Хііі дәріс. Коммуникативті үрдіс, дағдылары туралы түсінік. Мейірбикенің кәсіби жұмысындағы коммуникативтік дағдылардың маңызы


) Аудармашымен жұмыс жасауда дәрігер нені білуі қажет?



бет30/38
Дата19.12.2023
өлшемі257,94 Kb.
#140946
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   38
15) Аудармашымен жұмыс жасауда дәрігер нені білуі қажет?
Дәрігердің сұрақтарын (сөздерін) аудару барысында жіберілетін қателердің барлығы дерлік: сұрақтың түрін өзгертуге байланысты, ашық сұрақтан жабық түрге ауыстыру және керісінше; сұрақтың мазмұнын өзгертумен және өзінің ойларын қосумен байланысты, жауаптарды аудару кезінде: жауаптың жартысын аудармау, яғни жауапты қысқарту; өзінің ойын қосу; тілді жақсы білмегендіктен кететін қателер. Аудармашылармен жұмыс жасауда Van der Veer (1998) мынандай ережелерді ұстануды жөн деп санайды:
  • науқас, аудармашыға толық сене алуы қажет, бұл саяси және ұлттық (үйлесімділікті) сәйкестікті талап етеді. Аудармашы объективті және ауруға қатысы жоқ адам болуы қажет; сондықтан аудармашылық қызметке туыстар мен жақын дос-жарандар жарамайды;


  • аудармашының ұстанымы жағдайға кәсіби тұрғыдан қарауды талап етеді. Сондықтан, сыйлай алатындай мейірімді, жылы қатынас қажет; шыдамсыз немесе тым жанашыр қатынас болмауы тиіс;


  • аудармашы өте анық, нақты, сол қалпында, еш өзгертусіз аударуы тиіс. Және науқастың ойын түйіндеуге тырыспай, бір жақтан сөйлеуі тиіс. Әңгімелеспес бұрын аудармашымен қозғалатын тақырып жайында алдын-ала сөйлесіп алған дұрыс, ал соңында аудару кезіндегі қиындықтарда бірлесіп талқылаған жөн;


  • аудармашы өз өміріне қатысты кейбір жағдайларды аудармай қалдырып отыруы мүмкін. Мысалы, аудармашы өзінің қиындығына, күйзелістеріне ұқсас жағдайларды, тастап кетіп отыруы мүмкін. Сондықтан, мұндай тұстарды аудармашы өзі түсінуі қажет.


  • Тілді түсінбесе де дәрігер науқастың көзіне қарап, жылы шырай танытып отыруды тоқтатпауы тиіс;


  • Кейде аудармашыға науқас эмоциясы мен сезімдері жөніндегі ойларын сұрап отыруға да болады.




ХХV - дәріс.
ХХVІ - дәріс.


Депрессиялық емделушілермен және суицидтік ниеттегі емделушілермен қарым-қатынас


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет