 1128-1156)
ғұлама ғалым әз-Замахшариге арабша-парсыша-түркіше
сөздік жасауды
тапсыруы тегіннен-тегін емес, оның астарында әлгіндей бір сырдың жатқаны
айдан анық.
Өзіне тиісті лайық орнын таба алмай келе жатқан өз заманының ғұлама
ғалымы әз-Замахшаридің “Мукаддимат әл-адаб” сөздігі дәуірі жағынан – орта
(ескі) түркілік, жазылған жері жағынан – орта азиялық, уақыты жағынан – орта
ғасырлық (ХІ-ХІУ ғғ.) жазба мұралар қатарына жатады. Ол әлі күнге дейін толық
мәндегі ғылыми тұрғыда талданған емес. “Мукаддимат әл-адаб” (арабша
“мукаддимат” “кіріспе” деген ұғымды береді, “адаб” сөзі ХІ-ХІІ ғасырлардағы
шығыста бүкіл ғылымдардың жиынтық атауының орнына жүрсе,
ХІІ ғасырдан
бастап өз ішінде сөздік, грамматика, риторика, метрика және поэзияны қамтыған
тіл білімі мағынасында қолданылған. Сонда “Мукаддимат әл-адаб” аудармасы –
“Тіл біліміне кіріспе”. Ол – Орта Азияда Дешт Қыпшақ, Хорезм, Қарахан, Селжұқ