Жалғанған сополимерлену әдісі бойынша соққыға төзімді полистиролды алу
Реактивтер: 4% табиғи каучуктың толуолдағы ерітіндісі -12,5 мл
метилметакрилат -7 мл
азоизомайқышқылының динитрилі (ДАҚ) -0,007 г
этанол -50 мл
ацетон - 30 мл
бензол - 7 мл
бензин -40 мл
инертті газ (аргон немесе азот)
Құралдар мен жабдықтар:
электромеханикалы араластырғыш, су моншасы, ЛАТР,
кері тоңазытқыш, үш мойынды колба 150 мл, бір
мойынды колба 150 мл, екі Петри табақшасы.
Жұмысты жүргізу әдісі
үш түтікті колбаға 12,5 мл каучуктың толуолдағы 4%-ті ерітіндісі, 7 мл метилметакрилат құйылады және 7 мг ДАҚ салынады. Инертті газды жіберіп қоспаны 20 мин. аралығында араластырады. Содан соң су моншасында 1000С температурада 1,5 сағат қыздырылады. Реакция аяқталған соң инертті газды және араластырғышты тоқтатып, қоспа 30 мл этанолы бар стаканға аударылады. Түскен тұнба 10-15 минуттан кейін үстіндегі еріткіштен айырылтып, 10 мл этанолмен жуылады. Реакциялық қоспаны этанолға аздаған мөлшермен құйған жөн және араластыру қажет сол жағдайда түзілген гомополимерді оңай бөліп алуға болады. Егер полимер біртұтас бөлшек ретінде тұнбаға түссе, онда оны қайта толуолда ерітіп, екінші рет этанолға тұнбаға түсіреді.
Гомополимерді жалғанған полимерден айыру. Түзілген полимерге 30 мл ацетон құйып, колба кері тоңазытқышпен жабдықталып қайнағанша 20 мин аралықында қыздырылады, қалған қоспаға 15 мл бензол құйылып қыздырып ерітіледі. Содан соң Петри табақшасына 20 мл этанол құйып абайлап түзілген ерітіндінің жартысы құйылады, ал екінші жартысы 20 мл бензин құйылған Петри табақшасына құйылады. Көрінген өзгерістерді байқап, түзілген полимер бетіндегі еріткіштер буландырылады. Алынған полимерлердің физика-механикалық қасиеттері салыстырылады (эластикалық) .
Тапсырма:
Жалғанған сополимердің түзілу реакциясын жазу және оның механизмін түсіндіру.
Тұндырғыштың табиғатына байланысты сополимер макромолекуласының конформациясының өзгеруін көрсету.
Тұндырғыштың табиғатына байланысты сополимер үлгілерінің физика-механикалық қасиеттерінің айырмашылығын түсіндіру.
Достарыңызбен бөлісу: |