Химия № Атом молекулалық ілімінің пайда болуы және дамуы туралы жазыңыз. М. В. Ломонсовтың, Дальтонның жұмыстарынан мысалдар жазыңыз


Атомның планетарлық моделінің сипаттамасы



бет6/19
Дата26.12.2023
өлшемі24,01 Mb.
#143981
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Атомның планетарлық моделінің сипаттамасы

Атомның қақ ортасында ядро бар, бұл ядроның өлшемі шағын әрі ядроның массасы зор. Ядроның айналасында электрондар айналып тұрады, Күнді планеталар айналып тұрғандай. Атомның моделі Күн жүйесіне ұқсас болғандықтан, планетарлық деп аталған. Бұл модельді былай схемада көрсетуге болады Планетарлық моделдің кемшіліктері Бұл модель бойынша электрон ядроны айналып, жарық шығаруы тиіс еді, себебі ядро мен электронның зарядтары бар. Және барлық кинетикалық энергиясын жарық шығаруға жұмсағаннан кейін, классикалық механика постулаттарына сәйкес, ядроға құлауы тиіс еді. Яғни атом ұзақ өмір сүре алмас еді. Ал бұл практикалық бақылауларға қайшы, себебі атомдар табиғатта ұзақ уақыт бойы тұрақты болады. Негізінен бұл модель тек алғашқы болжам ғана, кейінгі модельдер және кейін пайда болған кванттық механиканың принциптері бұл модельдің кемшіліктерің айқындады.


10. Атом құрылысының модельдері. Мозгли заңы мен Нильс Бор теориясын жазыңыз.
Мозгли заңы:
1912-13 жылдары электрон саны туралы Мозли жаңалық ашты, Мозли заңы «Рентген өрнектерінің белгілі бір толқын ұзындығының кері мәндерінің квадрат түбірі элементтердің периодтық системадағы рет нөміріне (Z) сызықты тәуелділікте болады» ��∞=()112−122
Бұл формулада: тербеліс жиілігі (толқын ұзындыгының кері мәні у = 1/2) Z- рет нөмірі, а,в.- тұрақты сандар 1920 жылы Чэдвик зерттеу жасап, элементтің рет нөмірі оның ядросының зарядына тең екенін дәлелделі. Электронның атомдағы жалпы саны ядро зарядына тең.
��∞=()112−122
Нильс Бор теориясы
1. Электрон ядроны айналғанда, кез келген емес, квант теориясынан шығатын кесімді шарттарға сай орбиталар бойымен ғана қозғалады. Ол орбиталар стационар немесе квантталған орбиталар деп аталады.
2. Электрон өзіне тиісті квантталған орбитамен айналғанда, энергия жұмсамайды.
3. Электрон бір орбитадан екінші орбитага көшкенде ғана энергия бөлінеді немесе сіңіріледі.

11Квант сандары - атомдағы электронның күйін анықтайтын шамалар. Бас (n), орбиталь (l), магниттік (m), кванттық сандар. Квантты сандардың физикалық мәні. Спиндік квандтық сан. Электронды бұлт және ұғымды өз бетіңізше жазыңыз.


• n- бас квант саны- орбитальдағы электронның энергиясын және орбитальдың көлемін көрсетеді, күрделі атомдарда электрон орналасқан қабаттың реттік нөмірін көрсетеді. n=1;2;3;4; - бүтін сандар. Квант қабаты K, L, M, N, O, P, Q деп белгіленеді.
l - орбиталь квант саны, электрон бұлтының пішінін сипаттайды l=0,1,2,3... n-1. l- дің бұл мәндеріне s, p, d, f деп белгіленетін орбитальдар сәйкес. s - шар тәріздес, p - гантель; d - күрделі гантель
• m - магнит квант саны - бұл сан орбиталь квант санына тәуелді, бір пішіндес орбитальдардың жалпы санын және олардың кеңістікте орналасуын көрсетеді.
m = - l ? +l m - атом орбитальдарының қай жаққа бейімделіп созылуының бағытын білдіреді, сондықтан (+) немесе (-) белгісі болады. Бұл үш квантсаны Шредингер теңдеуінен шықты. Ал кейін спектрдегі сызық өте күшті магнит өрісінде екіге жіктелетіні анықталды. Бұл құбылыс электронның төртінші квант саны s- пен сипатталатын жағдайын көрсетті.
• s- спин квант саны- мәні + 1/2 және -1/2; Электронның осінің айналасындағы қозғалысын сипаттайды. Квант сандары квант қабаттарындағы электрондардың санын және ықтималды орындарын сипаттайды.
• Төртінші квант қабатында n=4; l= 0, 1, 2, 3. Ал магниттік кванттық санның мәндері 0; ? 1; ? 2; ? 3; демек орбитальдар , 4f деп аталады. 4S, 4P, 4d орбитальдарында сәйкесінше 2, 6, 10 электрон, ал 4f орбиталында 14 электрон болады. Сонымен 4-ші кванттық қабаттағы электрондардың максимальды саны 2n2 формуласы бойынша 32-ге тең. Жалпы химия деңгейінде 4f деген орбитальдан әрі қарай қарастырылмайды. Сонымен квант қабаттарындағы электрондар саны 2n2 деген формуламен анықталады.
• S- орбитальда электрондардың мүмкін болатын максимальды саны 2-ге тең. 3р-орбитальда - 6 -ға тең. 5d - орбитальда - 10 - ға тең.
• Мысалы,
n =1 n =2 n =3
l =0 (S), 2-электрон l = 0, 1 (P), 6-электрон l = 0, 1, 2 (d) 10-электрон
m = 0 m = -1, 0, +1 m =-2, -1, 0, +1, + 2
S = +1/2, -1/2 S = +1/2, -1/2 S = +1/2, -1/2
Электрондық бұлт - атомдық орбитаға байланысты атом ядросының айналасындағы теріс заряд аймағы.

12 – сұрақ. Периодтық заң және Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі. Периодтық заңның жаңа анықтамасы. Периодтар, топтар, топшаларға анықтама беріп жазыңыз.


Периодтық заңды 1869 жылы Д.И. Менделеев ашты. Ол оның толық тұжырымдамасын 1871 жылы жариялады. Менделеевтің 1869 жылы жасаған еңбегі элементтердің периодтық жүйесі – Менделеевтің периодтық заңының графиктік бейнесі. Бұл заң элементтердің периодтық жүйесімен тығыз байланысты және бірін-бірі толықтырып, түсіндіреді. Ядроның заряды (Z) жүйедегі элементтердің атом нөміріне тең. Z өсуі бойынша орналасқан элементтер Z (Н, Нe, Lі, Be…) 7 период түзеді.
1-ші периодта – 2 элемент,
2 мен 3-те – 8-ден,
4 пен 5-те – 18-ден,
6-да – 32 элемент,
7-де – 23 элемент белгілі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет