науқас, аудармашыға толық сене алуы қажет, бұл саяси және ұлттық (үйлесімділікті) сәйкестікті талап етеді. Аудармашы объективті және ауруға қатысы жоқ адам болуы қажет; сондықтан аудармашылық қызметке туыстар мен жақын дос-жарандар жарамайды;
аудармашының ұстанымы жағдайға кәсіби тұрғыдан қарауды талап етеді. Сондықтан, сыйлай алатындай мейірімді, жылы қатынас қажет; шыдамсыз немесе тым жанашыр қатынас болмауы тиіс;
аудармашы өте анық, нақты, сол қалпында, еш өзгертусіз аударуы тиіс. Және науқастың ойын түйіндеуге тырыспай, бір жақтан сөйлеуі тиіс. Әңгімелеспес бұрын аудармашымен қозғалатын тақырып жайында алдын-ала сөйлесіп алған дұрыс, ал соңында аудару кезіндегі қиындықтарда бірлесіп талқылаған жөн;
аудармашы өз өміріне қатысты кейбір жағдайларды аудармай қалдырып отыруы мүмкін. Мысалы, аудармашы өзінің қиындығына, күйзелістеріне ұқсас жағдайларды, тастап кетіп отыруы мүмкін. Сондықтан, мұндай тұстарды аудармашы өзі түсінуі қажет.
Тілді түсінбесе де дәрігер науқастың көзіне қарап, жылы шырай танытып отыруды тоқтатпауы тиіс;
Кейде аудармашыға науқас эмоциясы мен сезімдері жөніндегі ойларын сұрап отыруға да болады.