Химия № Атом молекулалық ілімінің пайда болуы және дамуы туралы жазыңыз. М. В. Ломонсовтың, Дальтонның жұмыстарынан мысалдар жазыңыз



бет2/19
Дата26.12.2023
өлшемі24,01 Mb.
#143981
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Химиялық эквивалент — химиялық элементтің 1 (дәлірек 1,008) салмақ бөлік сутекпен (немесе 8 салмақ бөлік оттекпен) қосылыса алатын немесе қосылыстарда 1 салмақ бөлік сутек (8 салмақ бөлік оттек) орнын баса алатын салмақ мөлшері. Химиялық эквивалент элементтер өзара белгілі салмақ қатынастарында әрекеттесе алатындығын анықтайды (қ. Эквиваленттік заң). Химиялық эквивалент сан жөнінде элементтің атомдық салмағының белгілі қосылыстағы валенттілігі қатынасына тең.
Мысалы, темірдің шала тотығында (ҒеО) темірдің (Ғе) химиялық эквивалент 1/255,85=27,92 салмақ бөлікке, ал тотығында (Ғе2О3) ол 1/355,85=18,62 салмақ бөлікке тең
Сутегін ығыстыру әдісі- Сутекті судан, қышқылдан ығыстыра алатын металдардың эквивалентінің массасын эксперимент арқылы табады
Аналитикалық әдіс- эквиваленті белгісіз затты эквиваленті белгілі затпен түзілген қосылысына анализ жасаймыз, содан кейін эквиваленттер заңы бойынша есептейміз

3Химияның негізгі заңдары. Масса сақталу және энергия сақталу заңын жазыңыз. Құрам тұрақтылық заңын жазыңыз. Көлем қатынас заңын жазыңыз.




Зат массасының сақталу заңы, энергияның сақталу заңы.
Бұл заңды 1748 жылы М.В. Ломоносов ұсынды: «Химиялық реакцияға қатысатын заттардың массасы реакция нәтижесінде түзілетін заттардың массасына тең болады». Бұл заңның мәнін былай түсіндіруге болады: реакцияға қатысқан заттардың құрамында қандай атомдар қанша мөлшерде болса, реакция нәтижесінде түзілген заттардың құрамында да сондай атомдар сол мөлшерде болады. Реакция кезінде атомдар массасы өзгермейтін болғандықтан заттардың массасы да тұрақта болады.
А. Эйнштейін ұсынған Е=mc 2 теңдеуін негіздей отырып Лотар Мейер бұл заңды энергетикалық құбылыстарда қолданды. «Энергия жоқтан пайда болмайды және жоққа айналмайды. Тек энергия бір түрден екінші түрге айналады. М.В. Ломоносов ұсынған заң Л.Мейер толықтырғаннан кейін табиғаттың негізгі заңы деп аталды. Табиғаттың негізгі заңы «Табиғатта болатын барлық өзгерістердің мәні – бір денеден қанша кемісе, екінші денеге сонша қосылады, мысалы: егер бір жерде бірнеше материя кемісе онда басқа жерде қосылады».




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет