Химия факультеті



бет5/33
Дата18.12.2023
өлшемі0,61 Mb.
#140654
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Байланысты:
УМК хим и физ полим каз2 курс

Коллоквиум сұрақтары:
№1 (7 апта)
Кіріспе. Негізгі түсініктер мен анықтамалар. Макромолекула, құрамдық қайталанатын буын. Полимерлеу дәрежесі, тізбектің ұзындығы. Жоғары молекулалық қосылыстар (ЖМҚ), полимер, олигомер, мономер. Сызықты, тармақталған және тігілген полимерлер. Гомополимерлер, сополимерлер. Макромолекулалардың техникада, өндірісте, медицинада, биология мен жоғары технологияларда қолданылуын анықтайтын олардың үлкен көлемдері мен тізбекті құрылымдарына негізделген полимерлердің физика-химиялық қасиеттерінің ерекшеліктері. Полимерлер ғылымы пәні және мақсаттары, оның басқа да фундаментальды ғылымдардың арасындағы орны. Қазақстан мен ТМД ғалымдарының полимерлер ғылымын дамытуда қосқан үлесері. Негізгі полимерлі материалдар өкілдері: пластмассалар (термопласты және термореактивті), эластомерлер (каучуктер, резиналар), талшықтар, қабыршықтар, полимерлі жабқыштар, желімдер, герметиктер. Полимерлі материалдар өндірісінің негізгі шикізаттары. Полимерлі материалдардың ерекше қасиеттері, қолданылу салалары, төмен молекулалық заттардың негізіндегі сәйкес материалдармен салыстырғандағы артықшылықтары.
Полимерлердің номенклатурасы мен классификациясы. Полимерлердің түзілу немесе шығу тегіне және химиялық құрылымына байланысты классификациясы бойынша полимерлерді классификациялау. Термопластар және реактопластар; пластмассалар, эластомерлер, эластопластар; пластиктер, талшықтар; Полимерлер номенклатурасының ерекшеліктері, негізгі мақсаттары. Рациональды номенкла-тураның артықшылықтары мен кемшіліктері. ИЮПАК жүйелі номенклатурасы.
Макромолекуланың конформациялық изомериясы және конформациясы. Макромолекулалардың конфигурациялық изомериясы. Стереореттелген полимерлер. Макромолекулалардың конформациялық изомериясы. Макромолекулалардың ішкі молекулалық айналуы және иілгіштігі. Тізбек ұштарының арақашықтықтары мен энергия радиусы – макромолекула көлемінің сипаттамалары. Еркін мүшеленген тізбек ұштарының (гаусс шумақтары) арақашықтықтарын тарату.
Термодинамикалық және кинетикалық иілгіштік. Макротізбектің иілгіштігіне әсер ететін факторлар. Идеал шумақтың орташа көлемдері мен тізбектің контурлық ұзындығы арасындағы байланыс. Статикалық сегмент ұғымы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет