Дәріс жоспары: 1. Педагогикалық технология туралы түсінік.
2. Педагогикалық технологияларды классифи кациялау.
3. Педагогикалық технологияларды қолдану әдістемесі.
Педагогикалық технологияның мәні мен мазмұны
Оқу бағдарламаларында барлық пән бойынша білім мазмұнының әзірше бірінші элементіне үлкен мән берілуде, яғни білімге. Қазіргі қоғамда жүріп жатқан әлеуметтік терең өзгерістер білім беруді дамытудың жаңа жолдарын, яғни педагогика ғылымының парадигмасы мен әдістемесін өзгертуді талап етеді. Бұрынғы әдетке айналған оқу үрдісінде мұғалімге басшылық рол берілсе, ал қазіргі оқу үрдісінде оқушы белсенділік көрсетуі тиіс, оны оқытпайды, ол өздігінен оқуы керек. Қоғамды гуманизациялау, оқытуды дифференсациялау арқылы оқушылардың өз таңдауына жол ашады. Ал мұғалімнің негізгі көңіл аударатын мәселесі - әрбір оқушының жеке қызығуы мен мүмкіндіктерін ашу. Оқушының іс-әрекеті көптеген мінез-құлық параметрлерімен (іс-әрекет сипаты, жеке интеллектуалды дамуы, сөйлеу мәдениеті, өз бетінше жұмыс істеуі, жауапкершілігі, өз еркімен ұсыныс тастауы т.б.) бағаланады. Әрбір оқушы басқа оқушымен салыстырылмайды, керісінше дамуына қарай өзімен-өзі салыстырылады. Оқушылардың өз нәтижелерін бағалай білуге үйренуі аса маңызды. Сонда баға оның жіберген қатесіне берілген жазалау емес, қайта жеткен жетістігіне берілген мадақтау, қызығуы мен қажетін көтермелеу құралына айналады.
Педагогикалық технологияларды топтастыру
Педагогикалық қарым-қатынасты ізгілендіру мен демократияландыру негізіндегі технологиялар. Оған Ш.А.Амонашвили, Е.И. Ильина әдістемелері жатады.
1. Оқушылардың іс-әрекетін белсендіру мен тиімділігін арттыру педагогикалық технологиялары. Оған ойын элементтері, проблемалық оқыту, тірек сызбалары, В.Ф.Шаталов және Е.И.Пассовтың коммуникативті әдістемелері кіреді.
2. Оқыту процесін басқару мен ұйымдастыру тиімділігін арттыратын педагогикалық технологиялар. Оған бағдарламалап оқыту, дифференциялдап оқыту (Н.К.Гузик, Ж.Қараев, т.б.) топты және ұжымдық оқыту, ақпараттық технологиялар мен т.б. жатады.
3. Оқу материалының дидактикалық құрылымын әдіснамалық тұрғыдан жетілдіретін әдістемелер. Мысалға дидактикалық біліктерді түрлендіру жөніндегі (Методика укрупления дидактических единиц-УДЕ) П.М.Эрдниев әдістемесі және т.б.
4.Табиғатқа сәйкестендіріп, Халық педагогикасы әдістемелері қолданылатын технологиялар. Мысалы, Л.Н.Толстой, Монтессори, Абайдың қара сөздерід.б.
5. Баламалы технологиялар, Мысалы Р. Штейнердің Вальдорф педагогикасы.
Кешенді технологиялар (Бұған көптеген авторлық мектептер кіреді) т.б.