Химия № Атом молекулалық ілімінің пайда болуы және дамуы туралы жазыңыз. М. В. Ломонсовтың, Дальтонның жұмыстарынан мысалдар жазыңыз



бет8/19
Дата26.12.2023
өлшемі24,01 Mb.
#143981
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19
Атом радиусы — молекулалар мен кристалдардағы атомаралық (ядроаралық) қашықтықты жуықтап анықтау үшін қолданылатын сипаттама. Атомдардың белгілі бір анық шекарасы болмайды. Атом ядросы период бойынша оңнан солға қарай, ал топ бойынша жоғарыдан төмен қарай артады. Атомның мөлшері оның электрондық қабықшаларының шекарасы бойынша анықталады. Оның үстіне кванттық механиканың негізгі қағидалары бойынша ядродан белгілі бір қашықтықтағы электронды табу ықтималдығы осы қашықтықтың артуына сай күрт азаяды.
Иондану энергиясы - бұл қозбаған күйдегі атомнан электронды жұлып алу үшін қажет етілетін энергия мөлшері. Атомның иондану энергиясы килоджоульдің мольге (кДж/моль) немесе электровольттің мольге эВ/моль қатынасы арқылы өлшенеді. Иондану энергиясы латын I әрпімен белгіленеді. Иондану энергиясы период бойынша солдан оңға қарай, ал топ бойынша төменнен жоғары қарай артады. Көп атомы бар электрондар үшін бірінші электронды жұлуға жұмсалатын, екінші, үшінші т.б. электрондарды жұлуға әртүрлі энергия мөлшері жұмсалады. Иондану энергиясы - бейтарап атом күйінен электрон беру немесе қосып алуға кеткен энергия. Қосып алу энергиясы беріп жібері энергиясына қарағанда үлкен болады.Иондану энергиясы атомның электрондық конфигурациясына байланысты. Мысалға, аяқталған электрондық деңгейлер жоғары тұрақтылық көрсетеді, сәйкесінше иондану энергиясы, толмаған деңгеймен (жұптаспаған электронмен) салыстырғанда жоғары болады. Электрондық конфигурация период бойынша өзгереді, дәлірек айтқанда период бойынша иондану энергиясы өседі.
Электрон тартқыштық (E) − атом электрон қосып алғанда бөлінетін энергия. Бұл кезде атом теріс зарядты ионға айналады. Электрон тартқыштық период бойынша солдан оңға қарай артады. Топта жоғарыдан төмен қарай азаяды.
Электртерістілік – элемент аотмынан электрон тарту қабілеті. Яғни,элементтің сыртқы электрон қабатын толықтыруға ұмтылысын сипаттайтын шаманы айтады. Заттардың формулаларын жазғанда электртерістілігі төмен элемент алдымен, ал электртерістілігі жоғары элемент соңынан жазылады. Химиялық байланыстың түзілуі мен оның қасиеттері әрекеттесуші элементтердің атомдарының құрылысына тәуелді болады. Электртерістілік период бойынша солдан оңға қарай, ал топ бойынша төменнен жоғары қарай артады.
Егер байланыс түзуші элементтердің элекртерістілігі бірдей болса, ковалентті полюссіз байланыс түзеді.
Байланыс түзуші элементтердің электртерістіліктерінің айырмашылығы аз болса, ковалентті полюсті байланыс түзіледі.Бейметалдардың электртерістілігі жоғары болса (аниондар), металдардың электртерістілігі төмен болады (катиондар).
14)Элементтердің химиялық қасиеттерінің олардың периодтық жүйедегі орнымен байланысын топтастырыңыз. Электрон тартқыштық және электртерістілік ұғымдарын тұжырымдаңыз. Атом радиусы, иондану энергиясы ұғымдарын суреттеңіз.
Элементтердің атомдарының әртүрлі қасиеттері олардың электрондық
құрылысымен байланысты. Бұл қасиеттер периодтар бойынша белгілі бір
заңдылықтарға сәйкес ӛзгереді. Мысалы иондану энергиясы. Иондану
энергиясы (І) дегеніміз атомнан электронды алу үшін жұмсалатын энергия
Э0+І = Э+ e
Өлшем бірлігі кДЖ/моль немесе эВ/атом. Иондану энергиясы иондану
потенциалына тең, тек қана иондану потенциалы вольтпен ӛлшенеді (B). Кӛп
электронды атомдар үшін иондану энергиясы І1, І2, І3 деп белгіленеді. І1-
бірінші электронды, І2-2-ші электронды, І3- 3-ші электронды алғандағы
жұмсалатын энергия: І1 < І2 < І3 . Иондану энергиясы неғұрлым үлкен болса,
электрон соғұрлым қиын алынады.
І топтың S элементтерінде І1- мәні аз болады (Lі,Na, K)-электрондарын
тез береді, өте активті металдар. І2 -бұл элементтер үшін жоғары. Реттік
нӛмір ӛскен сайын І1 периодты түрде әзгереді. Мысалы: І1 І топта өте аз
болса, VІІІ топта ӛте үлкен, бұл ядро зарядының ӛсуіне байланысты.
І топтан VІІІ топқа дейін І1 барлық топтарда ішкі периодтылықпен ӛседі.
Топтан топқа жылжыған сайын І1 бір өсіп, бір азайып отырады, осы
құбылысты ішкі периодтылық дейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет