Химико биологическая серия 1 2014


ISSN 1811-184X. Вестник ПГУ



Pdf көрінісі
бет82/101
Дата06.01.2022
өлшемі1,29 Mb.
#14244
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   101
ISSN 1811-184X. Вестник ПГУ

серия 

ХИМИКО - БИОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. № 1

94

95

айырмашылығы - өзіндік жеке ақуыз синтездеуші жүйенің жоқтығы. Сонымен 

қатар,  ультрамикроскопиялық  мөлшерде  болуы  (нанометрде  өлшенеді: 

20нм-2000нм дейін.) және вирустар өсуге және бинарлы бөлінуге қабілетсіз, 

олар  өзінің  геномдық  нуклеин  қышқылы  арқылы  зақымдалған  қожайын 

жасушасында көбейеді.

Қожайынның  көбею  үрдісі  кезінде  (тозаңмен,  ұрықпен),  табиғи 

факторлар  (жаңбыр,  жел,  құстар)  арқылы  таралуы.  Адамдар  өсімдіктер 

вирусын зақымдалған отырғызылатын материалды (вегетативті бұтақ, ұрық) 

және де вируспен зақымдалған топырақты қолдану барысында вирустарды 

таратады. Алайда фитопатогенді вирустардың негізгі тасымалдаушылары 

болып, олардың аралық иелері (жәндіктер, кенелер, ниматодтар, фитопатогенді 

саңырауқұлақ) болып табылады. Вирустардың  қожайын  ағзасына  кіріп 

зақымдауы, әр биологиялық түрлерде әр түрлі. Мысалы, өсімдік вирусы 

қожайын ағзасына инфекциялық жаралау түрі бойынша еніп, плазмодесма, 

ксилема  және  флоэма  арқылы  таралады.  Вирус  плазмодесма  арқылы 

жасушадан жасушаға күніне шамамен 1мм жылдамдықпен таралады, кейде 

одан да ақырын. Ал вирус өткізгіш ұлпаларына  түскенде өсімдікте 2,5см 

минутына  жылдамдықпен  жылжуы  мүмкін.  Осыған  орай  өсімдіктердің 

вирустық инфекциясы жергілікті немесе жүйелі болады [4]. 

Вирустардың  биологиялық  түр  болып  сақталып  қалуын  оған 

қожайынының  сезімталдылық  қабілеттілігі  қамтамасыз  етеді.  Әр  түрлі 

вирустарда  қожайын  спектрі  әрқалай  болып  өзгеріп  отырады.  Кейбір 

вирустарда  қожайынды  таңдауда  кең  топ  бар,  ал  кейбіреуі  тек  бір  түр 

қожайынның  белгілі  бір  жасушасын  зақымдай  алады.  Зақымдайтын 

қожайындарының  көп  болуы  түрмен  шектелуі  мүмкін  немесе  жоғары 

қатардағы  таксономиялық  категориямен  анықталады.  Әсіресе,  көп 

қожайындарды зақымдау қабілетіне өсімдік вирустары ие. Мысалы, темекінің 

мозайкалы вирусы өсімдікті де, және өзінің тасымалдаушысы –жәндікті де 

зақымдайды.

Тәртіпке сай, вируспен зақымдалған өсімдікте теңбілділік, дақтылық, 

жапырақтарының  жолақтылығы,  оның  иректелуі,  өсуінде  артта  қалуы 

(ергежейлік), ұрықсыздық (асперсия) байқалады. Вирустардың көбеюі көп 

жағдайда, жасуша лизисіне ұшыратып, өсімдік өліміне соқтырады [5].   

Ауру белгілерінің көрінуі қоздырушыға, өсімдік генотипіне, климаттық 

және басқа факторларға байланысты болуына қарамастан, өсімдік вирусының 

ауруын диагностикалау үшін, бірінші әдіс өсімдіктің сыртқы белгілеріне 

қарап жасалынады. Пайда болған симптомдарына қарай біз өсімдіктің қандай 

деңгейде  ауруға шалдыққанына болжам жасай аламыз. 

Өсімдік  вирустары  әр  түрлі  аурулар  тудырып,  табиғатта  кеңінен 

таралған. Вируспен зақымдалған өсімдіктер шығыны ауыл шаруашылығына 

өте  үлкен  зардап  келтіруде.  Алғаш  ашылған  вирустардың  бірі,  темекі 

теңбіл вирусы (табамовирус) тек темекіні зардапқа ұшыратпай, сонымен 

қатар қызанақтарды, бұрыш және бақша дақылдарының жемістерінің ішкі 

некрозының себебі болып отыр [6]. Оның вирустық белгілеріне: мозайкалығы, 

сарғыштығы,  күлбіреуі,  ергежейлігі,  сақина  дақтылығы,  жергілікті 

зақымдалуы тән (Cурет 1).

 

1 сурет – Темекі теңбіл вирусы. 1-қызанақ жапырағы; 2-қызанақ 



жемісі; 3-темекі жапырағы.

Ал келесі тоқталып кететін вирус ол, TSWV (Tomatto spotted wilt vi-



rus)  алғашқыда  сұр  бөліктер  пайда  болып,  сосын  некротизация  болады. 

Жапырақтар  сарғайып,  жолақтылық,  жапырақ  және  гүл  деформациясы 

байқалады.  Вирус  көптеген  өсімдік-қожайындарын  (қызанақ,  темекі, 

гүлді өсімдіктер) зақымдай алады. Сонымен қатар, Tombusvirus туысына 



жататын  Cucumber necrosis virus (CNV) вирусының симптомдары ол: 

некротикалық дақтардың пайда болуы, жапырағының деформациялануымен 

белгілі (Сурет 2).

2 сурет – CNV вирусымен зақымдалған вирус жапырағы






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет