Қазіргі кезде оқыту процесін жоспарлаудың, қолданудың және бағалаудың жүйелі әдісі, адамдардын, техникалық ресурстарды білімді игеру жолында өзара тиімді әрекет етудің негізі ретінде жаңа педагогикалық технологиялар түрлері көбейе түсуде. Сондықтан осындай жаңартылған педагогикалық технологиялар ішінен өз қажетін таңдап алу — әр мұғалім үшін жауапты да іскерлікті қажет ететін іс. Оқыту бағдарламалары сызықтық, тармақты, адаптивті, құрама, блоктық және модульді болып бөлінеді.
1. Сызықтық — оқу материалдары блокпен беріліп, бақылау жұмыстарымен кезектестіріліп отырады.
2. Тармақтық — оқушылар дұрыс жауап бермеген жағдайда қосымша ақпарат көздерінен білім алып, жаңа бақылау жұмыстарын орындайды.
3. Адаптивті — өзінің меңгеру дәрежесіне қарай жаңа материалдың күрделілік дәрежесін өзі таңдап, сөздіктер мен анықтамаларды (техникалық құралдарды, компьютер, т.б.) қолдана алады.
Модульдік оқытудың технологиясы туралы түсінік Модульдік оқудың технологиясы оқытушыға педагогикалық жүйенің негізін түсінуге жағдай жасай отырып, оқытудың теориясы мен практикасын өзара байланыстыруға оны технологиялық деңгейге дейін көтеруге жағдай жасайды. Модульдік оқудың технологиясы мынандай компоненттерден: мотивтік-мақсаткерлік, маңыздылық, оперативтік-іс-әрекеттілік, бағалы-қорытындылық.
Ұсынылып отырған модульдер — бұл оқу ақпараттылығын программалық жүйесін сақтау больш табылады. Мұның логикалық көкейкестілігі оның структуралық-құрылымы, модульдің жалпы оқу процесін саналы меңгеруге тигізетін әсері – оқытудың әдістемелігі болып есептеледі.
Модульдық оқу процесінде - мақсаткерлік негізгі педагогикалық категория ретінде болашақ нәтиженің, іс-қимылдың, белгілі қызметтің қортындысы және реттеуші ретінде әсер етеді. З.В. Знак пен В.И.Бактинскийдің пікірлерінше - мақсаткерлік белгілі бір қызметтің немесе іс-қимылдың мазмұнын қалыптастырады. Модульдегі мақсаткерлік жеке түлғаның бағалы бағдарламасын сипаттайды және оның белгілі бір нәтижеге жетуін айқындайды. Р.Р. Бибрихтің дәлелдеуінше, жеке тұлғаның әрбір жаңа мақсаткерлігі — оның мотивациялық бағытын өзгерте отырып, өз алдына одан да күрделі жаңа күрделі мақсат қоюға, мүмкіндік жасайды - мұны іс-қимылдың көкейкестілігі дейді.
Сөйтіп, адамның саналы іс-қимылы белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған. Ал мақсаткерлікті анықтау, оған жету, сол ретте программа жасау, қажетті құралды таңдау — адам қызметінің оңтайлы қырымен саналады. Осының барлығының жиынтығы модульде - алгоритмдік мақсаткерлік болып есептеледі.