Химия дидактикасы пәні бойынша химия мамандығы докторанттары үшін ДӘрістердің қысқаша курсы


Дәріс №8 Оқушылардың оқуының мотивациясы. Дәріс жоспары



бет14/25
Дата09.12.2022
өлшемі142,34 Kb.
#56138
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   25
Байланысты:
Химия дидактикасы кешен

Дәріс №8 Оқушылардың оқуының мотивациясы.


Дәріс жоспары:
1. Оқудың мотивтері туралы түсінік.
2. Мотивтерді топтап бөлу.
3. Танымдық қызығушылықтардың қалыптасуы

Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру проблемасын терең теориялық мазмұнсыз, оқыту процесіндегі дидактикалық белсенділік принціпінсіз, ҚР жалпы орта білім беруде қазіргі концептуалдық жолдарды есепке алмастан шешу мүмкін емес.


Оқушының танымдық белсенділігі педагогикалық құбылыс ретінде әр оқушының белсенді өмірлік позициясымен де тығыз байланысты. Оқушылардың белсенді өмірлік позициясы олардың қоршаған ортада, еңбекте адамға өмір сүру образының қалыптасуына байланысты және ол әрекеттің түрлі процесінде әсіресе рухани дамытатын оқыту процесінде қалыптасады.
Оқушының белсенді өмірлік позициясын қалыптастырудың нақты жолы мен танымдық белсенділігіне және тұлғаның әлеуметтік белсенділігі ретінде танылатын фактор оқыту процесіндегі белсенділік принципі. Соңғы жылдары педагогикалық теория мен практикада оқту процесінде белсенділік принципін іске асыру үшін көп жұмыс жасалуда. Жаңа білім беру пирамидасы бойынша оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру мына жағдайларда іске асырылады:

  • Оқушы оқу процесінде және дамудың белсенді субъектісіне айналады;

  • Оқу пәндерінің ғылыми деңгейін жоғарылату үшін мектепте білім жаңа мазмұны ойластырылып енгізіледі;

  • Жаңа ұрпақтың жалпы білім беретін мектепте арналған оқулықтары оқушылардың ойлау қабілетін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған. Бұл оқулықтарда құбылысты факт жүзінде емес, оның мазмұнын түсінетін деңгейде және ол оқушылардың белсенділігін дамытуға бағытталған;

  • Жаңа педагогикалық және ақпараттық психологияны оқыту процесінде қолдану оқушылардың оқу процесіндегі формасы мен әдісін күшейтуде белсендік танытуда. Дидактикалық ықпал етуде түрлі психологиялық ықпалдар әсер етті;

  • Оқушылардың дидактикалық жұмысында оқушының және жұмыс көлемі көбейеді, оқушылардың таным процесіндегі белсенділігін арттыруда және жұмыс мазмұны мен көлемі елеулі өзгеріске ұшырайды;

  • Психо-шығармашылық мазмұнындағы өзіндік жұмыс енгізіледі;

  • Оқытуда техникалық құралдар мен ақпараттық технологияны енгізу;

  • Оқытуды жекелендіру, мұның астарында оқушының оқу мүмкіндіктері есепке алынады;

  • Оқу процесіне ұжымдық шығармашылық енгізу.

Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру проблемасы Ресей дидактиктерінің өткен ғасырдың 70-80 жылдарынан бері қызықтырып келеді. Оқытудың белсенділік принципін іске асыруды оқымыстылар білім беру сапасының жоғарылағанымен шығармашылықтың дамуымен және жеке тұлғаның әлеуметтік белсенділігімен байланыстырады.
Оқымысты дидакттар белсенділік принціпін іске асыру үшін оған әр қырынан кіріседі. Ю.К. Бабанский, В.С.Ледиев, И.Я.Лернер, М.И.Махмутов және т.б. белсенділік принціпін арттыруды білім берудің мазмұнымен, оқыту әдістерімен, оған проблемалық тұрғыдан қараумен байланыстырады.
А.П.Карповтың пікірінше мектептегі оқушының танымдық іс-әрекеті –оны өмірге даярлаудағы қажетті кезең. Танымдық іс-әрекет құрылымы жағынан іс-әрекеттегі ұқсас, кез келген басқа солармен бірлікте болғанымен. Мектепте оқып жүрген жылдары жүйелі, үнемі оқып үйренудің қол үзген адамның санасы толыққанды бар мүүкіндігінше дамымайды, дүниені қабылдаудан халықтың құндылықтарын игердің құралақан қалады.
Г.Н.Щукина танымдық іс-әрекеттің субъектісі оқушы болуға тиісті деп есептейді. Олай болса әлеуметтік- педагогикалық негізі бар оқып-үйренудің де «қайнаған ортасында» оқушы, оның жеке басының тұлғасы, оның санасы, танылуға тиісті және танылу үстіндегі айнала қоршаған дүниеге қатынасы, таным процесіне қатынасы және танымдық іс әрекетке қатысушыларға –оқушыларға, оқып-үйрену сін ұйымдастырушы және бағыт беруші мұғалімдерге қатынасы, көзқарас болады. Мектеп қабырғасындағы оқытудың оқып-үйренудің ерекше миының өзі де осында. Әрі бұл оқып үйренудің әлеуметтік мақсатқа, оны мұғалімнің ұйымдастырумен бағыт беруіне тәуелділікте болатындығын және соған қарамастан өзінің субъективтік –тұлғалық негізін жоғалтпайтынын ұмытпауға тиіспіз.
Оқыту процесінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың педагогикалық шарттары.
Оқытудың мақсаты тек оқушыларға білім, білік, дағды берумен ғана емес, сонымен қатар олардың жеке қасиеттерін қалыптастыру. Осындай қасиеттердің бірі-танымдық қызығушылықты тұрақтандыруға бағытталған танымдық белсенділік, әрекет және ықылас арқылы білімді тиімді игеру болып табылады. Оқушылардың шығармашылық күштерінің, бейімділігін және қабілеттерін дамыту танымдық мағынасымен және қоғамдық маңыздылығы толтырылған, үздіксіз, жан-жақты әрекетті талап ететін күрделі жүйе. Бұл жүйеде маңызды орын танымдық қызығушылықтары беріледі.Танымдық қызығушылық барысында ықылас ерекше көрініс табады.
Танымдық ықылас жүйелі түрде бекітіліп және дамып, оқуға деген жағымды ынта негізін құрайды, оны біреулер «білімге деген құмарлық» деп қараса, басқалары «оқуға деген әуестік» деп топшылайды. Психолог мамандардың пікірінше, танымдық ықылас «ізденіс» сипатына ие болады. Оның әсерімен адамдар үнемі туындайтын сауалдарға жауаптарын өздері белсенді іздеп табады. Мұның барысында оқушының ізденістік әрекеті қызығушылықпен іске асырылып, оның эмоционалды көңіл-күйі көтеріліп, қуанышқа кенеледі.
Педагог және психологтардың арнайы зерттеулері айқындағандай, танымдық ықылас өзінің оңтайлы әсерін тек іс-әрекеттің жүйесіне және нәтижесіне тигізбей ғана, психикалық жүйелерге де әсер тигізеді: ойлау, қиялдау, есте сақтау, және танымдық ықылас ықпалымен ерекше белсенділік және бағыттылыққа ие болатын сезімдер. Танымдық ықылас-біз үшін оқушыларды оқытудың маңызды себебі. Оның ықпалы зор болып келеді. Танымдық ықылас ықпалымен, тіпті әлсіз оқушылардың да оқу жұмысы өте өнімді болады. Мұны Л.С.Славинаның зерттеулері дәлелдеген. Ол үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс атқаруда тек оқытушының тапсырмаларын орындауды талап ететін әдеттегідей оқу жағдайын, өзіне ойын немесе жарыс элементтерін енгізген жағдайға өзгертті. Мұның нәтижесінде оқытушыларды таң қалдырған құбылыс орын алды: үлгерімі төмен және жалқау оқушылар қалыптасқан жаңа оқу жағдайларының ықпалымен оқуға белсенділік, байқағыштық, түсінгіштік танытып, бұрын қиын болып көрінетін мәселелерді өздері шешетін дәрежеге жетті.
Танымдық ықылас ықпалымен, кез-келген оқу тапсырмаларын орындауда шығармашылық танытып, танымдық мәселені орындаудың тиімді, жаңа тәсілдерін іздейді. Олар оқытушыны сынып ішінде үнемі қолдап отырады: сабақтарда белсенділік танытады, күрделі қиын мәселелерді шешуге көмектеседі. Ал сыныптастарының ұжымы ішінде – білім алудың қосымша қайнары, қызықты және танымдық істердің бастаушылары болып табылады. Ықыласта интеллектуалдық жүйелер ерекше білдіріледі. Ықылас пәніне ұмтылыс сауал туғызады; оған жауап табу белсенді ойлау әрекетін білдіреді. Ықылас ықпалымен ой жылдам жұмыс атқарады. К.Д.Ушинский оқуға деген ықыласты «ойға толы ықылас» деп атайтын .
Танымдық ықылас оқушы тұлғасының бағалы тұрақты қасиеті ретінде қалыптастыру оқытушыдан жастан жасқа дейінгі қызығушылықтарының даму беталыстарын және оқушылардың жеке ұмтылыстары мен бейімділігін терең білуді талап етеді. Бірқатар зерттеулердің көрсетуінше, оқушылардың мүшелдік ерекшеліктерімен белгілі тәуелділікті болады. Бұл қызығушылықтың тұрақтылығы, мазмұнның тереңділігіне де байланысты болады.
Оқушылардың танымдық қызығушылығын қолдау және бекітудің психологиялық ынтасы жетістік болып табылады. Жетістікке жету барысында, оқушының жүзі қуанышпен, қанағаттанарлықпен ерекшеленеді. Жетістікке жету қуанышына бөленіп, оқушы басқа, одан да қиын істерді атқаруға дайын болады.
К.Д.Ушинскийдің пікірінше, кез-келген әрекетте, әсіресе, білім алуда-оқушыны жетістікке келтіретін шарттарды қамсыздандыру маңызды. Оқушылардың танымдық іс-әрекетінің жемісті өтуін қамсыздандыратын және осыған байланысты талаптар:
- оқушыларды жетістікке жетуіне ұмтылдыру;
- сынып және әр оқушының жетістіктерін жүйелі көрсету, жеткен нәтижелер туралы қорытынды беру;
- мүмкін болған қиындықтарды есепке алу және олардың алдын-алуды қарастыру;
- «оқушы өз күштеріне сеніп, жетістікке жету қуанышын сезіну» іс-әрекетін ұйымдастыру.
Танымға деген бағытты арттыра отырып оқушылардың танымдық қызметін белсендіру қажет. Проблемалық тапсырмаларды орындау барысында әрекет субъектісі үшін жаңа, пайдалы нәрсе қалыптасады. Бұл мәндегі әрбір проблемалық тапсырма шығармашылық болып табылады. Жаңа туралы сөз қозғағанда, субъект үшін жаңа нәрсені назарға аламыз және бұл «жаңаны» оқушы өзіндік іздену әрекетінің нәтижесінде өзі үшін ашуға және жасауға міндетті. Мұндай әрекеттің механизімін қарастырайық: оқушылар жаңа білім менгергені үшін жақсы баға алу арқылы бағытталған. Өзіндік жұмыс үрдісінде негізгімен қатар, жаңа материалды еске түсіруі тағы бір неше түрі қосылады: көзбен көру, дыбыстау есіту, жолдасымен талдау, қайталау.
Олай болса, төменгі сынып оқушыларының танымдық әрекетін белсендіру үшін, біздің ойымызша, білімді менгеру механизімінің өзгерісі қажет: жаңа білім оқушыға дайын үлгі түрінде берілмейді, оны олар өзіндік іздену әрекеті үрдісінде жасайды. Оқу тапсырмаларын логикалық және практикалық шешу үшін тиімді жағдай жасауда ескеретін оқушылардың танымдық әрекетін ұйымдастыру келесі негізгі шарттардан тұрады:

  • танымдық үрдістер мен жағдайлардың өзара әрекеті;

  • сабақтағы қондырма рөлі;

  • қабылдау мен бақылауды ұйымдастыру;

  • оқушылардың назарын аудару;

  • жадты дайындау;

  • заттарға не құбылыстарға тән белгілер, олардың бір-бірімен өзара байланыстары көрінетін логикалық ойлаудың негізгі формаларын-ұғымдарын қалыптастыру;

  • оқушылардың оқытылатын материал мәнін ұғынуын қадағалау;

  • оқушылардың ойлауын дамыту, оны белсендіру;

  • мықты білімге дағды мен икемге сүйене отырып елестетуге тәрбиелеу;

  • танымдық әрекеттерді ұйымдастыру кезеңін есепке алу.

1-кезең белсенді өзіндік шығармашылық жұмыс үшін жағдай жасау;
2-кезең аналитика-синтетикалық ойлау әрекетін ұйымдастыру, сондай-ақ осы негізде оқушылардың жаңа білімі мен интелектуалды мәселесін қалыптастыру;
3-кезең жаттығу арқылы бекіту, оқушылардың танымдық әрекетінің техникалық компоненттерін жасау мен автоматтандыру.
Оқушылардың төмендегі шарттар бойынша танымдық даму деңгейін анықтауға болады:

    • ойлау әрекетінің маңызды шарты ретінде белгілі білім қорының болуы;

    • тиімді танымдық жұмыс тәсілдерінің білім жүйесін қалыптастыру;

    • игерілген тәсілді жаңа тапсырмаға аудара білу жиыны;

    • анализ бен синтез тереңдігі мен толықтылығы;

    • ой сапасының дамушылығы;

    • жекеден жалпыға жылжу жылдамдығы;

    • ойлау үнемділігі;

    • интелектуалды белсенділік пен дербестік;

    • ойлау әрекетінің жалпылануы;

    • ойлаудың саналылығы;

    • ойлау әрекетінің нұсқалылығы;

    • ойлай әрекетінің тұрақтылығы;

    • ойлау дербестігі мен тараптардың көмегіне сүйену;

    • оқушыларда оқуға жақсы қатынастың, танымдық мүдденің, үйренуге қажеттіліктің қалыптасуы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет