Хііі дәріс. Коммуникативті үрдіс, дағдылары туралы түсінік. Мейірбикенің кәсіби жұмысындағы коммуникативтік дағдылардың маңызы


Суицидтік мінез құлықтың психологиялық ерекшелігі



бет33/38
Дата19.12.2023
өлшемі257,94 Kb.
#140946
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38
Байланысты:
Хііі дәріс. Коммуникативті үрдіс, дағдылары туралы түсінік. Мейі-emirsaba.org

1.2.Суицидтік мінез құлықтың психологиялық ерекшелігі
Суицид саналы түрде жасалатын әрекет. Адамның жаны қиналған кезде немесе психикалық аурудың өрбуінен пайда болады. Сондай - ақ науқас адамның стресстік күй кезінде шешім, таба алмауынан, артық қиналғысы келмеген жағдайдан, жанының әлсіздігінен, өкіну, уайымдаудан көруге болады. Науқас адамдардың психикалық күйі тұрақсыз болады. Олар өз-өздерін бақылацй алмайды, не айтып жатқанын, не істеп жатқанын білмейді, агрессивті мінез-құлқы басым болады. Ал, кейбіреулерінің көңіл күйлері жоғары, қимылы тез, мазасыз т.б. болады. Бұндай орынсыз қылықты сырттағы адамдар тез байқайды. Олардың ұйқысы, түсі бұзылады, денесінде әлсіздік байқалады. Олар өздеріне жоғары талап қояды, өз-өздерін бағалауы төмен болады. Басқалармен ашық сөйлесе алады, олардың жағдайларын түсінуге тырысады, өз беттерімен шешеім қабылдауға қиналады, өз бетімен жүре алмайды, өмірге құштарлығы төмендейді, өзін басқалардан кем санайды. Өзіне-өзі қол салатын адамдар бұлар әлсіз, әрі батыл адамдар.
Әлсіздігі - өмірмен күрескілері келмейді, қиналады.Батылдығы - өз өмірін қорықпай қиюы. Анық - бұл жағдайда өмірге деген қызығушылығы таусылған адам өлімге өзін ұзақ дайындайды. Шынайы суицидке қашан да жабырқау дағдарыстық жағдай немесе өмірден бас кешу жайлы ой, өмір сүрудің мәні жайлы ойланып, күйзелу және өз өмірін қиюды армандау жатады. Шынайы суицидті іске асыру ұзақ уақытты талап етеді (бірнеше күннен айға дейін немесе одан да көп болуы мүмкін).
Жасырын – алдын ала ойластырылмайды, ол кенеттен пайда болады. Адам өзін өлімге арнайы дайындамайды. Тек саналы түрде тәуекелге бел буу күтпеген өлімге алып келеді. Ол кенеттен қатты психотраммадан туындайды.
Демонстративті суицид - өлім ниетімен байланысты емес, қайта өз проблемасына назар аудартудың әдіс-құралы, басқаларды көмекке шақыру. Біреуге бір нәрсе дәлелдеу үшін өз-өзіне қол жұмсайды. Демонстративті суицид – даулы жағдайды қолайлы жаққа өзгерту мақсатында өз өмірінің құндылығын сақтап қалу, өзіне көндіру іс-әрекеті (өзіне деген аяушылық туғызу, қиыншылықтардан құтылу). Демонстраивті суицид кезінде адамдар өлімге жол бермеу керекктгін түсінеді, ересектер арасында 10-нан біреуі ғана, ал жасөспірімдер 50- ден немесе 100- дің біреуі ғана өз-өзіне қол жұмсайды.Қыз балаға қарағанда ер жігіттер 2 есе артық өзіне қол жұмсайды, дегенмен қыздар осы талаптарды жиірек қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет