Химия факультеті


модуль Полимерлердің түзілу реакцияларының жалпы принциптері



бет3/33
Дата18.12.2023
өлшемі0,61 Mb.
#140654
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Байланысты:
УМК хим и физ полим каз2 курс

2 модуль Полимерлердің түзілу реакцияларының жалпы принциптері

11

2 модуль.1 блок

Макромолекула түзілуінің тізбекті процестері. Радикалды полимерлеу және сополимерлеу.



Тізбекті полимерлеу процестерінің классификациясы. Радикалды полимерлеудің механизмі мен кинетикасы. Тізбектің өсуі мен үзілуі. Тізбектің мономерге, инициаторға, еріткішке, полимерге, арнайы ендірілетін затқа (реттегіштер және т.б.) берілу реакциялары. Полимерлеу реакциясының жалпы жылдамдығы. Радикалды полимерлеудің кинетикасын зерттеу әдістері. Радикалды полимерлеу кинетикасына және және түзілген полимердің молекулалық массасына әртүрлі факторлардың әсері. Полимерлеудің орташасандық дәрежесі.



Еркін-радикалды полимерлеу реакцияларының инициаторлары. Инициаторлар түрлері және инициирлеу әдістері. Теломеризация. Радикалды полимерлеуді тежегіштер және ингибиторлар, әсер ету механизмі, индукциялық период. Полимерлеуді жүргізу әдістері: еріткіште балқымады, массада. Суспензиялық және эмульсиялық полимерлеу.



1

12

Радикалды сополимерлеу

Идеалды сополимерлеу түсінігі. Сополимерлер құрамының теңдеуі, мономерлердің салыстырмалы белсенділігі (сополимерлеу тұрақтылары). Сополимерлер құрамының бастапқы мономерлік қоспадан диаграммасы.



Сополимерлеу түрлері: идеалды, азеотропты, кезектескен. Сополимер құрамының конверсиямен өзгеруі. Радикалды сополимерлеудегі мономер активтілігіне әсер ететін факторлар: кернеу, стериялық қиындықтар, полярлы эффектілер. Полимерлеуді блокта, ерітіндіде, суспензияда, эмульсияда жүргізудің өндірістегі сипаттамалары. Сополимерлеу константаларын анықтау әдістері.

1

13

Иондық полимерлеу (катионды және анионды).

Иондық полимерлеудің жалпы заңдылықтары және ерекшеліктері. Катионды полимерлеу. Мономерлердің сипаттамалары. Элементарлы стадиялар: иницирлеу, тізбектің өсуі және тежелуі. Катионды полимерлеудің катализаторлары мен сокатализаторлары. Анионды полимерлеу. Анионды полимерлеудің катализаторлары. Иницирлеу, тізбектің өсуі және тежелуі. «тірің тізбек механизмі.

Иондық полимерлеудің радикалды полимерлеуден басты айырмашылықтары. Ионды полимерлеудің басты заңдылықтары және түрлері. Ионды-координациялық полимерлеудің. Циглер-Натта катализаторлары.

1

14

2 блок.
Макромолекулалардың түзілуінің сатылы процестері.

Поликонденсацияның басты заңдылықтары және механизмі. Тепе-тең және тепе-теңдіксіз поликонденсация. Бастапқы заттардың құрылымдарының поликонденсациялауға қабілеттілігіне әсері. Поликонденсациялау процесіндегі макромолекуланың өсуінің сатылары. Қоршаған ортаның полимердің физикалық құрылымына әсері.

Сатылы процестерде қолданылатын мономерлер және реакциялар. Полимерлерді алудың тізбекті және сатылы процестерінің айырмашылығы. Поликонденсацияны балқымада, ерітіндіде және фазалар шекарасында жүргізу. Негізгі технологиялық факторлардың әсері. Полиэфирлердің, полиамидтердің, полиуретандардың және полиимидтердің өндірісі.

1

15

3 блок.
Полимерлердің химиялық реакциялары.

Полимерлердің химиялық түрленуінің төменмолекулалық қосылыстардың реакцияларымен салыстырғандағы ерекшеліктері. Макромолекулалардың полимерлеу дәрежесін өзгеріске ұшыратпайтын химиялық реакциялар (полимерге ұқсас және ішкімолекулалық түрленулер). Макромолекулалардың реагенттер ретіндегі сипаттамалық ерекшеліктері. Тізбек эффекті, конфигурациялық, конформациялық және электростатикалық эффектілер. Концентрацияның және молекуладан жоғары құрылымдардың әсері. Макромолекулалардың полимерлеу дәрежесі өзгеретін химиялық реакциялар. Полимерлердің деструкциялау процестері. Полимерлерді тігу реакциялары.

Полимерлердің деструкциясының негізгі түрлері: физикалық және химиялық. Полимерлердің қатаю реакциялары. Қатаю сатылары. Қатаю процесінің инициаторлары мен катализаторлары. Реакцияғақабілетті олигомерлерден полимерлі бұйымдарды алу.

1



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет