Химико биологическая серия 1 2014


Е. Т. Казкеев, А. С. Абаш, Б. Ж. Турманова



Pdf көрінісі
бет81/101
Дата06.01.2022
өлшемі1,29 Mb.
#14244
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   101
Е. Т. Казкеев, А. С. Абаш, Б. Ж. Турманова

ӨСІМДІКТЕРДІҢ ВИРУСТЫҚ АУРУЛАРҒА 

ТӨЗІМДІЛІГІНІҢ МОЛЕКУЛАЛЫҚ НЕГІЗІ 

Бұл мақалада авторлар табиғи жолмен вируспен зақымдалған 

немесе  нәтиже  үшін  арнайы  вирус  жұқтырылған өсімдіктермен 

жасаған  тәжірибелері  негізінде  сол  өсімдіктердің  вирустық 

ауруларға төзімділігіне генетикалық және молекулалық тұрғыдан 

сипаттама береді.

Ауыл шаруашылық дақылдарына өсімдік вирустарының тигізіп жатқан 

шығыны орасан зор. Қазіргі таңдағы соңғы  ғылыми деректерге сүйенсек, 

өсімдіктердегі вирустардан ауыл шаруашылығындағы мәдени дақылдармен 

қоса астық тұқымдастарының өнімі айтарлықтай азайып, жылына 6 миллиард 

доллардан аса шығын келтіруде, мысалы,  дүние жүзі бойынша картоптың 

экономикалық  шығыны 2008 жылы 3,77 миллиард доллар құрады (1,059,000 

шаршы ярдқа) және оның  жалпы егін шығынының 9-22% тек вирустық 

инфекция әсерінен болады [1]. 

Potato virus X (PVX)  экономикаға келтіріп жатқан шығыны 3,77 миллион 

доллар, шамамен егін шығынының 10% құрайды.  Ал пішеннің тек вируспен 

зақымдалуы 55%-дан жоғары. Tomato spotted wilt virus вирусы  көптеген 

өсімдік  түрлерін,  мысалы    қызанақ,  жаңғақ  және  темекіні  зақымдайды. 

Вирустардың тірі ағзада тіршілік етуі қожайын клеткасында мысалы үшін  

хлороз, некроз ауруларын тудыртып, фотосинтез процесінің бұзылуына және 

өсімдік биомассасының төмендеуіне, соңында өсімдіктің өліміне әкеледі. 

Жалпы  вирустардың  таралуын  бақылау  өте  қиын.  Осыған  байланысты 

өсімдіктердің вирустарға төзімділігінің механизмін зерттеу, сонымен қатар 

вирустық  аурулармен  күресуде  жаңа  тиімді  әдістерді  қоршаған  ортаға 

қауіпсіз етіп құрастыру үлкен теориялық және практикалық  маңызға ие [2]. 

Вирустық ауруларды бақылауда және өсімдіктерді зиянды көздерден 

қорғауда бірнеше биотехнологиялық әдіс-тәсілдер бар, олар:

Қолайсыз жағдайға төзімді өсімдік тобын өсіру;

Саңырауқұлақ, бактерия, вирустармен күресудің химиялық әдістері;

Зиянкестермен күресудің биологиялық жолы. Күресу жолдарының ең  

негізгісі болып өсімдік пен қожайынның бір-біріне өзара қарсы тұруы [3].

Вирустың  жасушасыз  формасын  вирион  деп  атайды.  Вирустардың 

генетикалық  материалы  нуклеин  қышқылының  екі  типінің  біреуінен 

тұрады (РНҚ және ДНҚ), вирустардың басқа өмір формаларынан ең негізгі 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет