Химия дидактикасы пәні бойынша химия мамандығы докторанттары үшін ДӘрістердің қысқаша курсы



бет25/25
Дата09.12.2022
өлшемі142,34 Kb.
#56138
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Байланысты:
Химия дидактикасы кешен

Дәріс №15 Химиялық білім берудегі – химиялық тілдің маңызы

Химия тілін химия ғылымының бір бөлігі деп қарайды. Әр ғылымның зерттейтін объектісі, зерттеу нәтижесінде алынған білім жүйесі, оны тіркеп, заттандырытын таңбалар жүйесі болады.


Әдетте, тар мағынадағы түсініп осы үшеуінің ішінде білім жүйесін ғана ғылымға жатқызады, солай екені рас. Білім-сананың қызметі, ол бақыланатын, зерттелетін объектіге айналу үшін тіл арқылы берілуі керек. Сонымен, химиялық тіл дегеніміз- химиялық білімді тіркейтін, сақтайтын, бірден-бірге жеткізетін арнайы таңбалар жүйесі.
Химия тілінің бір-бірімен тығыз байланысты үш бөлігі бар. Химиялық тілдің бірінші бөлігі-ғылыми терминологиясы, жеке терминдер мен терминдер жүйесінен тұрады. Химиялық терминдер-ғылыми ұғымдардың атаулары. Химиялық элемент, атом, зат және химиялық реакция ұғымдары анықталғаннан кейін ғана химия ғылым ретінде қалыптасты. Химияның ғылыми ұғымдары молайған сайын оларды бейнелейтін терминдер жүйесі байып, толыса түседі.
Химиялық тілдің екінші бөлігі-химиялық номенклатура, заттарды атаудың белгілі негізге сүйенетін арнайы жүйесі. Ол кәдімгі және жүйелілік, ұлттық және халықаралық номенклатура деп жіктеледі. Жүйелік және халықаралық номенклатура химиялық символикаға негізделеді.
Химиялық тілдің үшінші бөлігі- химиялық символика, химиялық таңба, формула және теңдеуден құралады.
Химиялық тіл-оқушыларға тәрбие берудің және оларды дамытудың ең тиімді құралы. Заттар мен құбылыстардың шарттастығын, олардың арасындағы себеп-салдар байланысын ашу, тікелей көзге түспейтін мәнін түсіндіру арқылы химиялық тіл оқушыларда ғылыми көзқарас қалыптастырады.
Химиялық тілдің оқыту құралдары жүйесіндегі атқаратын қызметі
Химияны оқыту құралдарының арасындағы байланыстарды шартты түрде сызбанұсқа арқылы көрсетуге болады.
Тіл-қисындық құралдарға құрылым формулалары, терминдер, символдар және номенклатуралық атаулардың қатысуымен жасалған құрылым-қисындық сызбанұсқалар жатады. Химияның бағдарламалары, оқулықтары, оқу құралдары, мұғалімдер мен оқушыларға арналған басқа кітаптар ғылыми тіл арқылы жазылған.
Ғылымның тілдік құралдары пайдаланылғанымен оқулық тілінің өзіндік ерекшеліктері бар. Химия оқулығының текстері және кейбір текстен тыс бөліктерінің тілі: а) табиғи тілдің сөздерінен; ә) ғылымаралық терминдермен таңбалардан; б) химиялық терминдерден; в) номенклатуралық атаулардан-номендерден; д) символдар жүйесінен тұрады. Бұлардың алғашқы төртеуі сөйлем және текст құруға қатысады, заттар мен химиялық құбылыстар туралы білімді тасмалдаушы қызметін атқарады.
Химиялық эксперимент өзінің оқу-тәрьиелік міндеттерін сөзбен ұштастыру арқылы ғана ойдағыдай атқарады. Көрнекі көрсетілетін тәжірибелерді қойғанда берілетін нұсқау-тапсырма; 1) тәжірибенің мақсаты; 2) тәжірибеге қандай заттар алынады, олардың қасиеттері; 3) құралдың құрылысы және жеке бөліктерінің қызметі; 4) ескерілетін сақтық шаралары; 5) байқалатын құбылыстар, олардың мәні; 6) байқалған құбылыстарды түсіндіру; 7) рекация теңдеуін жазу және қорытынды жасау ғылыми тіл арқылы жүзеге асады.
Жаратылыстану пәндерін, солардың ішінде химияны оқыту барысында оқушылардың логикалық ойлауын дамыту сөйлеу білуге негізделеді.Сөйлеу заттар және олардың сан алуан өзгерістерінің арасындағы семантикалық байланыстарды ашуға бағытталады.Химия сабақтарындағы және сыныптан тыс жұмыстардағы оқушылардың сөйлеуі ұлттық тілдің сөздері арқылы байланысқан химия тілі арқылы жүзеге асады, сөйлеу мәдениетінің жалпы заңдылықтарына бағынады. Оқушылардың тіліне де тазалық, дәлдік, орындылық, түсініктілік және қисындылық талаптары қойылады.
Сөйлеу дегеніміз-адамдардың тіл арқылы жүзеге асатын тарихи қалыптасқан қатынасы.
Химия-заттардың сан алуан сапалық өзгерістерін зерделейтін жаратылыста-ну ғылымдарының бірі. Тіл- дыбыстан немесе әріптен тұратын материя. Химияның зерттейтін объектісі – зат та-материяның нақты бір түрі.
Химиялық білім мен тіл – химиялық дүниетанымның жемісі.
Химиялық тіл дегеніміз – химияның ғылыми білімін тіркейтін, сақтайтын, ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін таңбалар жүйесі. Ол-ғылыми жасанды тілдердің бірі.Оның жасандылығы, табиғи тілден түбірлі айырмашылығы символикасынан айқын көрінеді. Орта мектептегі химияның мазмұны тіл арқылы баяндалып, оқыту құралдары мен әдістері тілге негізделгендіктен , пәнді оқыту барысында мұғалым мен оқушы еңбегінің үйлесуын тіл мен сөйлеу арқылы қатыныста көрсетуге болады.
Химия пәні мұғалімінің сөйлеуі оқушыларға химиядан білім мен тәрбие беру, ұлттық тілдің сөз қорын және химияның ғылыми тілін пайдалану арқылы жүзеге асады.
Заттардың тарихи қалыптасқан атаулары ғана ұлт тілінің сөз құрамына еніп, сөздіктерінде тіркеледі.Мысалы химиядағы сутегі оксиді- ұлттық тілімізде су, натрий хлориді- ас тұзы деп аталады.Бұлардан басқа тоғыз химиялық элементтің қазақша атаулары бар, олар:алтын, күміс, мыс, темір, мырыш, қорғасын қалайы, сынап және күкірт.
Химия тілінің ұлттық тілге ең жақын бөлігі- терминдер жүйесі. Әр ғылым ұғымдар жүйесінен тұрады. Ұғымдар жүйесі терминдер жүйесімен беріледі. Термин- ұғымның атауы.
Химиялық символика— химия тілінің маңызды бөлігі немесе халықаралық тіл, ұлттық тілден оқшау тұрады. Ең қарапайымы екі элементтен тұратын химиялық қосылыстардың атаулары, мысалы: H2O –су, сутегі оксиді NaCI – натрий хлориді.Жарты бетке дейін созылатын ұзыннан – ұзақ атаулары кездеседі.
Сонымен химиялық тіл символикадан, номенклатурадан және терминологиядан тұрады, сондай- ақ әр бөлігінің өзіндік мағынасы мен танымдық қызметі бар.
Осыған қарап химиялық тіл- химия пәні оқытылатын барлық мектептегі таным мен қатынастың құралы дейміз. Осы уақытқа дейін химия ғылымының тілі ұрпақтан-ұрпаққа оның тілі арқылы жеткізіліп келеді. Сол сияқты оқушылардың алған білімдері химиялық тіл арқылы бекітіледі, одан ары дамиды және түрлі жағдайда қолданылады.
Химия пәні сабақтарында оқушылардың сөйлеу мәдениетін жетілдіруге бағытталған жұмыстарды қалыптастыру ұдайы, үздіксіз жан- жақты ізденуді талап етеді.
Оқушыларды химиялық символдар мен терминдерді дұрыс пайдалана білуге үйрету- олардың тіл мәдениетін дамытып, химиядан ғылыми сауаттылығын арттырады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет