Химия факультеті


СӨЖ және СОӨЖ әр апта сайын ауызша және жазбаша және тесттік тапсырмалар түрінде жүргізіледі



бет15/33
Дата18.12.2023
өлшемі0,61 Mb.
#140654
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   33
СӨЖ және СОӨЖ әр апта сайын ауызша және жазбаша және тесттік тапсырмалар түрінде жүргізіледі.
11. Аралық бақылаудың және емтиханның түрлері: Аралық бақылаудың түрлері - рефераттар мен баяндамаларды ауызша қорғау, тесттік бақылау, коллоквиум. Емтихан –жазбаша.
12. Баға қою политикасы. Аралық бақылауға – 60% (7 апта – 30, 14 апта – 30); емтихан 40%.
13. Курстың политикасы. Сабаққа қатысу (себепсіз сабаққа қатыспауға болмайды). СОӨЖ, рефераттар мен ауызша баяндамаларды тапсыруға және лабораториялық жұмыстарды жасауға қатысқанда белсенділік көрсету және белгіленген уақытта тапсыру.


Емтихан сұрақтары

  1. Полимерлердің табиғаттағы орны және олардың өндірістік материал ретіндегі маңызы (пластмасс, каучуктер, талшықтар, қабыршықтар және жабқыштар).

  2. Жоғары молекулалық қосылыстар (ЖМҚ), полимер, олигомер, мономер түсініктері.

  3. Макромолекула, құрамдық қайталанатын буын. Полимерлену дәрежесі.

  4. Конфигурациялық негізгі буын. Этилендер мен диендердің стереореттелген полимерлері, макромолекулалардың құрылымдық түрлері.

  5. Полимерлердің полидисперстілігі. Молекулалық массалық таралу. Орташаланған (орташа) молекулалық масса (орташасандық, орташамассалық).

  6. Рациональді номенклатура.

  7. Реттелген сызықты полимерлердің жүйелі номенклатурасының принциптері.

  8. Полимердің шығу тегіне, алу әдісіне және химиялық құрылымына байланысты классификациялау.

  9. Негізгі тізбектің құрылымының өзгеруіне негізделген полимерлердің жалпы классификациясы.

  10. Макромолекулалардың үлкен көлемі мен тізбекті құрылымына негізделген ерекше қасиеттері.

  11. Макромолекулалардың конформациясы. Тізбектің ұзындығы және макромолекуланың инерция радиусы.

  12. Еркін-мүшеленген тізбек моделі. Термодинамикалық және кинетикалық иілгіштік. Иілгіштіктің сандық сипаттамалары. Статистикалық сегмент.

  13. Полимер-еріткіш фазалық диаграммалары. Дағдарыстық еру температуралары. Ерітіндідегі полимер күйінің теңдігі. Шектелмеген және шектелген еру.

  14. Ерітіндідегі полимер күйінің теңдеуі. Екінші вириальді коэффициент.

  15. Сұйытылған ерітінділер тұтқырлығы. Вискозиметрия.

  16. Полимерлерді препаративті және аналитикалық фракциялау.

  17. Полимерлердің орташа сандық молекулалық массасын анықтау әдістері: осмосметрия, креоскопия және эбулоскопия.

  18. Сәулешашырату – полимерлердің орташамассалық молекулалық массасын анықтау әдісі. Ультрацентрифугалау.

  19. Иондалатын макромолекулалардың (полиқышқылдар, полинегіздер мен олардың тұздарының) химиялық және физика-химиялық қасиеттерінің ерекшеліктері.

  20. Полиэлектролиттер ерітінділерінің гидродинамикалық қасиеттері.

  21. Амфотерлі полиэлектролиттер. Изоэлектрлік және изоиондық нүкте.

  22. Полимерлердің фазалық және физикалық күйлері.

  23. Аморфты полимерлердің үш физикалық күйлері.

  24. Аморфты полимерлердің молекуладан жоғары құрылымдары.

  25. Аморфты полимерлерді термомеханикалық зерттеу әдістері. Аморфты полимерлердің жоғары эластикалық күйлері. Жоғары эластикалық деформациялардың молекулалық механизмі.

  26. Полимерлердегі релаксациялық құбылыстар және гистерезис.

  27. Аморфты полимерлердің шыны тәрізді күйлері. Полимерлі шынылардың ерекшеліктері. Мәжбүр эластикалық күй және созылу изотермалары.

  28. Аморфты полимерлердің тұтқыраққыш күйлері. Тұтқыраққыштық механизмі.

  29. Кристалдануға қажетті жағдайлар. Кристалдану кинетикасы.

  30. Кристалдық полимерлердің құрылымы және молекуладан ірі құрылымдары. Кристалды және кристалданатын аморфты полимерлердің термомеханикалық қисықтары.

  31. Кристалды және аморфты полимерлердің бағытталған құрылымдары.

  32. Радикалды полимерлеу. Элементарлы сатылар: инициирлеу, тізбектің өсуі, тізбектің үзілуі және берілуі. Мономерлер мен радикалдардың белсенділігі.

  33. Ингибиторлар мен тежегіштер. Теломерлеу.

  34. Радикалды полимерлеудің кинетикасы, жоғары айналу дәрежесіндегі ерекшеліктері, «гель-эффектң құбылысы.

  35. Радикалды сополимерлеу. Сополимер құрамының теңдеуі, сополимерлеу константалары. Сополимер құрамының диаграммасы.

  36. Сополимерлеу константаларын анықтау әдістері және сополимерлердің конверсиялық әртектілігі.

  37. Полимерлеуді блокта, ерітіндіде, суспензияда және эмульсияда жүргізудің өндірістік әдістері.

  38. Ионды полимерлеудің жалпы заңдылықтары мен түрлері.

  39. Катионды полимерлеу. Мономерлердің сипаттамасы. Элементарлы стадиялары.

  40. Катионды полимерлеудің катализаторлары мен сокатализаторлары. Катионды полимерлеу кинетикасы. Температура мен ерітікіш табиғатының әсері.

  41. Анионды полимерлеу. Анионды полимерлеу катализаторлары. Инициирлеу, тізбектің өсуі және тежелуі.

  42. «Тірің тізбек механизмі, блок-сополимерлеу синтезі. Молекулалық массасы төмен полимерлер алу.

  43. Радикалды және ионды полимерлеудегі стереореттеу. Ионды-координациялық полимерлеу реакцияларындағы стереоспецификалық эффекттер.

  44. Циглер-Натта катализаторлары.

  45. Поликонленсация реакцияларының түрлері: гомо- және гетерополиконленсациялау, полиамидтер, полиэфирлер, полиуретандар және полиамидтерді синтездеу.

  46. Полифункциональды қосылыстардың реакцияларын бағыттау. Қайтымды поликонленсация.

  47. Поликонденсациялық тепе-теңдік және полимерлердің молекулалық массасы.

  48. Поликонденсациялауды балқымада, ерітіндіде және фаза шекарасында жүргізу. Қайтымсыз поликонденсация.

  49. Поликонденсациялаудағы деструкция реакциялары.

  50. Полимерлердің химиялық реакцияларының төмен молекулалы қосылыстардың реакцияларынан өзгешілігі. Тізбек эффекті, конфигурациялық, конформациялық және электростатикалық эффекттер әсері.

  51. Макромолекулалардың полимерлену дәрежесін өзгертпей жүретін химиялық реакциялар (полимераналогты немесе ішкімолекулалық өзгерулер).

  52. Полимергеұқсас өзгерулер және ішкі молекулалық реакция үлгілерін жаңа полимер алуға қолдану. Ион алмастырғыш полимерлер.

  53. Макромолекулалардың полимерлену дәрежесін жоғарылататын химиялық реакциялар. Молекулааралық реакциялар. Каучуктерді вулкандау.

  54. Блок- және тігілген сополимерлерді алу және олардың қасиеттері.

  55. Химиялық және физикалық әсер нәтижесінде полимер тізбегінің деструкциясы. Тізбекті немесе кездейсоқ деструкция механизмі.

  56. Термототығу және фотохимиялық деструкция. Полимерлерді тұрақтандыру принциптері.

Баға шкаласы ( %):



А
А-

95-100
90-94

өте жақсы

В

89-75

жақсы

С

74-60

қанағаттанарлық

D

59-50

қанағаттанарлық

F

49-0

қанағаттанарлық емес

Аралық бақылау

№ п/п

Сабақ және студенттің жұмысының түрі

Ұсынылғ. балл. саны

1.

Аудиторияда дәріс бойынша берілген тапсырмаларды меңгеру (тестік бақылау), СОӨЖ

6

3.

СӨЖ нәтижелері

14

4.

Аралық бақылау (коллоквиум)1 – 7 апта

5

5.

Аралық бақылау (коллоквиум) 8 – 14 неделя

5

6.

Лабораториялық жұмыстарды жасау және орындау

3*10=30




АБ бойынша қорытынды

60



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет