Хііі дәріс. Коммуникативті үрдіс, дағдылары туралы түсінік. Мейірбикенің кәсіби жұмысындағы коммуникативтік дағдылардың маңызы


І.Жасөспірімдер арсындағы суицидалды мінез-құлық 1.1. Жасөспірімдердің психологиясы



бет32/38
Дата19.12.2023
өлшемі257,94 Kb.
#140946
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   38
Байланысты:
Хііі дәріс. Коммуникативті үрдіс, дағдылары туралы түсінік. Мейі-emirsaba.org

І.Жасөспірімдер арсындағы суицидалды мінез-құлық 1.1. Жасөспірімдердің психологиясы
Жасөспірімдер 11 – 16 жас аралығындағы балалар. «Жасөспірім» сөзінің мағынасы ішкі дүниенің негізгі тенденциясының дамуын көрсетеді. Жасөспірім шаққа аяқ басқан баланың қалыптасуындағы түбегейлі өзгерістер сана-сезімінің дамуындағы сапалық өзгеріспен анықталады. [11/ 27-б]
Олардың физиологиялық, дене құрылысының, күшінің, жыныстық бездерінің қатты дамуын байқауға болады. Сондықтан да осы жас аралығында балалар өздерін ересектер қатарына қосады. Жасөспірімдер басқалардан ерекшелену мақсатында мінездерін көрсетеді. Әсіресе, бұндай көңіл-күй, ер балаларда 11-13 жаста, қыз балаларда 13-15 жаста көптеп кездеседі. Осы кезеңнен балалар мінез қыңырлығымен сипатталады. Жасөспірімдер өте еліктегіш болады, егерде олардың еліктеуі орынсыз болса, баланың тәрбиесі қиындайды, еңбек, күш қабілеті төмендейді. Жасөспірім өзін бала емес екенін сезініп, сенімсіз болады. Оларды «Мен кіммін?, «Не үшін өмірге келдім?» деген сұрақтар көп мазалатады. Ол өзіне, өзгеге сын көзбен қарайды. Көп жағдайға көңілі толмайды. Беделге ұмтылу дағдарысы отбасында әкесі мен шешесіне қарсы шығудан көрінеді. Жасөспірім билікке, тәртіпке, жалпы қабылданған ережелерге қарсы шығып, мойындаудан бас тартады. Шындықтан қашу, қалыпсыз мінез-құлыққа, секталарға, жастар қоғамына кіруге ұмтылудан көрінеду. Олар өте қызыққыш болады, мысалы, қызық кітап, фантастика, марка, значок, кассета, фото, кино, әнге құмарлық, құмарлық т.б. кейбіреулері жағымсыз қылықты құмарлатады, мысалы, саудагерлікке, шылым шегу, ақшақұмарлыққа т.б.Сондықтан ата-ана мұғалім бір-бірімен өзара байланыс жасап, үйдегі мінез-құлқы мен мектептегі мінез-құлқын бақылап отыру керек.Ата-ана мен мұғалімдер жасөспірімдерге ересектердің міндетін артады, балалардың құқығын шектейді. Бір тапсырманы орындамаса, «неге орындамадың, қашанғы бала боласың?» дейді. Ал, жасөспірімдер бір нәрсеге ересектік талпыныс жасаса, «Сен әлі баласың» дейді. Ересектер баланың жаман жолға түсіп кетуінен сақтанады.
Жасөспірімдер балалық кезеңнен өткеннен кейін, ата-анамен қарым-қатынастан құрбыларымен қатынасқа, ой бөлісуге көшеді. Ересектің пікірінен гөрі, құрбыларының пікірін артық санайды. тек жасөспірімдер бір-бірін түсінеді, себебі ортақ әңгіме, ортақ идел, ортақ кейіпкер, ортақ пікір, ортақ ойын, ортақ демалыс, ортақ сезім, ортақ мұң, ортақ қуаныш-бәрі ортақ. Сол ортақты бөліседі.Жасөспірімнің өзіндік «МЕНІ» жоғары болады. Олар ересек адамдарға еліктегендіктен, солар сықылды қылықтар жасап, оны үлгі тұтады. Кейбір жағымсыз мінез-құлықты дұрыс деп санайды.
Ересектер жасөспірімнің намысына тимеуі тиіс, олар өте намысшыл болады, оларға үнемі сенімділік артып, кішкентай сәл ғана жетістіктермен мадақтап, «Сенің қабілетің бар, сенің қолынан келеді, мен саған сенемін» т.б сөздерді қолданып, психологиялық тұрғыдан дені сау адам етіп шығару керек. Олар достыққа, жолдастыққа берілген болады. Досының, жолдасының алдында адал, сатқындықты көтермейді, кешпейді. Егер жасөспірім сенімді жолдас болып, басқаға дос бола берсе онда мақсатына жеткені. Ал, егерде достарының алдында күлкіге қалса, оппозицияға ұшырайды, өзінше топ құрып сыныптың, мұғалімнің берекесін алып, бұзық жолға түседі. Осыдан «қиын оқушы» туындайды. Егерде олар сыныптан, мектептен өз орнын таппаса, сол орынды сыртқы ортадан табады. Сыртқы орта оны түсінеді, сыйлайды. Жасөспірім келеңсіздікке ұшыраса, одан шығу өте қиын болады. Себебі бұзақылық тобынан шықққан адам сатқын болады. Олар сатқындықты кешірмейді, қатаң жазалайды, өмірін де қиып жіберуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет