Химия факультеті


Сұйытылған ерітінділердің тұтқырлығы



бет18/33
Дата18.12.2023
өлшемі0,61 Mb.
#140654
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   33
7 Сұйытылған ерітінділердің тұтқырлығы. Салыстырмалы, сипаттамалаы және келтірілген тұтқырлық. . Ерітіндідегі полимер күйінің теңдеуі. Екінші вириальды коэффициент. Сұйытылған ерітінділердің тұтқырлығы. Вискозиметрия Марк-Хун-хаувинг теңдеуі және К,  коэффициенттері.


Полиэлектролиттер. Зарядтардың макромолекуланың конформациясына әсері. Полиэлектролит ерітіндісінің қасиеттері. Иондалатын макромолекулалардың химиялық және физика-химиялық қасиеттерінің ерекшеліктері (полиқышқылдар, полинегіздер және олардың тұздары). Полиэлектролиттердің гидродинамикалық қасиеттері. Иондық тепе-теңдік. Амфотерлік полиэлектролиттер. Полимерлердің концентрленген ерітінділері, полимерлі гидрогельдер. Зарядталған тізбектердің қарсы иондармен әрекеттесуі. Торлардың коллапсы. Полиэлектролит ерітінділерінің қасиеттері. Полиэлектролиттердің тұтқырлық қасиеттерін зерттегендегі заряд әсері.
8 Заттың сұйықкристалды күйінің ерекшеліктері. Заттың сұйықкристалды күйінің ерекшеліктері. Сұйықкристалды жүйелерге температура мен өрістердің әсері. Заттың сұйық күйдегі табиғаты сұйық пен кристалдың арсындағы құрылымына ие. Сондықтан оны мезокүй деп атайды. Мезокүйдің бірнеше түрлері бар: позициялық реттелмеген немесе бағдарланып реттелген сұйықкристалдар. Анизотропиялық қасиеттері төмен молекулалардан түзілетін платикалық кристалдар. Иілгіш тізбекті және органикалық циклі құрылымды макромолекулалардан түзілетін кондис кристалдар Сұйықкристалды полимерлердің тұтқырлығы және оларданалынатын берік талшықтар мен материалдар.


9 Полимерлі денелер. Кристалды полимерлер. Кристалды полимерлер және олардың физика-механикалық қасиеттері. Кристалдануға қажетті жағдайлар. Кристалды полимерлердің құрылымы және молекуладан жоғары құрылымдары: полимердегі кристалды түзілімдердің түрлері: кристаллит, фибрилла, радиалды сферолиттер, сақина тәріздес сферолиттер. Кристалды полимерлердің термомеханикалық қисықтары. Кристалдау кинетикасы. Табиғи каучуктың кристалдануының температураға тәуелділігі. Полимер балқымасы мен концентрленген ерітінділерден кристалдау. Кристалдаға тізбек иілгіштігінің әсері. Кристалды полимерлер. Кристалдау жағдайлары. полимерлі кристалдардың құрылымы.

Аморфты полимерлер. аморфты полимерлердің үш физикалық күйі. термомеханикалық қисықтар. Шыны тәрізді, жоғары эластикалық және тұтқыраққыш күй. Аморфты және кристалды полимерлердің молекуладан жоғары құрылымдары және физика-механикалық қасиеттері Аморфты полимерлердің молекуладан жоғары құрылымдары, үш физикалық күйі және термомеханикалық қисықтары. Аморфты полимерлердің жоғары эластикалық күйі. Аморфты полимерлердің үш физикалық күйі. Аморфты полимерлердің шынытәріздес күйі. Аморфты полимерлердің тұтқыр-аққыштық күйі. Ағу температурасы мен балқыманың тұтқырлығының молекулалық массадан тәуелділігі. Полимерлі шынылардың ерекшеліктері. Мәжбүрэластикалық және созылу изотермасы. Тұтқыр ағу режимінде полимерлерден бұйымдарды қалыптау.


Полимерлердің деформациялық қасиеттері. ориентация Полимерлердің беріктілігі. Полимерлі денеге сыртқы күштің әсері оның шамсына қарай қайтымды және қайтымсыз деформацияға неме полимерлі дененің ыдырауына әкеледі. Бағдарлану. Бірбағытта және екі бағытта бағдарлау өндірісте аморфты және кристал полимерлердің механикалық қасиеттерін жетілдіру үшін қолданылады. Бағдарлаудың бірнеше модельдері бар.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет